Тақырыбы: медициналық экология: мақсаты, міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері


Медициналық экологияның зерттейтін сұрақтары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі104,32 Kb.
#199525
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс Қор орта

Медициналық экологияның зерттейтін сұрақтары: 



адам ағзасы жүйесінің және әр түрлі ағза қызметтерінің көрсеткіштері қоршаған 
орта сапасын бағалау критериі ретінде; 

қоршаған орта факторларының адам денсаулығына жинақталған әсерінің 
(
пестицидтер, радионуклидтер, минералды тыңайтқыштар, басқа да химиялық заттар, 
электромагнитті өрістер және т.б.) алатын орны және ролі; 

қоршаған ортаның негативті және позитивті факторларының адамға бірігіп әсер 
етуінің экологиялық аспектілері; 

ландшафттардың медико-экологиялық қатерін және медико-экологиялық көлемін 
бағалау; 

медико-экологиялық нормативтерді өңдеу. 
Медициналық экология пәніне ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы, 
И.И.Дедю (1990) «медициналық экология – адам ағзасының табиғи- антропогендік ортаға 
морфофизиологиялық және генетикалық түрде бейімделу сұрақтарын өңдеумен 
айналысатын және медико-биологиялық ғылымның әр түрлі саласын дамытатын 
экологиялық бағыт», - деп есептейді. 
Н.Ф.Реймерс (1990): "Медициналық экология – гигиена, токсикология және адам 
экологиясын бір кешенді интеграцияланған ғылымның білім саласы",- деп жазды. Автор 
медициналық экологияны әлеуметтік экологияның бір бөлігіне жатқызады да, одан 
канцерогенез экологиясын бөліп алғысы келеді. 
Сонымен, 
«
Медициналық экология»

медицина және экология ғылымдары 
түйіскен, қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына әсерінің жалпы заңдылықтарын 
зерттейді,
зерттеу объектісі: – қоршаған орта, кеңістіктік-территориалды антропо-
экологиялық жүйе;
пәні – тұрғындардың денсаулығы және сырқаттанушылығына қоршаған ортаның 
тигізер әсері;
мақсаты –нақты территориялардағы тұрғындардың денсаулығының оңтайлы 
экологиялық балансын қорғауды қамтамасыз ететін шараларды өңдеу. 
Қазіргі кезде, көбінесе тұрғындардың денсалық жағдайы – адам ағзасына табиғи 
және антропогенді факторлардың әсерінің соңғы экологиялық көрсеткіші ретінде 
қабылдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет