Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет308/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бейсу еріткіштер. 
МФ XІ басылымында көрсетілгендей шаншуға 
арналған судан басқа бейсу еріткіштері де қолданылады. Олар медицинада 
қолдануға рұқсат етілген өсімдік майлары және этилолеат. Комплексті 
еріткіш ретінде этанол, глицерин, пропиленгликоль, ПЭО-400, бензил спирті, 
бензилбензоат және медицинада қолдануға рұқсат етілген басқа еріткіштер. 
Сурет 52. 
 Шаншуға арналған суды жинағыш 
 
Өсімдік майлары (Olea pіnquіa). 
Бұл мақсатта иненің тар каналы арқылы 
жеңіл өтетін тұтқырлығы төмен жеңіл қозғалғыш майлар қолданылады (бадам, 
шабдалы немесе өрік). Олар мөлдір майлы сұйықтықтар, иіссіз немесе әлсіз 
өзіне тән иісі бар, суда ерімейді, этанолда аз ериді, эфирде, хлороформда ериді. 
МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға арналған майлар жаңа жиналған 
дәннен салқын престеу әдісімен алынады. Өсімдік майларында ақ уыз 
болмауы, сабындар мөлшері 0,001% аспауы керек. Аса маңызды рольді 
олардың қышқылдығы атқарады. Қышқыл майлар жүйке ұштарын 
тітіркендіреді және ауырсыну сезімін тудырады. Шаншуға арналған майдың 
қышқылдық саны 2,5-тен кем болмауы керек. Майлы ерітінділердің кемшілігі: 


388 
олардың жоғары тұтқырлығы инъекцияның ауырсынуы, майдың қиын сіңірілуі 
және енгізген жерде гранулеманың түзілуі. 
Кейбір дәрілік заттардың майлардағы ерігіштігі қосымша еріткіштер 
(бензил спирті, бензилбензоат және басқалар) қосу арқылы артады. 
Алша, алқор, өрік, шабдалы дәндерінен қыздырусыз престеу арқылы 
алынатын, майлар жиірек қолданылады. Шабдалы майы (Оleum Persіcorum) – 
мөлдір ашық сары түсті, иіссіз немесе әлсіз өзіне тән иісі, жағымды майлы дәмі 
бар сұйықтық. Абсолютті спиртте ериді, эфирде, хлороформда жеңіл ериді. 
Майлар камфораның, дезоксикортикостерон ацетатының, диэтилстильбэстрол 
пропионатының, ретинол ацетатының, синэстролдың шаншуға арналған 
ерітінділерін дайындау үшін қолданылады. 
Зәйтүн майы (Оleum olіvarum) – сирегірек қолданылады. Оны зәйтун 
ағашының жаңа жиналған жемістерінен қыздырусыз престеу арқылы алады. 
Мөлдір, ашық сары немесе алтын сияқты сары түсті сұйықтық, иіссіз немесе 
өзіне тән әлсіз иісі бар. Ол 20% камфора және 2% синэстрол ерітінділерін 
дайындау үшін қолданылады. 
Этилолеат (Etіylіі oleas). Қанықпаған майлы қышқылдардың этанолмен 
күрделі эфирі. Ол ақшыл сары түсті сұйықтық суда ерімейді, этанолмен, 
өсімдік майларымен барлық қатынаста араласады. Этилолеаттың өсімдік 
майларға қарағанда артықшылығы бар: еріткіштік қасиеті жоғары, тұтқырлығы 
төмен, жеңіл енеді, жақсы сіңіріледі. Этилолеатта витаминдер, гормондар 
ериді. Сонымен бірге этилолеат майлы ерітінділерге дәрілік заттардың 
ерігіштігін арттыру және ерітінділердің тұтқырлығын төмендету үшін қоспа 
ретінде қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет