іске асырылды: Ресейден шаруаларды қоныс аудару қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу мақсатында жүзеге асырылды. Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. 166. Ұйғыр мен дүнгендерді Қазақстанға қоныс аудару қандай мақсатпен іске асырылды? Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті . 167. I-ші орыс революциясынан кейінгі кезеңде Қазақстанда патшалық отарлау саясаты қалай күшейді? 168. Қазақ қоғамының қоғамдық-саяси өмірінде «Қазақ» газетінің алатын орыны: Бостандық және тәуелсіздік үшін күресте қазақ зиялыларының ең негізгі баспа органы болды; Қазақ халқының санасына ықпал жасады. 169. "Қазақ" газетін кім басқарды? Ахмет Байтұрсынов Міржақып Дулатов 170. "Оян, қазақ" өлеңдері жинағының авторы кім? А.М. Дулатов 171. Қазақ демократиялық интеллигенциясы өзінің алдына қандай басты міндеттер қойды? Қазақтарды ортағасырлық мешеуліктен алып шығу; Отарлық езгіден азат ету. 172. 1916 жылғы 25 маусымдағы Патша жарлығына қазақтар қалай қарады? Қолдамады. Алаш зиялылары қарулы көтеріліске шығуды қолдамады. 173. Торғай облысындағы көтерілістің қандай ерекшеліктері болды?