: Әмір Темір 1405 жылы Қытайға
жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды
124.Ноғай Ордасының қалыптасуына үлкен ықпал жасаған және жергілікті халықпен
шыққан тарихи тұлға кім:
Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған
125. Қазақ хандығының құрылуы алғаш рет баяндаған ортағасырлық тарихшы және қай
шығармасында:
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиінде»
126. Не себепті қазіргi қүнде зерттеушілер 1465-66 жыл Қазақ хандығының құрылған
жылын тура көрсетпейді деп есептейді:
Керей мен Жәнібек хандардың бір жыл кеш емес, дәл
1457 жылы Шу бойына келіп, екі хан иеліктерінің ортасында хандық құруы Исан-Бұға
ханды күшейтіп, ал Жүніс ханға тосқауыл болған дейміз. Керей мен Жәнібек хандардың
1457-ші жылы келгенін, тіпті жылдың қай мезгілде болғанын тарихи аңыз да растайды –
“Тышқан жылы қара күзде” Керей мен Жәнібек сұлтандардың Мойынқұмға келгендері
туралы мәлімет бар.(24) XV ғасырдағы тышқан жылы ол қай жыл? XIV ғасырдың 40-50
жылдары жазылған Масут ибн Осман Кухистанидың “Тарих-и Абулхайырхани” атты
еңбегінде Әбілхайырханның қай жылы өлгендігі туралы: “57 жасында тышқан жылына сай
келетін 874 жылы (біздің жыл санауымыз бойынша 1469 жыл –Б.К.) оның жаны о дүниеге
ұшты” делінеді.(25) 1469 жыл –тышқан жылы болса, оның алдында өтіп кеткен тышқан
жылға 1457 жыл сай келіп тұр. Ал “қара күзіміз” қараша айы. Сонда Керей мен Жәнібек
хандар 1457 жылы қараша айында Шу бойына келіп, қыстап шыққан және келесі жылы
көктемде, яғни 1458 жылы наурыз-көкек айлары ішінде Керейді хан сайлаған болады.
Алғашқы ханы Керей хан болған Қазақ хандығы осылайша дүниеге келген.
Осылайша, қазіргі кезде баспасөз беттерінде және кейбір тарихи әдебиеттерде жиі айтылып
жүрген Қазақ хандығы 1456 немесе 1465-66 деген даталар шындыққа сай келмейді. Ал
Достарыңызбен бөлісу: |