Мақала – публицистикалық жанр



Дата07.02.2022
өлшемі15,29 Kb.
#96716
Байланысты:
Мақала жазу үлгісі


МАҚАЛА – ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ЖАНР. Ол қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой-пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды. Мақаланың мақсаты – әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап, бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру
Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады. Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дереккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б.
МАҚАЛА ЖАЗУ бойынша кеңестер:
1. Мақаланың тақырыбын нақтыла. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпа. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуің мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңді түсініксіз етеді. Бір мақала — бір мағына, бір тақырып.
2. Тақырып қой. Тақырыбың оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жаз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.
3. Мақалаңның негізгі фактілерін белгіле. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құр. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңды оқып шық. Егер ол тақырыбыңа сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кіріс.
4. Әр сөздеріңе (факт, ой, мағына) бір абзацтан арна. Барлық абзацтың қалыңдығы (ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпа —

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды(негізгі ойларыңды қорытындыла)

5. Мәтіннен бос сөздерді алып таста. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсініксіз сөйлемдерді ауыстыр. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
6. Мақаланы дауыстап оқып шық. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөнде. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтыр! Міне, енді мақала дайын. Басты ережені ұмытпа, мақала жазудың шебері болу үшін күнделікті мақала жазып жүрген абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет