230
Риуаятқа қарағанда бір кісі жеті мәселе туралы білу үшін жеті жүз
фарсах
557
қашықтықтағы данышпанға жолыққалы барады. Оған барып: «Алла саған
берген ілімнен пайдалану үшін келдім. Айтсаңыз:
557
Фарсах: 5км. Ұзындық шен өлшемі.
1) Аспаннан ауыр не?
2) Жерден кең не?
3) Теңізден бай не?
4) Оттан ыстық өртегіш не?
5) Аяздан салқын не?
6) Тастан қатты не?
7) Жетімнен өткен байғұс кім? – деп жеті сұрақ береді.
Данышпан оның сұрақтарына былай деп жауап береді:
1) Күнәсіз кісіге жабылған жала аспаннан да ауыр.
2) Ақиқат жер бетінен де кең.
3) Қанағатшыл кісінің жүрегі теңізден де бай.
4) Көреалмастық және қызғаныш оттан да ыстық.
5) Туған-туыс тарапынан қамтамасыз етілмеген мұқтаждық аяздан да салқын.
6) Кәпірдің жүрегі тастан да қатты.
7) Сөз тасушылығы әшкере болып қалған кісі жетімнен өткен байғұс.
Достарыңызбен бөлісу: