Ill тарау. Метрология негіздері 251
құралдарының сипаттамалары», «Эталондар». Одан басқа «Заңды
метрология жөніндегі сөздік» шығады, онда әр түрлі елдердің
мемлекеттік метрологиялық қызметтерінің жұмыстары жария-
ланып тұрады. Бұл сөздікті заңдық метрологияның халықаралық
ұйымы басып отыр.
Шама бірліктері саласында негізгі құжат өлшем мен салмақ
жөніндегі XI Бас конференцияда 1960
жылы қабылданған
«Халықаралық бірліктер жүйесі СИ» болып саналады. Кейін өз
дамуын тапты.
Халықаралық бірліктер жүйесі СИ - бұл өлшем бір-
лігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын өлшем бірліктерінің
сәйкестендіру негізі. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
байланысты үлттық эталондардың
өлшем дэлдігінің дәрежесіне
қойылатын талаптарда күшейіп отыр. Халықаралық бірліктер
жүйесін, өлшем мен салмақ халықаралық бюросын жетілдіру
жөніндегі барлық материалдарды жүйелеудің маңызын ескере
отырып, «Халықаралық бірліктер жүйесінің СИ» жинағы жарық
көрді, бүл метрология жөніндегі
халықаралық нормативтік
қүжаттарға негіз болатын жинақ болып отыр. 1970 жылдан бері
алты басылым француз тілінде жарияланды.
Метрология саласында шамалар мен бірліктермен ірі
халықаралық үйымдар - ИСО жэне МЭК, ИСО/ТК-12 - айналыса-
ды. Мысалы, ИСО 1000 «СИ бірліктері жэне олардың үлестік пен
еселік және басқа бірліктерін қолдану жөніндегі ұсынымдар», ИСО
31-дің "Шамалар мен бірліктер" атты
халықаралық стандарттары
шамалар мен бірліктерді сәйкестендіру жөніндегі халықаралық
нормативтік құжаттарға негіз болуда.
Техникалық комитет МЭК/ТК 12 «Шамалар, бірліктер
және олардың белгілемелері». Жариялану 27 «электроникада
қолданылатын әріптік белгілемелер» әзірледі. Ол алыс байланыс-
қа жэне электроникаға, логарифмдік бірліктер мен шамаларға, ай-
налма машиналарға пайдаланылады.
Бүл халықаралық нормативтік
құжат электротехника мен
электроникадағы белгіленген бірлік пен шаманы сәйкестендіру
үшін негіз болатын құжат болып отыр.
252 Стапдарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларына қойы-
латын талаптары бар халықарйлық құжаттарға мыналар жатады:
МБМҚ әзірлеген эталондар ерекшелігі;
халықаралық температура шкаласы туралы ережелер, 1990
ж. (МТШ-90);
өлшем құралдарына қойылатын техникалық талаптарға
жэне оларды салыстырып
тексеру әдістеріне МОЗМ
халықаралық ұсынымдар жэне ИСО мен МЭК халықаралық
стандарттары.
Достарыңызбен бөлісу: