233
Ибраһим ибн Адхам: «Уа, Жаратқан Алла! Маған нәсіп еткен (Өзіңді) сүю, Сені зікір
қылуға құмарлығым және ұлылығың туралы ой жүгіртудің жанында пейіш мен үшін
шіркейдің қанатындай да маңызы жоқ екенін білесің», – дейді.
Сирри айтады: «Алланы сүйген өмір сүреді, дүниені сүйген адасады. Ақылсыз пенде
мағынасыз таң атырып, күн кешіреді. Ақылды кісі өз кемшілігін іздейді».
Пенденің өз нәпсісін сұраққа алуы туралы Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер!
Аллаға шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар!
Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға
шын көңілден тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар!
Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»
565
деп айтқан.
565
«Хашыр» сүресі, 18-аят.
Бұл аят жасаған істерді бақылаудан өткізудің зәрулігін көрсетеді. Міне, сол себептен
әзірет Омар: «Есепке тартылудан бұрын өздеріңді өздерің сұраққа алыңдар. Жасаған
істерің таразыға тартылудан бұрын өздерің таразылаңдар», – деп айтқан.
Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған насихат айтыңыз», –
дейді. Пайғамбарымыз оған: «Сен шынымен де кеңес сұрап жатырсың ба?» – дейді.
Одан: «Бір іс жасайтын кезде нәтижесін жақсылап ойлан. Тура болса баста, жаңылыс
болса таста», – деп айтады.
Хадисте айтылғанына қарағанда, ақылды кісінің уақыты төртке бөлініп, бір бөлігінде
өзін-өзі сұраққа алуы керек.
Алла Тағала былай дейді: «Уа, мүміндер, (күнәларың үшін
өкініш білдіріп,) бәрің
бірауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа
жетесіңдер»
566
566
«Нұр» сүресі, 31.
Тәубе – бір күнә істі қылып қойғаннан кейін оған өкіну.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен күніне Аллаға жүз мәрте тәубе келтіремін», – деген.
Тағы бір аятта: «Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан
барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе
қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады»
567
деп айтылады.
567
«Ағраф» сүресі, 201.
Риуаятқа қарағанда Омар (р.а.) әр күні түнде өзінің аяғын қамшымен ұрғылап, «Бүгін
не қылдың?» – дейді екен.
Маймун ибн Махран: «Пенде бірге істескен серігімен есептескендей не одан да өткен
шеберлікпен өзін-өзі есепке тартпайынша тақуа бола алмайды. Серіктер әрбір істен
кейін есептеседі», – деп айтқан.
Әбу Талха үйінің бақшасында намаз оқып жатса, бір құс оның көңілін бөледі. Ғибадат
кезінде пұшайман қылған сол оқиға үшін кейін ол бақшаны мемлекеттің қазынасына
өткізіп беруі де үлкен шеберліктің мысалы болып саналады.
Риуаятқа қарағанда, ибн Сәламның отын көтеріп бара жатқанын көргендер «Уа, Әбу
Юсуф, бұл істі жасайтын бала-шағаң, кұлдарың бар емес пе!» – дейді.
Сонда ибн
Сәлам: «Сол ісіме тосқауыл болар ма екен деп нәпсімді сынағым келген», – деп жауап
береді.
Хасан Басри: «Мүмин – өз нәпсісін басқарып, оны Алла үшін сұраққа алған кісі. Бұл
дүниеде өзін сұраққа алатын кісілердің ақыреттегі сұрағы жеңіл болады. Нәпсісін
сұраққа алмай өмір өткізгендердің қиямет күні сұрағы да ауыр болады», – деген.
Хасан Басри сөзін одан ары жалғап, нәпсіні сұраққа
алу туралы төмендегілерді
айтады: «Мүмин нәпсісіне жаққан нәрсеге кенеттен ұшыраған кезде, ішінен «Құдай куә,
сен маған ұнап тұрсың, сен маған керексің. Бірақ сенімен менің ортамда тосқауыл бар»,
– деп айта алса, міне, сол нәрсе нәпсіні сұраққа алу болып саналады».
234
Кейде пенде бір нәрседе тым шектен шығып кетіп, ішінен «Неге бұлай жасадым
екен? Соған ешқандай себеп жоқ болды. Құдайақы, бұл істі екінші қайталамауға ант
берем» деп жіберген кемшілігіне өкінгенін білдіреді.
Әнәс ибн Мәлик былай деп айтады: «Бір күні әзірет Омар үйден шығысымен, мен де
оның артынан шықтым. Ол бір бақшаға кіріп кетті. Ортамызда дуал бар еді. Дуалдың
артынан оның «Уа, Хаттаб ұлы Омар, мүминдердің басшысы, не Алладан қорқасың,
не азапқа ұшырайсың», – деді».
«Өзін-өзі жазғырушы нәпсіге де серт»
568
деген мағынадағы аят туралы Хасан Басри
былай дейді: «Мүмин пенде сол сөзді неге айттым екен, сол тамақты неге жедім, сол
ішімдікті неге іштім екен!» деп әрдайым өзін кінәлап тұрады. Ал енді күнәһар кісі болса
өзін сынға алмай өмірін өткізеді».
568
«Қиямет» сүресі, 2.
Малик ибн Динар: «Сол кемшілікті жіберген сен емес пе едің?!» – деп өзін кінәлап,
содан соң Алланың Кітабының бұйрықтарына бас иіп, нәпсісін Алланың Кітабына сай
жөнге салған пендеге ұлы Жаратқан Өзі рақым қылсын! Нәпсіні кінәлау солай болады»,
– деген.
Маймун ибн Махран айтады: «Тақуа кісі өзін залым патша және сараң ортағынан да
қаттырақ есепке тартады».
Ибраһим Ат-Тайми: «Бір мәрте нәпсімді пейіште жүргендей көрдім. Пейіштегі
жемістерден жеп, дарияларынан ішіп, хор қыздармен ойнап жүріппін.
Тағы бір мәртесінде тозақта жүргендей болдым. Заққумнан жеп, ірің ішіп, шынжыр
кісендерді көтеріп жүріппін. Нәпсімнен «Ей, нәпсім, не қалайсың?» –
деп сұрасам,
«Дүниеге қайтып, жақсы істерді жасағым келеді», – деді. «Олай болса, аман-есен
дүниеде жүрсің. Мүмкіншілік қолыңда тұрғанда жақсы істерді жаса», – дедім» деп еске
алады.
Малик ибн Динар: «Хажжаж бір құтбасында: «Басқаның сұрағына қалмай тұрып өзін
сұраққа алған пендеге Алла рақым қылсын, жасаған істерін
ықтиятты жасаған кісіге
Алла рақым қылсын, өлшеп-тартқан нәрселеріне ықтиятты қараған пендеге Алла
рақым қылсын», – деді. Оның бұл қайталанған сөздері мені жылатты», – деп айтқан.
Ахнаф ибн Қайстың достарының бірі баяндайды: «Онымен бірге жүріп, түнгі
намаздарының көпшілігінде дұға қылғанына куә болдым.
Сондай-ақ ол шырақтың
жанына келіп саусағын күйгенге шейін отқа тосып, содан соң өзіне-өзі: «Ей, Ахнаф!
Пәленше күні пәлендей күнәні, түгенше күні түгендей күнәні неге жасадың?» – деді».
Достарыңызбен бөлісу: