45
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі
таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі
әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де
болады. Нәтижесінде оқушы:
•
тіл байлығы жетіледі;
•
еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін жеткізе алады;
•
оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін
шыңдайды;
•
жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
•
өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, жан-жақты ізденеді;
•
ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
•
ақыл-ойын дамытады;
•
шығармашылық белсенділігі артады;
•
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді,
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында
жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: