«
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
МЕББМ
НУО «КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
5 дәріс
ТАҚЫРЫБЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ: МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ,
ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.
Медициналық экология
-
қоршаған ортаның тікелеу ауру тудыратын
факторларына ерекше мән беретін, ластанған ортаның адам денсаулығына тигізер әсерін
және олардың арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін ғылыми пән.
Медициналық экология
—
адам экологиясының
бір бөлімі және қоғамдық
денсаулық
байланыстары мен төуелділіктеріне және оның
қоршаған табиғат
,
әлеуметтік
және
технологиялық
орта факторларынан бұзылуына талдау жасайтын бүгінгі
профилактикалық медицина
бағыты.
Экологиялық медицина
бертінде ғана пайда болған ұғым; оның құрамына адам
биологиясы мен медицина тарауларына қоса химияның, физиканың, социология
ғылымдарының бөлімдері мен адамды қоршаған факторлар ретінде, олардың денсаулыққа
тигізетін әсерін білу үшін әр түрлі өндірістердің технологиялары туралы мәліметтер де
кіреді. Атап айтқанда, ол ластағыш заттектердің, радиациялық дозаның, тұрмыстық
химияның және өндірістегі химиялық заттектердің, қолданылатын дәрі-дәрмектің, әр
түрлі төсемелердің, құрылыс материалдарының және т.б. заттектердің ауру
қоздырушылық рөлін (тыныс жолдарының зақымдалуын, ісік, иммунологиялық
ауруларды және т.б.) зерттейді.
XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған
орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып,
сонымен бір мезгілде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және осы
әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды.
Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы,
"
әлеуметтік экология
" деген ұғым пайда болды, бұл мәселе
биологиялық құбылыс
туралы
емес, биологиялық салдары бар әлеуметтік құбылыс туралы дегенді білдіреді.
Экологияны
"әлеуметтендіру" процесі медицинаны да қамтып, адамды жан-жақты зерттеуге жол
ашылды.
Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды экологияландыру бірсыпыра
экологияландырылған ғылыми бағыттарды —
геохимиялық экология
,
радиоэкология
,
денсаулық экологиясы
,
аурулар экологиясы
,
экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б.
тудырды.
Бұлардың бәрінің жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың
қай қайсысы да медициналық проблемалар шеңберіңде қалып қоймайды. Мысалы,
геохимиялық экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез
келген басқа да тірі организмдерге әсерін зерттейді, ал осының әсерінен пайда болатын
эндемиялық аурулар адамдармен қатар жануарлар арасында да байқалуда.
Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен әдістерінде
медициналық
география
және
географиялық патологияға
ұқсас. Медициналық экологияда
биология
,
медицина
,
социология
,
экономика
,
осы әдістер мен техникалық зерттеу тәсілдерінің
методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде пайдаланады.
Медициналық экология осы ғылымдардың негізіне кіреді. Әсіресе, медициналық
география, адам экологиясы, әлеуметтік экология, гигиена, экотоксикология,
медициналық статистика және экоинформатикамен (информатизациялау және моделдеу)
тығыз байланыста.
Достарыңызбен бөлісу: |