207
Исфаханидің айтуы бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) «Пайыз өсімінен артық ақша
жегендер қиямет күні Махшарға аяқтарын сүйреп, соққы жеген кісідей келеді» дегеннен
кейін «Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенелдік деп ойласа да, қиямет күні
қабірлерінен) бейне бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі»
506
деген аятты
оқыды.
506
«Бақара» сүресі, 275.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пайыз өсімін кәсіп қылып алғандар аяғында сөзсіз
жоқшылыққа ұрынады», – деп айтқан.
Тағы бір хадисте «Өсімқорлықтан табылған пайда қаншалық көбейсе де аяғында
азаяды»
507
деп айтқан.
507
Ибн Мажа, 2279; Хаким, 4/318.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Өсімқорлықтың пайызын жемеген кісі қалмаған уақыт та келеді.
Еш пайыз жемегенге де оның шаңы тиеді», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, менің
үмбетімнен кейбіреулер түнде сайран құрып, көңілді жатып, бірақ таңертең маймыл
және доңыз бейнесінде шығады. Оның себебі – арамды адал деп санап, әйелдерге
музыкалық аспаптарды шерттіріп, ішімдік ішуі, Пайыз өсімінен пайыз пайда жеуі және
жібек киім киюі», – деген.
Сол тақырыпта Ахмад ибн Ханбал мен Байхақидің риуаяттары төмендегіше: «Бұл
үмбеттің кейбіреулері жеп-ішіп, көңіл көтеріп жатып, таңертең маймыл не доңыз
бейнесінде тұрады. Сондай-ақ олардың кейбірінің басына жер жұтып кету және тас
жауу сияқты кесел-кесапаттар келеді. таңертең ел: «Пәленшелерді жер жұтты. Түнде
түгеншелердің үйі басына құлады», – деп айтады. Не Лұт қауымының кейбір руларына
тас жауғандай, олардың үстіне де тас жауды. Бұның себебі – ішімдік ішуі, әйелдерге
музыкалық аспаптарды шерттіру, өсімқорлықтың пайыз ақшасын жеу, туыстармен
қарым-қатынасты үзу». Тағы бір нәрсе бар екені айтылған, оны риуаят еткен адам
ұмытыпты.
Достарыңызбен бөлісу: