4 Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі



Дата23.08.2017
өлшемі107,96 Kb.
#25615
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы психологизм өрісі

Мазмұны

Кіріспе ...........................................................................................................4
1. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі ......................................................................................8
2.«Соңғы парыз» романындағы психологизм өрісі.............................29
3. Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының тілі, стилі ..............44
Қорытынды ................................................................................................59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................62

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету.  Сондықтан болашақ ұрпақ қазіргі ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. Жаңа қоғамдық формацияның болашақ маманы ғылымның өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. Жаңа қоғам жаңа маманды қажет етеді.

Әдеби көркем туындыда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдеп-ғұрпы, психологиясы, менталитеті, адамгершілік-эстетикалық-философиялық ұғым-түсінігі, арман-мұраты – баршасы көрініс тапқан, тілдік бай қазынасы жинақталған. Көркем шығарманың табиғатын тану үшін оқулықпен ғана шектеліп қалу жеткіліксіз. Оқырмандардың тәжірибе жинақтау кезінде көркем әдебиет туындыларын үзбей оқудың маңызы ерекше екенін ескеру керек.

Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен оқушылардың өнер шығармасына деген қызығушылығын оятып, оны көре, әсерлі тыңдап қабылдай білуге, тыңдаған, көрген, естіген көркем шығармаларын терең талдай білуге, оның қайталанбас әсемдігін сезініп қабылдай білуге, әдемілікті сезіне білуге баулу қажет. Нағыз көркем әдебиетті нағыз тума талант, хас шебер, сөз зергері туғызады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Ең бастысы, көркем шығарманың тууы, көркемдік деңгейге жетуі ең алдымен авторға, оның таланты мен авторлық шеберлігіне, таланттық қуатына тікелей байланысты.

Бұл диплом жұмысында бірінші, Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында басты кейіпкер бейнесінің жасалу жолы сипатталады. Екінші, көркем шығарма адам жанын, ішкі сырын, мінез-құлқын ашып көрсетеді.Автордың көркем шығарма жасаудағы психологиялық тәсілді қалай пайдаланғаны қарастырылады. Үшінші, шеберлігі, дүниетанымы тіл, стиль арқылы танылады. Дипломда жазушының дара стилі және тіл шебергіне талдау жасалынған, тұжырымдалған.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары қай кезде де, әдебиеттану ғылымының нақты нысанасына айналып, жан-жақты қырынан зерттеліп келеді. Зерттеуге кейде бір қаламгердің тұтас шығармашылығы, кейде сол жазушы шығармашылығының бір қыры өзек болады. Біз бұл жұмысымызға қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын арқау еттік. Жазушылық, ақындық қасиет кім болса соның басына қона салмайды. Ол – табиғаттың адамға берген сыйы, бағалай білуіміз керек, халық арасынан шыққан дарындарды қадірлей білуіміз керек. Әдебиет сонда ғана дамиды. Ондай дарынды, біртуар, қайталанбас тұлғалар қазақтарда да баршылық. Халық арасынан шыққан дарынды жазушылардың бірі, Сыр перзенті - Әбдіжәміл Нұрпейісов. Сәбит Мұқанов үлкен бір алқалы жиында Әбдіжәмил Нұрпейісов жайында: «Менің қазақ әдебиетінде 20 жыл бойы күткен адамым енді келді,» - деп көпшіліктен сүйінші сұрап, жар салған екен.

Кезінде одақтық мемлекеттік сыйлыққа ие болып, шығармалары дүниенің біраз еліне таралған. Ә.Нұрпейсісовтың «Соңғы парыз» романында адам тағдыры, табиғатты сақтау, әділет пен зұлымдық үшін күрес, болашаққа көзқарас, ел басқарудағы проблемалар шығарма өзегі болған. Жазушының осы бағыттағы көркем ой деңгейі – диплом жұмысының барысында негізгі жұлын болып таратылған, бұл әдебиет үшін ең өзкеті мәселе.

«Соңғы парыз» романы алғаш рет 1998-1999 жылдары «Жазушы» баспасынан жарық көрген болатын. Роман үш қана кейіпкердің (Бәкизат, Жәдігер және Әзім) жан дүниесіндегі ақаулығына, шырғалаң сезімдеріне құрыла отырып, бір дәуірде болып өткен оқиғалардың көркем шежіресін береді. Ол бірінші кітапта «Сондай да бір күн болған» және екінші кітапта «Сондай да бір түн болған» деген атпен суреттеледі.

Романда сөз болған мәселелер оқырманды жай қалдырмайды, өткен өмірдің ащысы мен тұщысы, күні мен түні барынша шынайылықпен баяндалады. Роман адамның кешегісін, бүгінін, сондай-ақ ертеңгісін суреттеп отырып, қоғамның, әлеуметтік ортаның, туған жердің бүкіл тіршіліктің апатты экологиясын көркем тіл, кемел бейнелермен жеткізуімен құнды.

Көркем шығармадағы психологизм көзбен көріп, қолмен ұстайтын нәрсе емес. Оны сезуге, тануға, көкейде қорытуға жіті назар, рухани дайындық, парасат, көңілдің өткір жанары керек. Көптеген көркем шығармаларда аталмыш бейнелеу арнасы ту ұстап, ұран салып тұрмайды, өңін жасырып, сырын бүгіп, жеті қат жердің астындағы қымбат асылдай сақтайды.

Көркем әдебиеттің мақсаты қоғам мен адам, бұқара мен жеке адам арасындаға жанды әлеуметтік-психологиялық байланыстарды шынайы бейнелеу болса, кейіпкердің жалаң іс-әрекеттерін олардың жан дүниесіндегі жетекші құбылыстарға мән бермеу нағыз өнер туындысына жат нәрсе. Кейіпкердің рухани әлемі оның мінез-құлқы, қам-қарекеті психологиялық талдаудың мақсаты. Яғни, адам рухани–әлеуметтік өсу жолында әр түрлі қоғамдық қарым-қатынастардың әсерімен өзгеге ғана емес, өзіне де сын көзбен, еселі талаппен қарауға бейімделмек. Әдебиет кейіпкерлерінің өз ұғым түсінігіндегі өзгеріс нышандарына көңіл қою шақтары, нақты іс-қылығына, айналасына, жекелеген субъектілерге қатысты толғану, күйзелу, тебірену сәттері – психологиялық талдаудың қайнар көзі. Дара басындағы түрлі сана, сезім импульстарына назар аударып, толымды баға беру, байлам жасау әдеті рухани, адамгершілік өрісі мол интелектуал қаһарманға лайық.

«Соңғы парыз» - бүгінгі күннің бас тақырыбына айналған роман. Роман біз бастан кешкен адыра қалған арман, ақталмаған үміт, зая заман жайлы.Роман финалы таң қаларлық. Автор аспан құлап жерге түскендей заманақырлық пессимизмді қалай еңсерген. Бәрі қарапайым. Тіл безеу атымен жоқ. Нұрпейісов романы – дала психологиясының энциклопедиясы. «Қан мен тер», «Соңғы парыз» – ұлттық ғарышқа тән мінездер галереясы.

Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма – мазмұнды шығарма. Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу – шебер суреткердің қасиетті парызы.



Суреткердің қай шығармасын оқысаңыз да кең көсілген ой ағыны (поток сознания),ішкі сезім пернесі (психологизм),сөз саптауы (диолог),баяндауы (описание) мидай араласып кеп бір арнаға құйғанда – жанрлық бітімі,концепциялық ұстанымы ұлттық әдебиетіміздің оқшау түзілімін құрайды. Жаңа бір тыныс ашылып,тосын баян тағлымы көлденеңдейді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты көрнекті жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романына жүйелі талдау жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:

  • «Соңғы парыз» романының идеялық-көркемдік мәнін ашу,

  • Образдар табиғатын талдаумен қатар,оның суреткерлік ерекшеліктерін таныту;

  • Романдағы психологизм өрісін анықтау;

  • Көркем шығармадағы автор бейнесін айқындау.

Зерттеу жұмысының болжамы.

  • «Соңғы парыз» романының идеялық-көркемдік мәні ашылып, образдар табиғатына, суреткерлік шеберлігіне баға берілді;

  • Романдағы психологизм өрісіне жаңаша талдаулар жасалынды;

  • Шығармадағы автор бейнесі айқындалды;

  • Шығармаға тілі, стилі тұрғысынан талдау жасалды.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста көркем әдебиет дамуының теориялық-методологиялық заңдылықтарына, қисындарына сүйене отырып, қазіргі қазақ романына тән объективті-аналитикалық, тарихи-салыстырмалы, кешенді-жүйелі талдау әдістері пайдаланылды. Психологиялық, типологиялық, салыстырмалы, тарихи-нақтылық пен тарихи-әдеби саралау, жүйелеу әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу нысанасы. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы (1998), Ә. Нұрпейісовтің төрт томдық шығармалар жинағы (2008), Б. Майтановтың «Көркемдік нәрі» (1983), және де тағы басқа зерттеулер, диссертациялық жұмыстар мен баспа бетінен жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының сын, зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының барысында қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын саласындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Осы саладағы М. Қаратаев, С. Қирабаев, Т. Есембеков, Г. Пірәлиева сынды зерттеуші-ғалымдардың еңбектері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын арнаулы орта мектептерде, жоғары оқу орындарындағы филология, «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні мен арнаулы курстарды оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы басты кейіпкерлер бейнесі
Романдағы басты кейіпкерлер образы жайлы сөз қозғамас бұрын жазушының шығармашылық жолына қысқаша тоқталайық.

Ұлы Отан соғысына Қатысқан жазушы 1956 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1962 – 1964 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды. 1993 жылдан бері Қазақстан жазушылары ПЕН клубының президенті қызметін атқарып келеді. Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы сыйлық берілді.

«Курляндия» романын кейін өңдеп, толықтырып 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. Жазушының «Қан мен тер»трилогиясы (1-кітап – «Ымырт»,1961;2-кітап – «Сергелдең»,1964; 3-кітап – «Күйреу»,1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби – сын мақалалары «Толғау» (кейінен «Жүрегі толы жыр еді») деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты (1972) .1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді. А. П. Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и ддостоинство», 2003 жылы Халықаралық М. Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Кейіпкер, персонаж – көркем шығарма барысында оқиғада суреттелетін адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық ерекшеліктері – тұтас ұғым.

Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие болады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білуі шарт. Өйткені типтік бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болса, оның танымдық күші де соғұрлым артады [8. 260-б.].

Әдеби туындының тұтастық жүйесін құрауға үлкен үлес қосып, біртіндеп тұрақты эстетикалық қалыпқа айналған ежелгі көркемдік белгілерінің бірі – портрет. Суреткердің даралық стилі көрінуге тиіс маңызды буынға саналатын ол уақыт рухына сәйкес ортақ бір бағыт,әдістің ішінде жалпыға тән сипаттар да жинақтайды.

Адамның сырт сипатына деген тосын әуестік – ықылым заманнан бері келе жатқан әдет. Адам кескінін характер табиғатына жетелер сүрлеу есебінде қабылдай тұрып, біз жекелеген жанрдың барша бітім – жаратылысы хақындағы ұғым – түсініктеріміздің неғұрлым толық, объективті шығуына ұмтыламыз. Осы тілек пішіндеме межесіне алынған кейіпкерге байланысты қаламгер позициясына айқын жол сілтейді.

Бүгінгі прозада кейіпкер психологиясын айтылар сөз, ой, қылық бедерлері бойынша зерттеу – жазушы творчествосындағы характерологиялық принцптердің төрінен табылады. Келбет – мүсін табиғаты өзінің объективті мәнін жоғалтпастан қаһарман болмысының ішкі заңдылықтарына саналы түрде бағындырылады [2. 6-7-бб.].

Жазушының қаламынан ұзақ жылдарғы терең толғаныс, табанды ізденістен «Соңғы парыз» дүниеге келді. Кешегі кер замандағы Еламан, Тәңірберген, Ақбала кешкен сергелдең енді келіп, мына теңіз ортайып, көңіл көншіген шақта Жәдігер, Әзім, Бәкизат болып қайта тірілді». Дәп кешегінің қайта айналып соққан толқыны секілді. Біз дұрыс жүріп, жөн сөз ұғып жүрдік дегеніміз бос сергелдең боп шықты. Өз-өзімізден түтіндей бықсып, көзге күйік, көңілге жүк боп жүр екенбіз. Жоқты бар қыламыз деп жүріп, бардың өзінен айырылыппыз. Жасадық дегеніміз – жасампаздық емес, жерге қарағандық болып шықты. Малданып жүргеніміз – махаббат емес, беті жылтыр ұрғашының қойын жылытуы екен. Әділетке жеттік дегеніміз – әлімжеттіктің әуресі ғана. Өзгеден қалған қоңсық - өзегімізді талдырған таңсық. Өзгеріп бара жатқан өзіміз бе, өзегін бермейтін өмір ме? Баққа тойымсыздық, атаққа тойымсыздық, дәулетке тойымсыздық ... бәріміздің желкемізден түспей дүние тіршілігін бір уыс қылып қусырып бара жатқан кеселге ұқсады.

Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.



Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.

(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)

Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет