САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КВАДРАТ ТЕҢДЕУ. ТОЛЫМСЫЗ КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕР Адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір жұмбақ нәрсе екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы – теңдеу. Математика – дүниенің формуласы. Г.Галилей Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Түрі: қайталау
Әдіс-тәсілі: СТО, есептер шығару
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі қағаздар, формула
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі «Теңдеу және түбір» жаттығуы Жүргізуші «түбір» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де
«квадрат теңдеу» деген кезде 3 оқушы, «толымсыз квадрат теңдеу» деген
кезде 2 оқушы жұптасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді.
Үй тапсырмасын сұрау
Блиц – сұрақтары
Қысқаша көбейту формулаларын ата
Квадрат түбір дегеніміз не?
Теріс емес а санының квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең в санын атайды.
Тарихи деректер (квадрат теңдеу құру) 1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды 16 желтоқсан 1991 жылы 16x2+12x+1991=0
2)Ұлттық теңгенің шыққан уақыты 15 қараша 1993 жылы 15x2+11x+1993=0
3)Қазақстан Республикасының Президенті қашан сайланды? 1 желтоқсан 1991 жылы x2+12x+1991=0
4)Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылдады? 4 шілде 1992 жылы 4x2+6x+1992=0 5)Қазақстан Респуликасының Конституциясы қашан қабылданды? 30 тамыз 1995 жылы 30x2+8x+1995=0 Логикалық тапсырма Бір шиді жылжытып теңдікті тура ет.
Жауабы:
1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2) Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4) Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
5) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6) 6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (Адам орындықта отыр)
Берілген мақалдағы сан есімді тауып, толымсыз квадрат теңдеу құрастыр 1)1 тал кессең, 10 тал ек. (х2+10х=0)
2)5 саусақ 1-дей емес (5x2+x=0)
3)1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді. (x2+1000x=0)
4)7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл. (7x2+7x=0)
Жауабы: 1)нақты
2)квадрат
3)парабола
4)келтірілген
5)гипербола
Рефлексия: 5 саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жазамыз.
Бағалау (тиын арқылы бағалау) Үйге тапсырма: №361, формула жаттау