248 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
дамып келе жатқан елдерге метрологиялық қызмет жүйесін
құруға ғылыми-техникалық қолдау көрсету және жабдықтау;
метрология саласының қызметкерлерін дайындау принцип-
терін белгілеу.
1972 жылғы ЗМХ¥-ның халықаралық 4-конференциясында
оның негізгі мақсаттары толықтырылған: шикізаттың, жартылай
өңделген өнімдердің жэне өнеркәсіп өнімдерінің әрбір елде өтетін
техникалық сипаттамаларын өлшеу нэтижелеріне өзара сенімділ ік-
ті арттыру; заңдық метрологияның жалпы принциптерін белгілеу;
өлшеу құралдары сай келетін талаптар
мен сипаттамаларды басқа
елдерге ұсыну үшін анықтау.
Келесі конференцияда бүл мақсаттар сертификаттау мен
стандарттаудың дамуына сай толықтырылып отырады. Мысалы,
ЗМХҮ-ның 1988 жылғы 8-конференциясында өлшем құралдарын
әзірлеушілерді салыстырып, тексеру әдістеріне зерттеу жүргізу
мэселесі көтерілді.
ЗМХ¥-ның
жоғарғы
басқарушы
органы
-
Заңды
метрологияның халықаралық конференциясы, ол
төрт жылда бір
рет шақырылады. ЗМХҮ-ның шешімдері орындалуға міндетті
емес, тек үсыным ретінде беріледі.
ЗМХҮ-ның атқарушы органы - Заңдық метрологияның
халықаралық комитеті, ол ЗМХҮ-ның мүше-елдерінің өкілдерінен
тұрады. Ондай өкілдер өз мемлекеттерінен шешім қабылдауға
қүқық алмайды. Комитетке кеңестік орган - президент кеңесі бар.
Оның қүрамына екі вице-президент, ЗМХҮ бюросының директо
ры жэне ЗМХ комитетінің белсенді бес мүшесі кіреді.
Шешім комитеттің сессиясында қабылданады.
Қабылданған
қарар барлық мүшелері қолдаса ғана күшіне енеді. Комитеттің
жэне конференцияның жүмыстарын ЗМХҮ бюросы үйлестіреді
(Париж қаласы). Бюро ақпараттық материалдар шыгарады,
қүжаттамалардың қорын жүргізеді, метрология саласындағы
жетістіктерді таратады. Мүше-елдерге түрақты түрде ақпараттық
материалдар жіберіп отырады, квартал сайын «ЗМХҮ бюллетені»
шығарады. Техникалық комитеттер (ТК) және төменгі комитеттер
жүмыс органдары болып есептеледі.