194
геморрагиялық қызба болды. Кешірек Краснодар және Ставрополь өлкелерінде,
Астрахань, Ростов облыстарында, Қазақстанда, Өзбекістанда, Түркменістанда,
Азербайджанда анықталған. 1956-69 ж. қызба ошақтары Болгария, Югославия, Венгрия,
Африка, Үндістан, Пакистан елдерінде тіркелген.
Қазақстанда ҚГҚ 1948 ж. бастап тіркелген. Сонғы 27 жыл аралығында Қазақстанда
503 науқас анықталған. Жамбыл облысында 266 науқас (52,8%), Оңтүстік Қазақстан
облысында – 118 (24,5%), Қызылорда облысында – 113 (22,5%) ресми түрде тіркелген.
Ауру спорадикалық түрде болған. Сырқаттанушылдық 100 мың. тұрғындарға шаққанда
0,02 - 0,07. Кей жылдары (1989,1995,1999, 2000, 2001) аурудың індет ретінде өршу
жағдайлары тіркелген. Сол жылдары 90, 48, 48, 40, 31 адам ауруға шалдыққан.
Жамбыл облысында ҚГҚ табиғи ошағы 1982 ж. анықталған. Табиғи ошақтың
территориясында Сарысу және Мойынқұм аудандарының 6 аймағы орналасқан.
Аурудың резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum кенелері болып
табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші 7,9%.
Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ауру 1948 ж. тіркелген. Ауру Оңтүстік
Қазақстан облысының 12 ауданында, Шымкент қаласында анықталған. Аурудың
резервуары және тасымалдаушысы Hyalomma anatolicum және Hyalomma detrium
кенелері болып табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 21,7%.
Қызылорда облысында алғаш рет ауру 1964 ж. тіркелген. Аурудың резервуары және
тасымалдаушысы Hyalomma asiaticum және Dermacenter marginatus
кенелері болып
табылды. Өлім-жітімділік көрсеткіші - 11,4%.
Науқастардың жасы 21-50 аралығында болған, жиі ер адамдар ауырған (73,3%),
олар малшарушылығында жұмыс істеген (70%). Трансмиссивті жолмен бірге ауру
кенелердің қаны теріге, шырышты қабаттарға түскенде берілген.
Атырау,
Алматы
облыстарында
науқастар
тіркелмеген,
бірақ
аурудың
тасымалдаушылары бар. Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан облысында вирустармен
инфицирленген кенелер анықталуда. Ресейде жыл сайын 300-500 науқас тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: