Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшеліктер және модульдік 
технологияның тиімділігі
Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік – модульдегі басқару 
қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметіменалмасады. 
Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру 
мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын 
болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі 
басқаруға айнлажы. 
Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына – жеке 
тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға – теориялық 
жалпылау 
деңгейінде 
оқытудың 
мазмұны 
арқылы 
оқушылардың 
репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен 
қол жеткізеді. 
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол 
жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау 
деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің 
даму қарқыны анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші 
модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың 
мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің 
бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материялдарын 
толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материялдарды онсыз 
түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. 
Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға 
біртіңдеп дағдыланады. 
Модульдегі оқу материялдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі 
бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін 
қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз 
кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. 
Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және 
практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді. 
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда 
және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері: 
1.
Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды). 


22 
2.
Өзін — өзі бағалау. 
3.Топтық жұмыстағы белсенділік. 
4.
Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі. 
5.
Еркін тәрбиеге баулу. 
Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ 
түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде 
оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады.Қорытынды 
бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ 
тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды 
баға шығарылады. 
Оқуциклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш 
бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену), сұхбат бөлімі 
(көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың іс 
әрекеттерін ұйымдастыру), қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу). Әр 
модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық 
қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет