Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау



Pdf көрінісі
бет16/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дәрілік препараттар жазылымының құрамын нормалау. 
Дәрілік 
жазылымдар стандартты және стандартты емес болып екіге бөлінеді. 
Стандартты жазылымдар
белгілі бір дәрілік препарат емдік тиімділігін 
тексеріп болған соң жасалады. Стандартты жазылымдарды официналды және 
мануалды деп екіге бөледі. 
Официналды
(formulae offіcіnales – лат. 
шеберхана, лаборатория) жазылымдарды мемлекеттік және заң шығару 
органдары бекітеді. Официналды жазылымдар фармакопеялық мақалаларға 
және Уақытша Фармакопеялық мақалаларға енгізілген.
Мануалды 
(formulae 
manuales – лат. қол) жазылымдар фармакопеяда емес, дәрілік препараттар 
жазылымдарының арнайы жинақтарында көрсетіледі. 
Стандартты емес 
жазылымдар
ауруға дәрігермен белгіленген рецептілер, оларды магистралды 
деп те атайды (formulae magіstrales). 
Рецепт
(recіpe – лат. алу) дәрілік 
препаратты дайындау немесе босату туралы дәрігердің жазбаша нұсқауы 
болып табылады. Рецепт құрылымы, жазу ережелері Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 
мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары» 
бұйрығымен реттеледі. ҚР ДСӘД министрінің бұйрығына сәйкес рецептіні 
жазу құқығы тек қана жоғары арнайы білімі бар дәрігерге беріледі. Орта 
білімді медициналық персонал құрамында улы, есірткі және күшті әсер ететін 
дәрілік заттары бар препараттарды жазуға құқығы жоқ. Фельдшерлер, жеке 
медициналық пункт меңгерушілері, жоғарыда айтылған (есірткі заттардан 
басқалары) препараттарды жоғары реттік дозасынан аспайтын мөлшерде 
жазуына болады. Сонымен қатар, рецепт жазу тіс дәрігерлері мен 
акушерлерге рұқсат етіледі, бірақ улы және күшті әсер ететін заттарды тек 
өздерінің мамандықтарына сәйкес белгілеулері керек. 
Дәрігер, сонымен бірге, фельдшер, тіс дәрігері, акушер дұрыс 
жазылмаған рецепт үшін жауапты. Рецепт дұрыс жазылмаған жағдайда 
дәріхана қызметкері рецептіні жазған дәрігермен байланысып, дәрілік заттың 
атауын, дозасын, фармакологиялық сыйымдылығын анықтап, содан соң 
науқасқа препаратты босатуына болады. 
Барлық дұрыс жазылмаған рецептілер дәріханада қалдырылып, «рецепт 
жарамсыз» деген штамп басылады және арнайы журналда тіркеліп, сәйкес 
емдеу-профилактикалық мекемесінің жетекшісіне хабар беріледі. 
Рецепт типографиялық тәсілмен басылған бланктерде түсінікті етіп 
жазылуы тиіс. Бланктегі барлық бағаналар толтырылады және өзгертулер 
енгізуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет