337
мөлшерде жазылған дәрілік затты еріту, олардың негізде біркелкі таралуын және
жергілікті тез әсер етуін қамтамасыз етеді.
Эмульгатор ретінде сусыз ланолин (С/М типіндегі эмульсия), минимальді
мөлшерде қосылады.
Құрғақ экстракт, протарголды және колларголды негізге концентрлі сулы
ерітінді немесе су-спирт-глицеринді ерітінді түрінде енгізеді.
в) Суда да, майда да ерімейтін заттар: мырыш тотығы, дерматол,
ксероформ, висмуттың негізгі нитраты, стрептоцид және т.б. Бұл заттарды негізге
суспензия түрінде енгізеді. Егер олар рецептіде аз мөлшерде жазылса, онда
бірнеше тамшы шабдалы, бадам майымен ысқылап, негізбен араластырады. Егер
дәрілік заттар көп мөлшерде жазылса, онда оларды майдалап, балқытылған
негіздің бір бөлігімен ысқылайды да негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосады.
Суда еритін, бірақ жазылымда көп мөлшерде берілген заттар да негізге суспензия
түрінде енгізіледі.
г) Байланыстырғыш қасиеттері бар қою, сұйық заттарды, мысалы ихтиол,
винилин, нафталан мұнайын негізбен араластырады.
д) Суппозиторийлерді желатин-глицерин негізінде дайындаған кезде,
дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір
бөлігімен ысқылайды.
Суппозиторийлердің технологиялық процесі. Суппозиторийлерді үш түрлі
әдіспен дайындауға болады:
-
қолмен илеу әдісі;
-
қалыпқа құю әдісі;
-
престеу әдісі.
Суппозиторийлерді дайындау әдісін таңдау негіздің қасиетіне байланысты.
Мысалы, какао майын негіз ретінде суппозиторийлерді қолмен илеу әдісімен
дайындағанда қолданады. Қалыпқа құю әдісімен суппозиторийлерді кез-келген
негізді (какао майынан басқа) қолдана отырып дайындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: