Сабақтың тақырыбы : Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі53,51 Kb.
#31038
түріСабақ
Мынжасарова Гулсин Алмахановна

Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы

Төле би атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы : Жоңғар шапқыншылығына

қарсы азаттық күрес

Мақсаты:

а) білімділік; Өткен материалдар бойынша оқушылардың білімін негіздеу, дүниетанымын кеңейту.

ә)дамытушылық;Оқушылардың хронологияны есте сақтауын,тарихи оқиғаларды еске түсіре отырып нақтылау, талдап түсіндіруге дағдыландыру.

б) тәрбиелік; Тарихты оқып-білуге,танып түсінуге, ойлау-сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу

көрнекілігі: слайд


Сабақ барысы: 1. Іріктеу кезеңі

2. Интеллектуалды ойын


Іріктеу сұрақтары:
1.Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда белгілі қолбасшы, мемлекет қайраткері ерекше көзге түсті. Ол кім?

2.Ресеймен қарым-қатынасты ушықтармай шыдамдылық көрсетіп,басты күшті Жоңғарларға қарсы бағыттаған қазақ жерін біріктіруші хан кім?

3.1711-1717 ж. Қазақ жеріне басып кіріп,қазақ елінің тәуелсіздігін жоюды мақсат тұтқан қай мемлекет?

4.1710 ж. Қазақ жүздері Жоңғарларға қарсы соққы берудің мүмкіндіктерін талқылаған жер?

5.Қабанбай батыр бастаған қазақтардың Аягөз өзені бойында жауды талқандаған жеңісі қазақтардың жағдайын жақсарта алмады. Бұл жеңіс қай жылы болды?

6.1723ж. Жоңғар мемлекеті бар күшін қазақ жеріне жұмсауға мүмкіндікті қандай оқиғадан кейін алды?


7. Жоңғар шапқыншылы ғында қатты ойрандалған өңір ?

8. Жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды қай жылы басып алды?

9.Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда ерекше көзге түскен батыр кім?

10.“Аңырақай шайқасы” қашан, қай жерде болды?

11.Әбілқайырдан ант алуға келген орыс елшісі кім, қай жылы?

12.1710,1726 жылдары қандай кеңестер өтті?

13.Қазақ жерін “Азияға баратын кілт пен қақпа” деген кім?

14.Жоңғарларға қарсы күресте үш жүздің басын біріктірген хан?

15.Жоңғар мемлекеті дербес ел ретінде тарих сахнасынан жойылған жыл?

Дұрыс жауап берген үш оқушы ортаға шығады.
Қандай жолды таңдайтыны тест қорытындысы арқылы анықталады.
Тест сұрақтары:


  1. 8 сыныпқа арналған Қазақстан оқулығының авторын ата?

А) Е.Бекмаханов б) К.Нұрпейісов с)Ж.Қасымбаев

2. Алғашқы қазақ хандары кімдер?

А)Есім мен Тәуке б)Керей мен Жәнібек с)Қасым мен Хақназар

3. 1778 жылы 24 мамырда Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіткен кім?

А)Қытай патшасы б)Қоқан ханы с)Ресей патшасы

4. Абылайханға жақын болған ақын-жырауларды ата?

5. Абылайханның мирасқоры кім?

А)Уәли б) Шыңғыс с)Шоқан

6.Орынбор қаласының негізі қашан қаланды?

А)1735ж. Б)1742ж. С) 1735ж.

7. Әбілқайырдан ант алуға келген орыс елшісі кім?

А) Татищев; б) Кириллов; с) Тевкелев

8.Шыңжаң «жаңа шекара» қашан құрылды?

А) 1758ж, б) 1761ж. 1765ж.

9.Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей қол астына өтуі

А) 1734ж, б) 1733ж, с) 1731 ж.

10. Жайық өзені ол?

А) Еділ, б)Орал, с) Ертіс


Тесті алғаш дұрыс шешкен оқушы бірінші болып жол

таңдайды.



Қызыл жол:

Ең қысқа жол.

Екі сұрақ, мүлдем қателесуге болмайды.

Сары жол: Үш сұрақ, бір рет қателесуге болады.

Жасыл жол: Ең ұзақ жол .

Төрт сұрақ, екі рет қателесугеболады.

Жасыл жол.

1.Сіз Сібірден орыс қалаларына қайтқан саудагерсіз. Керуеніңізде елшілік мүшелері,саяхатшылар бар. Азия халқы, оның ішінде кең далада көшіп жүрген қазақтар туралы қызықты түрлі мағлұматтар жиңадыңыз.Ол қандай мәліметтер, патша үкіметі сіздің мәліметке сүйене отырып не істеді,мәліметті қай патшаға бердіңіз?

(І Петр патша “барлық Азия елдері үшін Қазақ ордасы кілт пен қақпа, себебі орда Ресейге тәуелді болу керек” деген.Ресей үкіметі Қазақстанға деген болашақ саясатын-отарлауын белгіледі.)


  • 2.1714-1720ж. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында Жәміш,Омбы,Железинск, Семей,Коряков,Өскемен бекіністері салынды. Бекіністерді сіз қандай мақсатпен салдырдыңыз?

(Мен І Петр патшамын. Қазақтардың Жоңғарлармен соғысын пайдаланып, бекіністер салып қазақ жерін жаулап алуды ойладым.)

  • 3. «Сазайын тартқыз да төрелік ет»деген саясатты ұстай отырып Абылайды Орта жүзге хан сайлаған Ресей еді. Хан сайлаған қай патша,қай жылы және Абылайдың әрекеті?

(1778 жыл 24 мамыр,ІІ Екатерина, Абылай Петербургке барудан бас тартты)

4.1740 жылы Орынборда Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді.Бірақ орта жүз дербестігін әлі де сақтады.Ант беруді қалай түсіндіресіз?

(Ант беру саяси жағдайдан туған айла.Ресеймен жақындасып,Орта жүзге қарсы Жоңғар шабуылын әлсіретуді көздеген.)

Сары жол:


  • 1. «Қара сиыр» деген жерде болған қанды шайқаста зеңбірекпен,мылтықпен қаруланған Жоңғарлардың қалың қолы сіз сияқты қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмай жеңілді. Бұл шайқас тарихта қандай атпен қалды?

(1726 ж.Бұланты өзені жағасындағы “Қалмақ қырылған” шайқасы.)

  • 2. ХҮІІІғ. 40-50жылдары патша үкіметі іске асырған әскер-инженерлік шаралардың нәтижесінде Солтүстік Шығыс Қазақстан жерінде бекініс шептерін салдыңыздар. Ол қандай шептер,ұзындығы қанша?

  • (“Горькая” шебі – 553 верст

  • “Ертіс” шебі - 1684 верст

  • “Колыван” шебі -723 верст)

  • 3. 1745-1759ж. Қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басы-1млн.сомға бағаланған. Бірақ қазақ-орыс саудасының дамуына бірқатар жағдайлар кері әсер етті. Осы жағдайларды ата?

(1.Патша үкіметінің қазақ жерін біртіндеп басып алуынан жайылым тарылды.

2.Орыс-казактар күш көрсетіп малын айдап әкетті

3.Қазақ рулары Қытаймен сауда жасауға ұмтылды.

4.Мал бағасын орыстар төмендетті).



Қызыл жол.

1.Сіз Тәуке хан Ресейге елшіні қашан, қандай мақсатпен жібердіңіз?

(Сібір губернаторы М.Гаринге қалмақтарға қарсы күресте қолдауын өтініп елші жібердім.Бірақ Солтүстік соғыстың әсерінен орыстар көмек бере алмады.)

2.1742ж.2 қыркүйек Орынбор комиссиясының төрағасы...Қалдан Церенге талап-хат жолдапты.Сіз кімсіз,қандай жарлыққа сүйендіңіз, нені талап еттіңіз?

(Мен И.Неплюевпін,1742ж.20 мамырдағы Ресей сенатының “Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөніндегі жарлығына” сәйкес қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еттім.)

Сұрақтарға дұрыс жауап берген үміткер «Білімді қыз немесе Білгір жігіт» атаған алып, жеңіс тұғырына шығады.




Марапаттау

Білімдіден шыққан сөз



Талаптыға болсын кез”
Каталог: uploads -> doc -> 1274
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1274 -> Сабақ: Жаратылыстану Мектеп: №219 Күні: 03. 05. 2016 ж Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің құрлысы
1274 -> Сабақ №6 Күні: 10. 2016 ж. Сабақ тақырыбы: Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
1274 -> Дене шынықтыру сабағының міндеттері
1274 -> Сабақ үлгеруіндегі ата ананың ролі Мақсаты
1274 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға спид туралы мәлімет беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет