Негізгі аурудың асқынуы : Созылмалы өкпе-жүрек жетіспеушілігі 2-3 саты. ТАЖ 3 саты. Кахексия 2 саты. Полиоргандық
жетіспеушілік.
Қосымша диагнозы: ЖИТС (В-20 3-4 сатысы). Созылмалы ВГ С. Опиоидты наркомания. Созылмалы алкоголизм. Созылмалы
пиелонефрит. Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит.
Шағымдары: қақырықты жөтел, жалпы әлсіздік, ентігу, кеудедегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы, дене салмағының
төмендеуі.
Anamnesis morbi : Туберкулезге шалдыққанына 8 жыл болған. Екі жақты инфильтратты туберкулезі ТМБ+ диагнозымен бас
бостандықтан айыратын мекемесінің емханасында емделген. Сол емдеу мекемесінде 3 жыл бойы екі жақты өкпенің фиброзды
кавернозды туберкулезімен ем қабылдады. Өкпе туберкулезі диффузды өкпе эмфиземасы, жүрек және өкпе жетіспеушілігімен
асқынады. Бас бостандықтан айыратын мекемесінен босатылған соң 3 жыл бойы өкпе флюрографиясын жүргізбеген. Жоғарыда
аталған шағымдары 6-8 ай бойы мазалаған, дәрігерге қаралмаған.
Anamnesis vitae: Қосымша науқаста ЖИТС (В-20 3-4 сатысы) анықталады. Созылмалы ВГ С. Опиоидты наркомания. Созылмалы
алкоголизм. Созылмалы пиелонефрит. Созылмалы холецистит. Созылмалы панкреатит.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Соңғы 1,5 жылда саяжайда жалғыз өзі тұрады, тұрақты мекен жайы жоқ
адам.
Клиникалық көрінісі: Жалпы жағдайы ауыр ауырлықта. Есі анық. Терісі таза емес, бозғылт. Перифериялық лимфа түйіндері 3 топта 1-2 дәрежеге
ұлғайған, пальпацияда ауру сезімсіз. Дене температурасы 39 : C жоғарылаған (сурет 1). Өкпесінде тынысы екі жағынан қатаң
тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ-22 рет 1 мин. Жүрек тоны бәсеңдеген, ырғақты. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Пульсі минутына
88 рет. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасынан 3 см ұлғайған, көкбауыр ұлғаймаған. Кіші және үлкен дәреті қалыпты,
ауру сезімімен.
Сурет 1 - Науқастың дене температурасының парағы