Имам ғазали жүректің сырлары


Күлкі және киім-кешек туралы



Pdf көрінісі
бет171/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Күлкі және киім-кешек туралы 
Тәпсір ғалымдарының бірі: «Сонда сендер (өздеріңді мәңгілік бақытқа шақыратын) 
осынау сөзге таңданасыңдар ма?! (Қиянаттарың мен күнәларың үшін жылаудың 
орнына) үнемі күлесіңдер, еш жыламайсыңдар»
592
 
деген мағынадағы аяттар туралы: 
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл аят түскеннен кейін күлімсірегеннен артық күлген емес. 
Тіпті басқа бір риуаят бойынша, бұл аят түскеннен кейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
күлгенін де, күлімсірегенін де ешкім көрген емес», – деген. 
592
 
«Нәжім» сүресі, 59-60. 
Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні мешіттен шығып келе жатып күлкі 
аралас сөйлескен бірнеше кісіні көрді. Оларға сәлем бергеннен кейін: «Дүние рахатын 
бірталай жойған өлімді жиі-жиі еске алыңдар», – деді. 
Тағы бір күні мешіттен шығып, қаттырақ сөйлесіп жатқан бірнеше кісіге: «Жаным 
қолында болған Аллаға ант етейін, менің білгенімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар 
едіңдер», – деген. 


244 
Қызыр (а.с.) Мұса пайғамбармен қоштасатын уақытта Мұса (а.с.): «Маған 
насихатыңды айта кет», – деді. Қызыр (а.с.): «Ешқашан айқайлап сөйлеме, себепсіз бір 
қадам да баспа. Таңғаларлық жағдай болмаса күлме, басқаларды жіберген қателіктері 
үшін айыптама, кемшілікті өзіңнен ізде», – деп өсиеттеді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көп күлу жүректі өлтіреді», – деп айтқан. Тағы бір хадисте: 
«Жас кезінде көп күлген кісі қартайғанда жылайды. Бай болып тұрғанда күлген кісі 
жарлы болғанда жылайды. Тірі кезінде күлген кісі өлгенде жылайды», – деп айтылады. 
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Құран оқығанда жылаңдар. Егер жылай 
алмасаңдар, жыламсыраңдар». 
Хасан Басри «Сондықтан олар өз қолдарымен істеген (әрі амал дәптерлеріне 
жазылған) күнәлары үшін аз күліп, көп жыласын»
593
 
деген мағынадағы аят туралы: «Бұл 
дүниеде өмір сүріп жатқанда аз күліп, көп жыласын» деп түсіндірме берген. 
593
 
«Тәубе» сүресі, 82 
Хасан Басридің бұл жайлы айтылған тағы бірнеше нақыл сөздері бар: 
«Алдында тозақ тұрғанда күліп-ойнаған және алдында өлім тұрғанда ойнап-секірген 
кісілерге таңғалам». 
Хасан Басри күліп-ойнап жатқан бір жігітті көріп, «Балам, Сыраттан өттің бе?» – деп 
сұрайды. Ол «Жоқ», – дегенде, Хасан Басри: «Пейішке кірерің белгілі болды ма?» – 
деп сұрайды. Жігіт: «Жоқ», – деп жауап береді. Хасан Басри: «Олай болса неге рақат 
жүрсің?» – дейді. Содан кейін баяғы жігіттің күлгенін ешкім көрмепті. 
Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Күліп күнә жасаған кісі жылап тозаққа кіреді», – дейді. 
Алла Тағала бір аятта жылағандарды мақтау ретінде: «Сөйтіп, олар жылаған күйде 
тағы да сәждеге жығылады. Міне, Құран олардың Аллаға деген сый-құрметін 
осылайша арттыра түседі»
594
 
деп айтқан. 
594
 
«Исра» сүресі, 109. 
Аузаи: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкенді-кішілі бірде-бір сөзді де, істі де 
қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» 
– дейді»
595
деген мағынадағы аят туралы: «Кішкене күнә дегені – күлімсіреу, үлкен күнә 
дегені – қарқылдау», – деп айтады. 
595
 
«Кәһф» сүресі, 49 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні үш көз ғана жылайды. Олар: 
1) Алладан қорқып жылаған көз. 
2) Алла арам қылған нәрселерді қараудан сақтанған көз. 
3) Алла жолында ұйқысыз күзеттеген көз». 
Риуаятқа қарағанда мына үш нәрсе кісінің жүрегін қатайтады: 
1) Жөнсіз күлу. 
2) Қарын ашпай жатып тамақтану. 
3) Құрғақ бос сөз». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) шалбар, көйлек, шапан және басқа киімдерден тапқанын 
киді. Жасыл түстегі киімдерді жақсы көрді. Көп киімдері ақ түсте болды және «Ақты 
тірілерің киім ретінде киіңдер, өлгенде кебін қылып ораңдар», – деді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кездеме
596
 
киімі де бар еді. Ақ денесіне жасыл түс жақсы 
жарасты. Барлық киімдері қызыл асығына шейін түсіп тұрды. Көйлегі тізесіне шейін 
жетті. 
596
 
Барқыттың түгіне қарағанда біраз ұзынырақ, жұмсақ түгі бар жалтырақ түстегі киім. 
Қара киімі де бар еді, оны біреуге сыйлыққа берген. Жұбайы Үммі Сәләма: «Ата-анам 
садақа болсын, қара киімің қайда?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оны 
кисін деп біреуге бердім», – деді. Үммі Сәләма: «Ақ денеңе сол киімнен тағы 
жарасымдысын көрмеп едім», – деген. 


245 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) киім кигенде оң жағынан бастап, «Мені киіндірген, ұятты 
жерлерімді жабуға жараған және ел алдында сымбатты көрінуіме жағдай жасаған 
киімдерді нәсіп қылған Аллаға мақтау!» – деп дұға қылды. 
Киімді сол жағынан бастап шешті. Жаңа киім алса, ескісін бір жарлыға беріп: 
«Қайсыбір мұсылман Алла разылығы үшін ескі киімін бір жарлыға берсе, ол киім киіліп 
тұрған сәтте берген адам өлсе де, тірі болса да Алланың қорғауында, қауіпсіздігінде 
және жақсылығында болады», – деді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір шекпені бар еді. Қайда барса да оны екі қабаттап 
астына салды. Көпшілік сәтте шидің үстінде ұйықтады және астында одан басқа нәрсе 
болған емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет