104.Бетон араласпасының ұстасу жəне қатю мерзімін жылдамдататын
қоспалардың əсер ету механизмі.
Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалардың əсер ету механизмі төмендегідей:
цементтің гидратациялану процесін белсендіре отырып, гельдің жылдам қалыптасуын,
соның есебінен сұйық фазаның көп мөлшерін өзіне жинап, жылдам ұстасу мен цемент
тасы беріктігінің тез артуын қамтамасыз етеді.
Бұл қоспалар əсер ету механизміне байланысты екі топқа жіктеледі:
Бірінші топтағы қоспалардан үшкомпонентті КННХ қолданған тиімді. Бұл жағдайда
алиттің потенциалдық мүмкіндіктерін толық пайдалануға мүмкіндік беретін кальций
гидрохлоральюминаты кристалданады. Сұйық фазадан Сl- иондарын жылдам шығару,
бұл қоспаны арматура үшін қауіпсіз етеді.
Екінші топтағы электролиттер (П, СН, ХН, НН1, ТН, ТНФ) минералды
байланыстырғыштармен əрекеттесе отырып, аз еритін жəне аз диссоциацияланатын
кешенді қосылыстар түзеді. Реакциялардың сипатына қарай бұл қоспалар екі топқа
жіктеледі: қосылу реакциясына түсетін жəне алмасыу реакцияларына қатысатын.
105.
Достарыңызбен бөлісу: