Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



Pdf көрінісі
бет15/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

1.3. Дәрілік препараттар өндірісін нормалау 
Жеке операцияларды жүргізу ережелерін, сапа және шикізат 
материалдар шығынының нормаларын, дайын өнімге қойылатын талаптарды 
бекіту, тек қана жоғары сапалы препарат алуға ықпалын тигізбей, сонымен 
қатар, технологиялық ережелерді бұзу кезінде көбейетін материалдық 
шығынды төмендетеді. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау - 
дәрілік заттардың, қосымша заттардың және материалдардың сапасына, 
технологиялық процесс пен дәрілік препараттарға қойылатын талаптар 
жиыны болып табылады. 
Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау, негізінен, төрт 
бағытта жүргізіледі: 
1)
Дәрілік препараттар дайындауға рұқсат етілетін адамдар тобын шектеу 
(фармацевтік жұмысқа құқығы болуы тиіс); 
2)
Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау; 
3)
Дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданылатын дәрілік және 
қосымша заттар сапасының нормаларын белгілеу; 
4)
Дәрілік препараттар өндіру жағдайларын және технологиялық өндірістің 
процестерін нормалау. 
Дәрілік препараттарды дайындауға берілетін құқық. 
Дәрілік 
препараттарды дайындау тек қана фармацевтік орта және жоғары білімі бар 
мамандарға ғана рұқсат етіледі. Фармацевт-технолог рецептінің дұрыс 
жазылуын, безендірілуін, ингредиенттердің сыйымдылығын, улы және күшті 
әсер ететін заттардың жоғары реттік, жоғары тәуліктік дозаларын тексеруге 


21 
міндетті. Фармацевт-технолог фармацевтің көмекшісінің жұмысына 
жетекшілік жасайды, дәрілік препараттарды, дәріханаішілік дайындамаларды 
дайындау кезінде барлық технологиялық талаптардың орындалуын 
қадағалайды. Сонымен қатар, өндіріс бөлмелеріндегі санитарлық тәртіптің 
орындалуын бақылауға міндетті. Осыған байланысты, фармацевт-технологқа 
үлкен және жауапты міндеттер жүктеледі. Улану себебін тудыратын дәрілік 
препараттарды дайындау кезіндегі жіберілген қателіктер үшін фармацевт 
тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет