Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
|
Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Дидарбекова А.Е
|
Сынып: 7 сынып
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын талдау
|
Бағалау критерийлері
|
Қолдану:XV ғасырдың басындағы Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын,шекарасын кескін картаға түсіру
Зерттеу:XVI ғасырдың басындағы Хақназар хандығының ішкі,сыртқы саясаты туралы дерек мәтінін оқып,Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы ролі туралы қажетті ақпаратты іріктеп алады,сұрақтарға жауап береді.
|
Тілдік мақсаттар
|
1. Қасым хан саясатын талдау мақсатында ролдік ойынға қатысады, сұрақ қояды (айтылым дағдысы).
2. ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығы Хақназар ханның өлім алдындағы билігі туралы ақпарат бар карточкалар сүйене отырып, негізгі ой түйінді шығарады (оқылым дағдысы).
3. Орбұлақ шайқасын Фермопил шайқасымен салыстырып шағын эссе жазады (жазылым дағдысы).
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақстандық патриотизм,өз елі үшін мақтаныш,отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік,батылдылық,төзімділік.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүние тарихы,география пәндерінде алған білімдерімен кіріктіру және қолдану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет ресурсын тиімді қолдану дағдысы
|
Бастапқы білім
|
Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
№1
Сабақтың басы
5 мин
|
Стимул тудыратын сурет
Сабақтың тақырыбымен,оқу мақсатымен таныстыру.
|
1,2,3 слайд
http://550kazakhan.kz/?p=
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010., 373-384 бб.
Қазақ елі. Қазақстан тарихы.Kazak eli. 3 seriya. Бейнематериал.
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Б Хақназар ханның портретін, ордасының суретін, қылыш немесе қанжарды көрсетіңіз.
Осы заттардың арасында қандай байланыс бар? деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардың болжауын тыңдаңыз.
Зерттеу сұрақтары:
Қасым ханнан кейінгі билік еткен хандар кезінде айырылған Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан қалай қалпына келтірді?
Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулардың шапқыншылық жоспарларын қалай тойтара білді?
Зерттеу мен талдау
Т Оқушыларға Хақназар ханның жүргізген сыртқы саясаты туралы ақпараты бар карточкалар таратыңыз.
Карточкалардағы мәліметтерді қолданып таңдаған позицияларын дәлелдеуді талап етіңіз:
1. Хақназар хан - Қазақ хандығын нығайтушы.
2. Хақназар – көреген, мәмілегер хан.
Хақназар билігінің кезеңіндегі саяси жағдай туралы негізгі ой түйінді жасауға тапсырма беріңіз.
Хақназар хан билігі кезеңі туралы бейнематериалды көрсетуге болады.
Т Мәліметтерге сүйене отырып карта арқылы Қазақ хандығы аумағының Хақназар хан тұсындағы өзгерістерін көрсетуді тапсырыңыз.
Б Оқушылардың интерпретациясынан кейін тақырыпты жалпылаңыз: ХVІ ғ. Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен қандай қарым - қатынаста болғанын түсіндіріп, Хақназар ханның неліктен бірнеше елдің ханы атанғанын оқушылардан сұраңыз.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сергіту сәті
|
Оқушылар
|
№2
Сабақтың басы
10 мин
|
Кесте – жеке жұмыс
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы мәлімет жинақтау – оқулықпен жұмыс
|
Оқушылар және мұғалім
www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.
Кітаптың авторы – Жолдасбаев С. Атамура – 2012 жыл
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Т Хақназар ханды басқа хандармен салыстырып тарихи тұлға ретінде баға беру үшін оған дейінгі Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым туралы мәлімет дайындауға тапсырма беріңіз. Ең күшті хан дауыс беру арқылы анықталатынын ескертіңіз. Екі-үш айналым өткізіліп аз дауыс алған хан келесі айналымға өткізілмейді. Дауыс беру нәтижесі бойынша айналымнан шығып кетпей соңында қалған хан жеңімпаз болады.
Ж Оқушылар Хақназардың атынан сол кезеңдегі саяси оқиғаларды сипаттайтын хат жазу тапсырмасымен сабақты қорытындылауды сұраңыз.
|
Үйге тапсырма
5 мин
|
§ 39 – қайталау
Кітаптың авторы – Жолдасбаев С. Атамура – 2012 жыл
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
2 жұлдыз,1 тілек
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |