108 Стандпрттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
14)
негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе
техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ереже-
лері бар стандарт;
15) өнім - процестің немесе қызметтің нэтижесі;
16)
өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір
өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша
біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;
17)
өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі -
қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның
зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып,
адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты
жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;
18) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану,
сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
19)
өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым
қабылдаған жэне тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын
стандарт;
20) өтінім беруші -сэйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін
қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ
аккредиттеуге жэне аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім
берген заңды түлғалар;
Достарыңызбен бөлісу: