Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет257/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
 
 
 
4.3 Суппозиторийлер – Supposіtorіa 
 
Суппозиторийлер официналды дәрілік түр. ҚР МФ І басылымына топтық 
«Тік ішекке қолданылатын дәрі-дәрмектер», «Қынаптық қолданылатын дәрі-
дәрмектер» мақалалары енгізілген. КСРО МФ ХІ басылымы бойынша
суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында 
балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, 
ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. 
МФ XІ басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - 
supposіtorіa vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі. 
Ректалды суппозиторийлер немесе свеча конус түрінде, өткір ұшы бар 
цилиндр немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және олар тік 
ішекке енгізу үшін қолданылады. 
Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді - pessarіa, шар тәрізді - globulі, 
жұмыртқа тәрізді - ovula болуы мүмкін.
МФ ХІ басылымы сонымен қатар суппозиторийлердің мөлшері мен 
салмағын қарастырады: ректалды суппозиторийлер үшін салмағы 1 ден 4,0 г 
аралығында, максималды диаметрі 1,5 см. Егер салмағы көрсетілмесе, онда 
суппозиторий салмағы 3,0 г, балаларға арналған суппозиторийлер салмағы 0,5-
ден 1,5 г аралығында болуы керек. 
Вагиналды суппозиторийдің салмағы 1,5-нан 6,0 г аралығында, егер 
суппозиторий салмағы көрсетілмесе онда 4,0 г салмақта дайындалады. 
Таяқшалар ұшы үшкірленіп келген цилиндр формалы, диаметрі 0,2-0,5 см, 
салмағы 0,5-1,0 г аралығында болады. Суппозиторийлердің салмағының үлкен 
маңызы бар, себебі суппозиторий енгізілген мүшенің кілегей қабығының 
барлық бетін сұйықтық жабуы керек, сол кезде ғана препараттың сіңірілуі тегіс 
және бірдей болады. 


331 
Сурет 42. 
Суппозиторийлер 
а – ректалды; б – вагиналды (1 – шар пішінді, 2-жұмыртқа пішінді, 3 – тіл 
пішінді); в – таяқшалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет