Қазіргі кезде күн тәртібіне өткір түрде қойылып, айтылып жүрген функцио­налдық сауаттылықтың бір ұшы осында жатқан тәрізді



Дата25.01.2022
өлшемі14,65 Kb.
#114279
Байланысты:
Документ (копия)


Қазіргі кезде күн тәртібіне өткір түрде қойылып, айтылып жүрген функцио­налдық сауаттылықтың бір ұшы осында жатқан тәрізді.

Өткен жылдың 26 қарашасында қабыл­данған Білім және ғылым ми­нистр­лігінің №509 бұйрығында атап көрсетілгендей, негізгі орта білім курсын аяқтаған 9-сынып оқушыларының тапсыратын мемлекеттік емтиханында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу сынағы енгізілді. Мен, өз басым, осы шешімді оң қабылдадым. Оқушыларды эссе жазуға дағдыландыру- заман талабы деген пікірмен келісемін.



Біріншіден эссе жазу арқылы оқушы тілді меңгерудегі сауаттылығын көрсетіп қана қоймайды, ұстамды ой айтуға, өз пікірін дұрыс-бұрыстығына қарамай, бүкпесіз жеткізуге мүмкіндік алады. Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты түсін­гендігін кіріспе бөлімінен-ақ айқын байқауға болады. Эссенің негізгі ой желісінде оқушы келтірген дәлелдері мен аргументтері арқылы өз ойын ашық та анық көрсетуге талпынады. Кейбір оқушылардың оқшау ойлары да, оқыс пікірлері де негізгі бөлімде көрініп жата­тындықтан, эссенің шыншылдығы мен әсерлілігі арта түседі. Сыныпта кейде көзге түсе бермейтін оқушылардың арасынан эссе жазуға келгенде ерекшеленіп шыға келетіндері де бар. Осы жерде ол баланың бойынан шығармашылық қабілеттің, тіл мен әдебиетке бейімділіктің жылт еткен ұшқынын байқап та қалуға болады...
Екіншіден Жалпы эссе жанры балалардың белгілі бір тақырыпқа қатысты өзіндік көзқарасы мен позициясын айқындап, өмірде тұлға ретінде қалыптасуына әсер етері сөзсіз. Осы себептен де, өз басым эссені оқушының жазу өнерінің қыр-сырын мектеп қабырғасында жүріп үйренуіне септігін тигізетін бірден-бір ұтымды да ұшқыр, жинақы түрдегі ыңғайлы жанр екендігіне көзім жете бастады. 
Жасыратыны жоқ, эссе жазу қажет­тілігі туындаған алғашқы жылдарда қиын­шы­лық­тардың болғаны рас. Бұрын әдеттенбегендіктен қабілетті деген оқу­шылардың өзі үйреніп қалған дәстүрлі шығарма жазу стилінен айыға алмай жүрді. Эссе жазудың өзіне тән ерек­шеліктерін толық түсіне алмағандықтан көп­теген кемшіліктерге жол берілді. Мен ұстаз есебінде оқушылардың осы кем тұс­тарын түсіне отырып, ең алдымен, эссе жанры­ның табиғатын, шығарма жазудан айырма­шы­лығын, әрі-беріден соң білген адамға оның өте оңтайлы екендігін жүйелі түрде түсін­діруге күш салдым. Көп ұзамай-ақ нәти­жесі айқын көрінді. Жанр сырын тез түсініп, жап-жақсы дәрежеде эссе жазуға қол жеткіз­ген шә­кірт­терімнің шағын туындыларын сынып болып талдап, талқылай бастадық. Мұның өзі оқушылардың пікір алуанды­ғын қалып­тас­тыруға, әріптестерінің көзқарастары мен ұсы­ныстарын сыйлай білуге, бір сөзбен айт­қанда, дискуссия мәдениетін игеруге септігін тигізді.
Қорытынды. Нәтиже беретін қандай да болмасын әдіс-тәсіл тар шеңберде, бір мұғалімнің жетістігі деңгейінде қалып қоймауы керек. Қазір ғаламтор арқылы бір-біріміздің жылт еткен жетістіктерімізді пайдалануымызға то­лық мүмкіндік туып отыр. Бұл жағын да қазіргі таңда біздің министрлігіміз ұтымды ұйым­дастырып, арнайы сайттар ашып қойғаны мәлім. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет