328
7.
Жағар майлардың технологиясын және сапасын жетілдірудің негізгі
бағыттары қандай?
Жағар майлардың және линиментердің сапасын бағалау
Жағар майлардың сапасы жалпы барлық дәрілік түрлерге қойылатын
технологиялық көрсеткіштермен анықталады. Ең маңызды, спецификалық
сапалық көрсеткіш ретінде суспензиялық және аралас жағар майларда дәрілік
заттардың өлшемін және біркелкілігін анықтау бөлшектерінің дисперстігі туралы
салыстырмалы түсінік берілген. ҚР МФ 1 том, 529 бет «Біркелкілікті анықтау
әдістемесі» енгізілген. Дәрі-дәрмектен әрқайсысы 20-30 мг 4 сынама алады, екі
сынамадан заттық шынының бетіне салады, екінші заттық шынымен жабады
және диаметрі 2 см дейін дақ пайда болғанша тығыздап қысады.
Алынған сынамаларды құралсыз көзбен (көзден 30 см қашықтықта)
қарағанда барлық төрт сынамада көрінетін бөлшектер, бөгде қоспалар және жеке
бапта басқа нұсқаулар болмаса, физикалық тұрақсыздық белгілері бөлшектердің
агрегациясы мен коалесценциясы, коагуляциясы болмауы тиіс.
Егер алынған сынамалардың бәрі сынаудан өтпесе, сынауды қосымша тағы
сегіз сынамамен жүргізеді. Сонда барлық сегіз сынама сынаудан өтуі тиіс.
КСРО МФ Хl басылымына жағармайлардағы дәрілік заттардың
бөлшектерінің өлшемін анықтаудың әдістемесі енгізілген. Концентрациясы 10%
жоғары жағармайлардың дисперстігін анықтау үшін, оларды негізбен 10% дейін
сұйылтып, араластырады, бұл кезде бөлшектерді майдаламайды. Негіздің түріне
байланысты балқытылған жағармай бөлігін (0,05 г) 0,1% судан ІІІ ерітіндісімен
немесе 0,15% метилен көгі ерітіндісімен бояп, араластырып, микроскоптың
көмегімен көз түсетін 4 жерде анықтайды. Бір жағармайды талқылау үшін, 5 рет
анықтайды. Көз түсетін жерде нормаға кірмейтін бөлшектер болмауы керек.
Линиментер - сұйық жағармайлардың сапасын бағалауда кәдімгі
жағармайлардан спецификалық айырмашылығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: