ҚГҚ жағдайын стандартты анықтау.
ҚГҚ күмәндану жағдайы:
Айқын улану көріністерімен, жоғары қызбамен және геморрагиялық синдромның
бір белгісімен сипатталатын жедел ауру:
-петехиальды бөртпе;
- қан құйулар;
- қан кетулер (қызыл иектен, мұрыннан, жатырдан, ас қорыту жолдарынан);
- тромбоцитопения (<100 000/л).
Ықтимал жағдай:
күмәндану жағдайға сәйкес және келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- 2 апта бұрын табиғи ошақта болуы
және
келесі эпидемиологиялық мәліметтердің біреуі:
-
кененің шағуы;
-
кенелермен және олардың қанымен контакт болуы;
- ҚГҚмен ауыратын науқастың қанымен контакт болуы;
- вирустың резервуары болып табылатын жануарлардың қанымен контакт болуы
және\немесе
Расталған ауру жағдайымен эпидемиологиялық байланыстың болуы
Дәлелденген жағдай
Келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- вирусты бөліп алу;
- «оң» нәтижелі ПТР;
- ИФА әдісімен IgM немесе IgG класына жататын антиделерді анықтау;
- патологоанатомиялық материалдан вирус антигенін иммуногистохимиялық
әдісімен анықтау.
Емдеуі.
Науқасты жеке бокста оқшалау керек. Науқастан зерттеуге қанды
вакутейнер арқылы алу керек. Медициналық қызметкерлер көзілдірік, перчатки, маска,
халат киіп жұмыс істеу тиісті. Этиотропты емі толық зерттелмеген. Вирусқа қарсы
рибавирин тиімді болуы мүмкін. Иммунды сарысу немесе гипериммунды
иммуноглобулин жақсы әсер көрсетеді.
Патогенетикалық емін интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен күресу
барысында жүргізіледі. Шокпен кұресу мақсатымен глюкокортикостероидтер енгізіледі.
Алдын алу шаралары
. ҚГҚ ошақтарында дератизация, дезинфекция шаралары,
кенелердің шағуынан сақтау жұмыстары жүргізіледі. Медицина мекемелерінде
гемоконтакты жолдың алдын алу шараларын жүзеге асыру керек. Эпидемиологиялық
көрсеткіштер бойынша вакцинация жүргізіледі, арнайы глобулин тағайындалады.
197
100> Достарыңызбен бөлісу: |