А. М. Касенова. Стандарттау


Ill тарау. Метрология негидері 211



Pdf көрінісі
бет143/184
Дата29.12.2023
өлшемі10,03 Mb.
#199846
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   184
Байланысты:
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Ill тарауМетрология негидері 211
қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орын- 
дамау.
Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:
- меншікформасына қарамастан, шаруашылықсубъектілердің 
басшылары;
- өнімді еркін шығару қүқығы бар өндірістік және 
қүрылымдық бірліктердің басшылары;
- кодексте бекітілген қүқық бүзушылықтардың орын алуы- 
на кінәлі бас инженерлер, бас қүрастырушылар, бас техно- 
логтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер 
басшылары, олардың орынбасарлары жэне басқа да 
лауазымдық түлғалар.
Тәртіп бұзушы айыппүлды үкім шығарылған күннен бастап 
15 күннен кешіктірмей төлеуі қажет.
3.4 Өлшеу объектілері және әдістері
3.4.1 Шама бірлігінің эталондары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін белгіленген шамабірлігін 
дэл қайталау жэне сақтау керек жэне халық шаруашылығының әр 
түрлі салаларында қолданылудағы өлшем бірліктеріне олардың 
өлшемін беру қажет. Бірлік өлшемі эталонный, көмегімен 
қайталанады, сақталады және беріледі.
Халықаралық жэне үлттық дәрежелігі бойынша эталондар 
халықаралық, мемлекетаралық жэне үлттық эталондар бөлінеді.
Халықаралық эталон - бүл халықаралық келісім бойынша 
үлттық эталондардың бірлігін өлшемі бойынша салыстыру 
халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон.
Эталон деп
физикалық шамалардың бірліктерін жаңғыртып, 
сақтап және тұтынушыларға беріп отыруды қамтамасыз ететін, 
белгілі тәртіппен бекітілген өлшеу қүралын айтады.
Эталондар өздерінің өлшеу дәлдігі, қолданылу қызметі 
бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Егер эталон шаманың бірлігін 
мемлекет көлемінде ең жоғарғы дәлдікпен жаңартса, онда ол 
бірінші эталон деп аталады. Шама бірлігін ерекше жағдайда 
жаңғыртатын эталонды арнайы эталон деп атайды. Бірінші жэне


212 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
арнайы эталондарды стандарттардың мемлекеттік комитеті бекітіп, 
оларға арнайы белгі соғылады. Негізгі бірліктер мемлекеттік 
эталондардың көмегімен бір орталықтан жаңғыртылады, ал 
қосымша және туынды бірліктер бір орталықта немесе жер- 
жердегі метрологиялық қызмет орындарында жаңғыртыла береді. 
Метрологиялық тәжірибеде бірінші эталондардың көшірмесі 
болып табылатын екінші эталондар кеңінен қолданылады. 
Қолданылу қызметі жағынан екінші эталон көшірме-эталон, 
салыстырма-эталон, куәгер-эталон және жүмыс эталондарды 
болып бөлінеді.
Көшірме эталон бірліктерді сақтап, оларды қажет жағдайда 
жұмыс 
эталондарына беріп 
отыру 
үшін 
пайдаланылады. 
Салыстыру 
эталоны 
өзара 
салыстырыла 
пайдаланылады. 
Салыстыру эталоны өзара салыстырыла алмайтын екі эталонды 
бір-бірімен салыстыру үшін қажет. Куәгер-эталон мемлекеттік 
эталон сынып немесе жоғалып қалғанда, оны қайтадан жасау үшін 
қолданылады. Жұмыс эталоны өндіріс орындарында (зауыттарды) 
өлшеуіш приборларды жасаганда пайдаланылады.
Екінші эталондар жасалыну қүрылымы жағынана мынадай 
эталондарға бөлінеді:
- өлшеу қүралдары кешені;
- жеке-дара эталондар;
- топ эталондар;
- эталондар жиыны.
Жеке дара эталоны бір ғана мерадан, өлшеу құралынан немесе 
өлшеу қондырғысынан тұрады. Ол басқа осы типтес қүралдардың 
көмегінсіз бірліктерді жаңғырта алады және сақтай алады. Жеке 
дара эталонына мысалға платина-иридий қоспасынан жасалған 
килограмм эталоны жатады.
Топ эталондар бір типтес мералар жиынтығынан қүралады. 
Бірнеше өлшеу қүралдарынан түратын бүл топ бэрі қосылып бір 
ғана бірлікті жаңғыртады және сақтайды. Мұндай эталондарға 
мысал ретінде 20 қалыпты элементтен түратын вольт эталоны 
жатады. Топ эталондардың көрсеткен мәліметі оның әрбір 
элементінің берген мэл іметтерінің орташа арифметикалық мәнінен 
құралады.


Физикалық шаманың бірлігін белгілі 
бір интервалда 
(диапазонда) сақтайтын немесе жаңғыртатын мералар немесе 
өлшеуіш 
приборлар 
жиынтығын 
эталондар 
деп 
атайды. 
Мемлекеттік эталондар метрологиялық институттарда сақталады. 
Мемлекеттік эталондармен тек арнайы мамандар ғана жүмыс істей 
алады. Оларды сақтаушы ғалымдар деп атайды. Екінші эталондар 
ірі мемлекеттік метрологиялық қызмет орындарында сақталады. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 мемлекеттік эталон 
бар. Олардың көпшілігі Ресейдегі эталондардың көшірмесі болып 
табылады. Олар Алматыда Метрология институтында сақтаулы.
Физикалықшамаларбірліктерініңұлттықэталондарынанбөлек 
Халықаралық эталондар делінетін өлшеу құралдары бар. Олар 
өлшемдер мен таразылардың халықаралық бюросында сақталады. 
(Францияның астанасы Париждің маңында Севр қаласында). 
Бұл бюроның бағдарламасы бойынша Халықаралық эталондар 
белгілі бір тәртіппен үлттық эталондармен салыстырылып 
түрады. Метр мен килограмның эталондары эрбір 25 жылда бір 
рет салыстырылады, электрлік жэне жарық эталондары (вольт, ом, 
канделла, люмен) эрбір үш жылда бір салыстырылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін 
мыналар қүрайды:
■ уақыт шкаласын сақтауға арналған кварц резонаторларына 
негізделген кванттық сағаттар тобы;
жиілік бірлігінің өлшемін оптикалык диапазонда беріп 
отыруға бағытталған синхрондалган лазерлер мен жоғары 
жиіліктегі генераторлардан түратын аппаратура; 
бір-бірімен ішкі жэне сыртқы өлшеу қүралдарымен 
салыстыруға арналған тасымалданатын кванттық сағаттар 
мен лазерлерден түратын аппаратура; 
косымша аппаратура (компьютерлер т.б.).
Эталонный, 
уақыт 
интервалдарының 
мәндерін 
өлшеу 
диапазоны 1 * 1 О*10—1 * 10'8 с, жиіліктер мәндерін өлшеу диапазонын 
1-1*1014 Гц.
Уақыт бірлігін жаңғыртудың орташа квадраттық ауытқуы 
үш айда 1-10',4-тен аспайды. Жүйелік қателігі 5-1014-тен аспайды. 
Эталонный жиілігініңтүрақсыздығы 1000с-тан Ютэулікке дейінгі 
аралықта 5-10~|5-тен аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет