Биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқыту
Биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді
жағы бар: біріншіден, биология оқушылардың басқа оқу пәндеріне
дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз кезегінде физика, география, тарих,
қоғамтану пәндеріне қойылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу базасын
толықтырады.
Жұмысты жоспарлау барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру -
мұғалім мен оқушылардың бірлесе жұмыс жасауын күшейтеді, сабақ
сапасын жақсатрады, оның тәрбиелік ролін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Көптеген пән мұғалімдері жұмысын қиындатқысы келмейді, бірақ бұл
сипаттар керісінше - олардың ой шешімін қамтамасыз ете отырып,
сабақтың білімдік - тәрбиелік потенциалын күшейту мақсатындағы
пәнаралық ынтымақтастықты арттырады.
Басқа пән мұғалімдері сияқты мен де өз сабақтарымда пәнаралық
байланыс әдісін кеңінен қолданып отырамын. Себебі не? Біріншіден,
биологияны басқа да мектеп пәндерімен кіріктіре оқытуда жан- жақты
білім жетілдіру, дүниетанымдық білім беру, қосымша әдебиеттер
пайдалану сияқты ізденістер қызықтырып, алға жетелейді,білім процесін
нығайтады, сол арқылы білімімді жетілдіре түссе, екіншіден,
оқушыларымның
ғылыми
жұмыспен
шұғылданулары,
қоғамдық
белсенділіктері, ізденімпаздылық сияқты қасиеттері дүниетанымдары
кеңейе түседі. Үшіншіден, сабақтың тиімді, қызықты, сапалы өтуіне үлкен
септігін тигізеді. Бұл жердегі пәнаралық байланыс - оқушылардың
дүниетанымын кеңейтеді, қарапайым сабақтардың көкжиегін кеңейтуге
мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызығушылығы артып,
олардың қойылған сұрақтарды тереңірек зерттеуге қызығушылығы
туындайды. Мұндай сабаққа қойған мұғалімнің мақсаты мен міндеттері
жүз пайыз жүзеге асады."Қазақстан өсімдіктері" пәні бойынша сабақтар
өткізу барысында тарих пен қазақ әдебиетімен байланыс жүзеге
асырылады. Қазақтың ұлылары - Жамбыл Жабаевтың, Шоқан
Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың шығармашылықтары, маңызына назар
аудартылады."Қазақстанның жануарлары өсімдіктері" оқытуда еліміздің
туған ел, туған жер туралы өлеңдері мен тарихи шығармаларына тоқталып,
кең түсінік беріледі. Онымен қоса, оқушыларға өсімдіктер мен жануарлар
жөнінде аңыздар мен мақал - мәтелдер жинақта тапсырмалары
қамтылады.Тарих пәнімен байланыс ежелгі адамның дамуы яғни эволюция
тарихи толқындарын парақтауға мүмкіндік береді.Жоғары сыныптарда
бойынша ағылшынша - орысша сөздік пен өз білімдерін қолдана отырып
оқушылар журналда басылып шығарылатын шығармаларды оқи алады,
қосымша білім алады. Мұндағы керемет тақырыптық иллюстративтік
материалдар арқылы кез келген тақырып бойынша оқушыларды біліммен
33
қаруландыруға да болады.Биология мен химия пәнаралық байланыста
экологиялық білім және сабақ үстінде әр тақырыпты өткенде жан-жақты
байланыстыра отырып білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда
қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және
жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда
қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас
қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге
ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен
пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын,
нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет.
Биология, химияның тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша
пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар,
биологиялық және химиялық ұғымдар ,экологиялық білім оқушылардың
мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған. Оқу құралдарының
мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті мен
тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оларда теориялық біліммен
қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру
мақсаты жүзеге асады. Биология және химияны оқушыларға оқытқанда
кез-келген тақырыптағы мәліметтер бір-бірімен байланысып отыратыны
анық. Соның әдісін тауып, оқушыларға ұғындыру пән бойынша нәтижесін
береді.Осылайша,
пәнаралық
байланысты
қолдану
нәтижесінде
оқушылардың белсенділігі артып, олар сабақ үшін жаңа, тың
материалдарды іздестіру қажеттілігін сезіне біледі деп ойлаймын. Балалар
қарапайым оқу рефераттары мен баяндамаларын жазуда белсенділік
таныта бастайды және жазу сауаттылығы жоғарылайды.Мектептегі
биология пәнімен биология ғылымының арасында үлкен айырмашылық
бар. Бұлардың мақсаттарымен көлемі, құрылымы және баяндау
әдістерімен формалары өзгеше.Биология ғылымының мақсаты- зерттеу
арқылы
табиғат
туралы
жаңалықтар,
жаңа
білім
алу.Мектеп
биологиясының мақсаты- оқушыларды даяр ғылыми фактілермен
заңдылықтармен таныстыру.Мектепте биологияны оқытуға белгілі ғана
уақыт бөлінген, сондықтан оқушыларды нақты ғылыми негіздермен
таныстырады және ғылыми проблемаларды артық информациясыз
түсіндіреді.Биология ғылыми өзінің даму кезеңінде жеке ғылымдарға
бөлінсе
(анатомия,систематика,т.б.),дифференциалданса,
мектеп
биологиясын-да
жеке
ғылымдардың
элементтері
біріктірілген,
интеграцияланған.“Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау- екі
түрлі заттар”, К.Д. Ушинский.Биология агрономиямен медицинаның негізі
болып саналады.Өз пәніне қызығушылығы болмай, оқытушы биологияны
оқыту процесінде әсіресе биология материалында тәрбиелеу процесінде
мақсатына жете алмайды.“Ғылыммен оқушыны тәрбиелегін келсе, өз
ғылымыңды сүй және біл, сонда оқушылар өзіңдіде ғылымды да ұнатады,
және сен оларды тәрбиелей аласың; егер өзің ғылымды сүймесен, қанша
оқуға мәжбір етсеңде, ғылымның тәрбиелік әсері болмайды ”- Л.Н.
34
Толстой.Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім
беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша
оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы
мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат
арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар
беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас
бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия,
география пәндерінің бастама негіздеріқаланып, соның ішінде қоршаған
дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік
қалыптасады.Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан
орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы
баспалдағымен танысады.Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы
стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік
әрекетін ұйәымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның
білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми
деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере
білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол
ашатын ұстаз.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып,
оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің
біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша,
«өсімдіктердің
көбею
мүшелері»,
«гүлдің
құрылысы»
атты
тақырыптардағысабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін
қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру»,
«бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы»
стратегияларын жиі пайдалануға болады.Оқушылардың қызығушылығын
арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың
дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта,
топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып
өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі
талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.Ортаға салған ойларын
мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды.
Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін
оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады.
Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз
ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте
түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге,
топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта
білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін
тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі
қажеттігін жазады.Эссе — өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу,
күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен эссе жаздыруға көп көңіл
бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарыменинтегративті қолдануға мүмкіндік
жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік
пайдасы», «гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге
35
тапсырма беруге болады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының
негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді.
· жүйелі тапсырма беруге ұмтылады
· оқушыны басқа жақтарынан таниды
· өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды
· өзі білмейтін ақпараттарға тап болады
· оқушының жұмысын бағалайды
Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде
стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке, топтық іс
әрекеттерді ұйымдастырады.
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» стратегияларын сабақта
пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
· оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына;
· оқушыларға өз пікірін айта білуіне;
· оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға;
· шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.
Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға
болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды
күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында
отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық
мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға
болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,
педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға
мүмкіндік береді.
Жаратылыстану пәндерінен экологиялық білім беруге пәнаралық байланысты
тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат
құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми – экологиялық
материалдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу
материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мұғалімнің
шеберлігіне байланысты.Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс
арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап
алынып қарастырылады:
36
- пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін
дәлелдеу;
- химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында
қандай тақырыптарды оқыту керектігі;
- пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және
қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады;
- пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;
- Химияны немесе биологияны пәнаралық байланыста оқыту үдерісінде мына
міндеттер іс жүзіне асырылады:
- химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысын
үздіксіз қолдана отырып, экологиялық білім алуда және әр сынып деңгейіне
өткенде материалдарды жаңғыртып отыру,зертханалық, сарамандық
жұмыстарға шығармашылық деңгейге көңіл бөлу;
- зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті
тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін
қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну
- пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерде алынған білім қорымен
байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;
- ағзалармен, табиғи заттармен, оларды зерттеп-танып білуге қажетті көрнекі
және техникалық құрал –жабдықтармен жұмыс жасай білудің біліктері мен
дағдыларын қалыптастыру;
- экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, өмірде, қоғамға пайдалы
еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;
- тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық
дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;
- тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық байланыс
негізінде
экологиялық
білім
бере
отырып
дамытып,
болашақ
мамандықтарына
бағдар беру.
Пәнаралық байланыс арқылы сабақ түрлерін өткізу әдістері әр түрлі және
мол деп ойлаймын. Көбінесе пікірталастар, дебат сабақтар, мұғалім
жетекшілігімен зерттеу жұмыстары, оқушылардың өз бетіндік жұмыстары,
интернет жүйесін пайдалану, компьтерде жұмыс жасау шеберліктері
қолданылады. Сабақ барысында оқушылар өтілетін материалды талдайды,
салыстырады, кіріктіреді, жүйелендіреді. Мұғалім болса, материалды
таңдауға, оны зерттеп - зерделеуге нұсқау беріп, көмектеседі.Сонымен бірге
көпшіліктің алдына шығу мәдениетін, өзін - өзі ұстау көркемдігін, өз
жұмысын немесе пікірін қорғауға үйретеді.
Осындай жолдармен биология пәнінің сабақтарында пәнаралық байланыс
әдістерін қолдану оқушылардың бойында қоршаған ортаның бүтіндігі туралы
тұтас ой, олардың көптүрлілігі туралы ой қалыптасады, сөздік қоры молаяды
және ой танымы дамиды, қазіргі замандағы өз орындары мен ролдерін білуі,
ойлағанына қол жеткізуі жүзеге асырылады. Биология пәні бойынша
көптеген факторлардың әсері басқа пәндермен байланыстыра оқытуда
37
танымдылықты арттырады. Бұл дегеніміз - пәннің, оны оқыту әдісі мен
оқушылардың қызметі болып табылады. Бірақ бұдан басқа, оқытудың кейбір
шарттары - сабақтағы жұмыс тәртіптерінің орындалуына да назар аударған
жөн. Бұл сабақ барысында жұмыстың нақты орын алуымен байланысты -
яғни, мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасы арқылы туындайтын
мұғалімнің өзінің әрбір оқушысының бойынан қайталанбас жеке тұлғаны
көру және қалыптастыру ниеті. Биология сабақтарындағы осындай
пәнаралық байланыс ой мен сөз еркіндігінің өзіндік орнын қалыптастырады,
бұл мұғалімнің оқушыны өз пәніне қызығушылықпен қарауына жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: |