Тақырыбы: медициналық экология: мақсаты, міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата26.12.2023
өлшемі104,32 Kb.
#199525
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс Қор орта
3-Дәріс Мәдениет семиотикасының сипаты, writing 2, Азо бояғыштар, Қазіргі сайлау жүйесі, РЕФЕРАТ5
 
Медициналық экологияның әдістері. 

Медико-экологиялық бақылау (мониторинг) 

Медико-экологиялық диагностика. 

Медико-экологиялық картографиялау 

Аймақтың медико-экологиялық сипаттамасы. 

Медико-экологиялық аймақтау. 

Медико-экологиялық модельдеу 

Медициналық экологиядағы жаңа ақпараттық технологиялар. 

Медико-экологиялық болжамдар. 

Адам экологиясының бір бөлімі және қоғамдық денсаулық байланыстары мен 
төуелділіктеріне және оның қоршаған табиғат, әлеуметтік және технологиялық 
орта факторларынан бұзылуына талдау жасайтын бүгінгі профилактикалық 
медицина бағыты.

XX ғасырдың ортасынан бастап, технологиялық әрекеттің салдарынан қоршаған 
орта жағдайының кенет нашарлауына байланысты экологияға назар аудару артып, 
сонымен бір мезгілде оны адамзат қоғамының табиғи ортамен әрекеттестігі және 
осы әрекеттестіктің салдары туралы ғылым ретінде кеңінен түсіндіру өріс алды. 


Экологияны бұлайша қабылдау бірқатар терминология тудырды — мысалы, 
"әлеуметтік экология " деген ұғым пайда болды, бұл мәселе биологиялық құбылыс 
туралы емес, биологиялық салдары бар әлеуметтік құбылыс туралы дегенді 
білдіреді. Экологияны "әлеуметтендіру" процесі медицинаны да қамтып, адамды 
жан-жақты зерттеуге жол ашылды. Қоғамдық сана мен қазіргі заманғы ғылымды 
экологияландыру бірсыпыра экологияландырылған ғылыми бағыттарды — 
геохимиялық экология, радиоэкология, денсаулық экологиясы, аурулар 
экологиясы, экологиялық-гигиеналық зерттеулер, т.б. тудырды. Бұлардың бәрінің 
жиынтығы медициналық экологияны құрайды. Бірақ бұлардың қай қайсысы да 
медициналық проблемалар шеңберіңде қалып қоймайды. Мысалы, геохимиялық 
экология геохимиялық жағдайлардың тек қана адамға емес, сондай-ақ кез келген 
басқа да тірі организмдерге әсерін зерттейді, ал осының әсерінен пайда болатын 
эндемиялық аурулар адамдармен қатар жануарлар арасында да байқалуда.

Медициналық экология өзінің көптеген принциптері мен әдістерінде медициналық 
география және географиялық патологияға ұқсас. Медициналық экологияда 
биология, медицина, социология, экономика, осы әдістер мен техникалық зерттеу 
тәсілдерінің методологиялық өзегі ретінде басын біріктіре отырып, жүйелі түрде 
пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет