Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет280/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Алдын алу шаралары
. Стрептококты ошақтарды емдеу. Терінің бүтінділігін сақтау. 
Диспансерлеуге келесі науқастар кіреді: 
I топ – тілмемен жиі ауыратын, жылына үш реттен кем емес рецидивті ағымдағы 
науқастар; 
II топ – айқын маусымды рецидивті ағымдағы науқастар; 
III топ – стационардан шығарылған болжамы қолайсыз науқастар. 


258 
Науқастарды тіркегенде диспансерлік бақылау картасы толтырылады. Оған 
клиникалық және лабораториялық зерттеулер енгізіледі. 
I диспансерлік топ - (тұрақты диспансеризация) 3 айда 1 рет қаралу. Жыл бойы 
бициллин профилактика (бициллин-5, 1,5 млн. бірлік немесе ретарпен 2,4 г-нан, бұлшық 
етке). 1 жылдық 3 реттік ИИБЖ емі. Тұрақты ісінулер мен лимфостаз айқындалғанда 
қайтадан физиотерапиялық ем қолданылады. Кеш күз бен ерте көктемде қолданылатын 
жалпы тұрақтандырғыш терапия (витаминдер, тұрақтандырғыш адаптогенді препараттар – 
элеуторококк сығындысы, женьшень түбірінің тұнбасы). Созылмалы инфекцияның 
ошақтарын санациялау. 
Табан микоздарын, созылмалы тері ауруларымен қатар созылмалы кан тамырдың 
жетіспеушіліктерді тыңғылықты емдеу. 
II диспансерлік топ – (2-3 жыл диспансеризациялау). Жарты жылда 1 рет тексеру. 
Маусымдық бициллинотерапия (бициллин-5, ретарпен) және тілменің маусымдық 
рецидивтеріне дейінгі, егулер курсы 2 жылға дейін жалғастырылады, 2-3 аптада ИИБЖ 2 
курсы. Жалпы тұрақтандырғыш терапия ерте көктемде және кешкі күзде қолданылады. 
Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау. Қосарланған созылмалы ауруларды, 
әсіресе, аяқтың терілік және тамырлық ауруларын тыңғылықты емдеу. 
III диспансерлік топ – (аурумен ауырғаннан соң 6 ай ішінде диспансеризациялау). 
Аурумен ауырғаннан соң 1, 4, 6 айда тексеру, тілменің болжамы қолайсыз түрінің 
қалдықтарын физиотерапиялық емдеу. 1 айдан соң қайтадан ИИБЖ курсын қолдану. Осы 
бағдарламаны практикаға еңгізудің нәтижесінде тілменің рецидивті түрімен 
ауыратындардың жылдық санын төмендету және рецидивтердің арасындағы ремиссия 
кезеңдерін ұзарту болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет