Хим 125 ответ docx


Қара майлар, құрамы, түрлері



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

119.Қара майлар, құрамы, түрлері
Қара майлар – қатты отындарды (тас көмір, қоңыр көмір, торф, сланец, ағаш) құрғақ
айдау кезінде алынатын, сұйық жəне тұтқыр консистенциядағы органикалық
байланыстырғыш зат. Гидроизоляция үшін негізінен тас көмір қара майлары кеңінен
қолданылады. Қара майлар негізінен армот көмірсутектері мен олардың күкіртті,
азотты жəне оттекті туындыларынан тұрады.
Қара майлардың топтық құрамы шикізат пен өңдеу тəсіліне байланысты əр түрлі
болады. Қара майдың топтық құрамын анықтау үшін оларды фракциялық айдайды.
Қара майдың заттық құрамы:
органикалық еріткіштерде ерімейтін қатты, көмірлік қиын балқитын заттар (бос
күйіндегі көміртек); тек пиридинде ғана еритін қатты, балқымайтын кара май
шайырлары; қара майларға эластикалық қасиет беретін жəне бензол мен хлороформда
еритін тұтқыр пластикалық балқитын қара май шайырлары. Қара май дисперсті ортасы
қара май майлары, ал дисперсті фазасы бос күйіндегі көміртек жəне шайырлар болып
келетін күрделі дисперсті жүйе. Өзінің құрылымы бойынша қара майлар суспензияға
жатады, сондықтан олардың тұтқырлығы негізінен қатты фазаның концентрациясына
тəуелді; қара майдың мицеллалары битуммен салыстырғанда ірілеу, сольватты
қабықшалары көбінген, сондықтан қара майдың тұтқырлығы механикалық жəне
жылулық
өңдеу кезінде қатты өзгереді.
120.Қара майлардың қасиеттері, құрылыста қолданылуы
Құрылыста шикі қара майлардан су жəне жеңіл майларды айыру нəтижесінде
алынатын, айдалған қара майлар кеңінен қолданылады. Айдалған қара майлардың
құрамында жеңіл, ұшқыш аромат жəне қаныққан көмірсутектер мен нафталин аз, ал
ауыр, антроценді майлар мен тұтқыр шайырлардың үлесі көп болады.
Қара майлардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылымна тəуелді.
Қара майлардың негізгі механикалық қасиеті – оның тұтқырлығы.


Қара майдың тұтқырлығы стандартты температурада вискозиметрдің тесіктері
арқылы өткен қара май мөлшерінің уақытымен сипатталады. Бұл мақсатта
дайындалған вискозиметрге, сынау температурасынан 2...3С0 жоғары температураға
қыздырылған қара майды құяды. Сынау температурасына жеткен кезде қара майдан
термометрді шығарып, вискозиметрдің шығыршықты клапанын ашады. Өлшегіш
цилиндрдегі аққан қара май деңгейі 25 мл жеткен кезде секундомерді қосып, қалған 50
мл қара майдың вискозиметрден өту уақытын анықтайды. Стандартты вискозиметр
бойынша 1с, 0,025...0,03 Па·с динамикалық тұтқырлыққа сəйкес келеді. Стандартты
вискозиметр тесіктерінің диаметрі 3, 5, 10мм сəйкес келеді, сынау температуралары 30,
50С0. Тұтқырлығына байланысты қара майлар: Д-1, Д-2, Д-3, Д-4, Д-5, Д-6 маркада
өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет