Хим 125 ответ docx


Қоспа ретінде қолданылатын өндіріс қалдықтары



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

115.Қоспа ретінде қолданылатын өндіріс қалдықтары.
Өндіріс қалдықтарынан алынатын белсенді емес минералды қоспаларға, құрамында
негізінен темір, алюминий жəне кремний оксидтері болатын домна газдарынан ұстап
қалынатын калошникті шаң, құрамында темір, кремний, алюминий, кальций жəне
магний оксидтері болатын ұсақдиперсті – ұнтақталған жанған жыныс жатады (көмір
өндіру қалдықтары).
Белсенді емес – толықтырғыш – қоспалар, бұлар табиғи немесе өндіріс
қалдықтарынан алынатын, құрамында кристалды кремнезем, глинезем жəне басқа да
заттар болатын, жасырын гидравликалық белсенділігі жоқ, ұсақдиперсті заттар
Белсенді минералды қоспалар – толықтырғыштар – бұл табиғи немесе өндіріс
қалдықтарынан алынған, ұсақдиперсті немесе цементтің ұнақтылығына дейін
ұнтақталған жəне құрамында негізінен аморфты кремнезем болатын (50% дейін),
гидравликалық белсенділік пен пуццоландық əсері бар заттар.
116.Кешенді қоспалар. Кешенді қоспаларды бетон технологясында
қолдану
ерекшеліктері
Химиялық қоспаларды қолдану тəжіріибесі көптеген жағдайларда кешенді
қоспаларды қолданудың тиімді екекндігін көрсетуде. Моноқоспалар бетон мен бетон
араласпасынңың белгілі бір қасиеттерін жақсарта отырып, басқа қасиеттерін
нашарлатады, соған сəйкес қоспаны қолданудың тиімділігін төмендетеді. Кешенді
қоспалар əсер ету механизмі мен қатаятын бетон мен араласпалардың негізгі
қасиеттеріне əсер етуіне байланысты шартты түрде бес топқа жіктеледі:
- беттік белсенді заттардың араласпалары;
- ББЗ мен электролиттердің араласпалары;
- электорлиттердің араласпалары;


- суперпластификаторлар негізіндегі кещенді қоспалар;
- полифункцианальды əсер етуші көпкомпонентті қоспалар.
Бірінші топтағы қоспалар- гидрофобты жəне гидрофильді табиғаттағы заттар
қоспасынан тұрады. Гидрофильді-гидрофобты кешенді пластификациялаушы қоспалар
əр түрлі минералогиялық құрамдағы цементтер мен олардың бетондағы шығыны үшін
универсал əсер етеді. Əсер ету механизмдері əр түрлі ББЗ-ды түрлі арақатынаста бетон
араласпасына ендіру, жалпы пластификациялаушы тиімділікті арттыруы мүмкін.
Екінші
топтағы
кешенді
қоспалар-
платификациялаушы
заттар
мен
электролиттерден тұрады жəне бетонның қатаюы мен ұстасуын жылдамдатады. Бұл
бір мезгілде өндірістің технологиясына тəуелсіз цементтің шығынын азайтуға жəне
қалыптар мен бүкіл технологиялық жабдықтардың айналымын жылдамдатуға
мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бетон технологиясында СДБ-СН, СДБ+ННХК,
СДБ+ГКЖ-94+СН, ГКЖ-10+НК кешенді қоспалары көп қолданылады.
Электролиттер үшінші топтағы кешенді қоспаларды қолдану моноқоспаларды
қолдану кезіндегі кейбір кері əсерлерді болдырмай, максималды эффект алуға
мүмкіндік береді.
Төртінші
топтағы
кешенді
қоспаларды-
Бетон
технологиясында
суперпластификаторлар қоспаларды қолдану өте тиімді. Суперпластификаторларға
қосымша компонентерді ендіру: бетонның ұстасу уақыты мен қатаю жылдамдығын
реттеу, бетон араласпасы жылжымалылығын сақтау уақытын арттыру, бетон
араласпасын қабаттарға бөлінуін болдырмау, бетон араласпасының ауажинақтауын
реттеу, бетонның кеуекті құраламын реттеу арқылы қажетті аязға төзімділікті
қамтамасыз ету, бетонның тығыздығын, суөткізбеушілігін, беріктігін арттыру, бетон
бетінің сапасын жақсарту мүмкіндіктерін береді.
Бесінші топтағы кешенді қоспаларға арнайы мақсатта қолданылатын күрделі,
көпкомпонентті
кешендерді
жатқызады.
Қатты
ұнтақ
тəрізді
эмульгатор-тұрақтандырғыштарды
қолдану
арқылы,
битум
эмульсиясының
қасиеттерін жақсартуға болады. Каолин, бентонит сазы сияқты жұғудың шекті бұрышы
90o кем болмайтын жоғарыдиперсті, гидрофильді компоненттерді қосу, цементпен
араластырған кезде фазалар алмасуын болдырмайтын тура суспензияны алу
мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет