Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет33/35
Дата30.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#199882
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
философия по вопросам

Тарих философиясы 
1. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. 
2. Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы.
3. Тарих философиясының пәні.
4. Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы. 


5. Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.
6. Тарихтағы прогресс және регресс. 
1. Тарих философиясы философиялық ілім тармақтарының бірі ғана емес, тарихи 
процестің мазмұны өзіндік философиялық көзқарас пен пайымдаудың тақырыбына 
айналған кездегі тарихи материалға қатысты ерекше көзқарас. Өзгермелі заман, қарқынды 
әлеуметгік құрылымдар, көшпелі мәдениеттер контекстіндегі адам пән ретіндегі тарих 
философиясының негізгі мазмұны болып табылады. Адамзат тарихына қатысты 
философиялық көзқарастардың дамуы көптеген ғасырлар бойына - Конфуций мен Лао-Цзы, 
Платон мен Аристотель кезеңдерінен бастап өріс алды. 
Философиялық ілімнің арнайы бөлімі ретіндегі тарих философиясының бастапқы 
нүктесі Гегельдің «Тарих философиясы бойынша дәрістері» болып саналады. 
Гегель XIX ғасырдың басында батыс еуропалық ойшылдары арасында бірінші болып 
философия мен тарихты біріктірді. Ол дүниежүзілік-тарихи процестің парасаттылығы 
тұжырымдамасын - тарих барысына алғаш тарихи берілген бағаны әзірледі. 
Еуропада тарих философиясына қызығушылық Француздық Ағарту дәуірінде пайда 
болды. «Тарих философиясы» термині Вольтермен енгізіліп, дүниежүзілік тарих туралы 
философиялық пікірлер жиынтығын олардың қажеттілігі мен зандылығының арнайы 
философиялық-теориялық негіздемесін қамтып келді. Деректерді білу ретіндегі сипаттау 
тарихы мен тарихи процестің теориялық қайта қүрылуы арасындағы айырмашылықтардың 
дәлелдемесін Ж.Ж. Руссо берді. Бірақ оған дейін Д.Вико «жаңа ғылыммен» зерделенетін 
«мәңгілік мінсіз тарихты» түрлі халықтардың эмпирикалық тарихынан бөліп ажыратты. 
Материалистік негізде тарих философиясын К.Маркс жетілдірді. XX ғасырда білімнің 
бұл саласына үлкен үлес қосқандардың қатарында К.Ясперсті, А.Тойнби мен У.Ростоуды 
атауға болады. 
Қазіргі тарих философиясы - бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуының сапалық 
езінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салыстырмалы дербес саласы. Тарих 
философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады: 
тарихтың мәні мен бағытталуы; 
қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері; 
тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері; 
тарихи процесс ілгерілеуінің критерийлері; 
Аталған мәселелерді қарастыруға кірісер алдында, тарих философиясында жоғарыда 
аталған мәселелердің бір де біреуі бойынша айтылған пікірлер арасында бірлік жоқ деу 
керек. Көзқарастардың түр-түрлігі соншалық, олар бір-бірін толықтырудан гөрі бір-біріне 
қарама қайшы келеді. Мәселен, кейбір философтар тарихи заңдарды мойындайды, ал 
басқалары - жоққа шығарады. Бірқатар философтар тарихта мән-мағына бар деп санаса, 
басқалары тарихта мағына жоқ және болуы мүмкін емес деп ойлайды. Тарихи процесс 
қандай қозғалтқыш күштердің арқасында жүзеге асырылады? Бұл сұраққа да түрлі 
философтар алуан түрлі жауап қайтарады. 
Бұл қайшылықтарды түсіндіру қиынға түспейді. Тарих түрлі әлеуметтік уақытта, 
түрлі мәдениеттер мен өркениеттерде, түрлі географиялық ортада, әр қоғамдағы техника 
мен өндірістік күштердің түрлі даму деңгейі барысында өтіп жатады. Сарп еткенде, түрлі 
қоғамдарда түрлі құндылықгар иерархиясы, түрлі діндер, идеологиялар жэне т.б. үстемдік 
етеді. 
Дегенмен айта кететін бір жайт бар: тарихи даму жалпы объективті сипатта болады. 
Себебі адамдардың өмірі қай жерде, қашан өтетіндігіне қарамастан, материалдық 
қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігіне негізделеді, яғни қалай болғанда да, қоғам өз 
дамуының қай сатысында болса да, материалдық өндіріске үлкен көңіл бөлуі керек. Бұл 
өндіріс алдыңғы ұрпақтардан «мұра» болып қалған өндірістік күштер дамуының белгілі бір 
деңгейінде, басқаша айтқанда, объективті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, тарихи 
процестің объективтілігі адамдардың тіршілік әрекетінің нақты материалдық негіздерінің 


болуымен, олар тұтқан мүдделермен, олармен қанағаттандырылуы тиіс қажеттіліктермен 
байланыста болады. 
Тарихтың «бағытталуына» қатысты мәселелерді ұғыну барысы қиындық 
тудырмайды: философтардың қоғам қайдан және қайда бара жатқандығы туралы сұрақты 
қарастырғандығы және әлі де қарастыратындығы түсінікті. «Тарихтың мәніне» қатысты 
мәселе біршама күрделірек, себебі тарихтың мәнін тарих мақсаты ретінде ұғынуға болады. 
Ал тарихта мақсат, яғни мағына бар ма? Осы мәселе адамдарды көптеген ғасырлар бойына 
мазалап келеді. Әлеуметтік-философиялық ойда тарихтың мақсаты мен мөніне қатысты 
мәселеге өз түсініктемелерін беріп жүрген түрлі тәсілдер де бар. 
Антикалық философияда қоғам өркениеттің дамуымен азады деп санайтын көзқарас 
кеңінен таралған болған. Ол «алтын ғасырдан» «күміс ғасырға», ал одан «темір ғасырға» 
қарай созылады. Інжілдік дәстүрде бұл көзқарас Әлемді су тасқыны басуын Құдайдың 
Берген жазасы ретінде түсіндірулерде пайда болады. Бір қызығы, қарапайым- практикалық 
санада өткен күндерді қуанышпен еске түсіретін мұндай ұстаным кеңінен таралған. 
Антикалық кезенде тарихи процестің басқа да түсініктемелері пайда болған, олардың 
негізін Гераклит қалаған. Оның бірде өшіп, бірде жаңа күшпен лапылдап жанатын мөңгілік 
от ретіндегі тарих «тамырының» соғуы туралы идеясы «айналым теориясы» деп 
аталатындардың ішінде алғашқысы болды. Айналым теориясының авторлары Аристотель, 
Д.Вико, Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П.А.Сорокин, А. Тойнби болып саналады. 
Үшінші топқа тарихты бірізді даму, қоғамның өмір сүрудің төменгі формаларынан 
неғүрлым жетілген формаларына ауысуы ретінде қарастыратын теориялар жатқызылады 
(Кондорсе, Тюрго, И.Кант, Гегель, К.Маркс). 
Көптеген философтар тарих философиясын Аврелий Августиннен бастайды. Ол 
тарихтың басталуы ретінде Христостың келу кезеңін белгілеп, әлемдік-тарихи процестің 
бірлігін көрсеткісі келген. Осылайша, адамзаттың тарихы - бұл «жаратылған» болмыс, 
оның ақыры Қияметтегі сотпен аяқталмақ. Көптеген ғасырлар бойына, оған XX ғасырды да 
қоса санауға болады, Августиннің ізбасарлары көптеп саналған. 
Адамзат тарихын Құдай жолы тарихынан, жер бетіндегіні аспандағыдан ажырагуға 
итальян ойшылы Д.Вико өрекеттеніп көрген. Ол тарихтың мәнін табиғи қажеттілікпен, яғни 
себеп пен салдардың үнемі қайталанып отыратын тәртібімен байланыстырған. Барлық 
халықтар үш дәуірден түратын ортақ жолдан өтеді: Құдай жолы, кейіпкерлік және адами 
дәуірлер, олар адамзаттың балалык шағына, жасөспірім кезі мен ересек шағына сәйкес 
келеді. Қажетті айналымнан өткен халықтар мен елдер жаңа айна- лымды бастайды - 
жоғарыда аталып кеткен дәл сол үш дәуір. Сонымен қатар, Д.Вико адамдардың нәпсін 
ауыздықтал отыратын Құдыретті күштің рөлін де жоққа шығармаған. 
XVIII ғасыр туралы біз Вольтердің арқасында «тарих философиясы» үғымының пайда 
болған уақыты ретінде айтып кеткен болатынбыз. Бұл кезеңде тарихтың мәні мен 
мақсатына қатысты Ағарту дәуіріне тән көзқарас қалыптаса бастағандығын да айта кету 
керек. Бұл жағдайда тарихтың мәні адам парасаттылығының ілгерілеуімен байланысты- 
рылып, осылайша адамзат тарихы осы ілгері леудің сатыла- рымен жүзеге асырылатын 
қозғалысқа айналды. Бұл идеяны дамытуға үлес қосқандар арасында үлы неміс 
философтары И.Г.Гердер мен И.Кангты атауға болады. 
Алғашында Гердерде пайда болған тарихилық ұстанымының іргелі негіздемесі 
Гегельге тиесілі. Гегельдің историцизмі екі негіз қалаушы ұстанымнан тұрады: 
тарихтың субстанциялығы, ондағы негіз қалаушы субстанция ретінде шексіз қуатқа 
ие ақылдың болуын мойындау; 
тарихи процестің түтастылығы мен орындылығын көрсету; дүниежүзілік тарихтың 
ақырғы мақсаты-рухтың өз еркіндігін сезінуі. 
Тарихилық ұстанымы марксистік философиямен қабылданды, дегенмен, оны ұғыну 
елеулі өзгерістерге ұшырады, ең алдымен, бұл өзгерістер тарих пен қоғамды материалистік 
ұғынуға қайта бағдарлауға қатысты орын алды. Марксизмде де «тарихилық» термині 


өзгеріске ұшырап, «тарихшылдық» атауына ие болады. Тарихшылдық уақыт аралығында 
өзгеріп дамып тұратын болмысқа қатысты көзқарасқа негізделген. 
Тарихи процесті кезеңдерге бөлуде бірегей тәсілді И.Г. Фихте ұсынған. Оның 
ойынша, «адамзаттың жер бетінде өмір сүруінің мақсаты - өзінің барлық қатынастарын 
еркін әріақылғасайжайғастыру.... Еркіндік... парасаттызаңдарға сай ғылым болуы тиіс, 
соларға қарап адамзат еркін өнер арқылы өз қатынастарын орнатуы тиіс». Сонымен, Фихте-
де дәуірлерді бөліп көрсетудің негізгі критерийі - еркіндік, оның түйсіктен алшақтану 
дережесі. Бұдан өрі неміс философы бес дәуірді бөліп көрсеткен: «1) адами қатынастар 
мәжбүрлеусіз, бір ғана парасатты түйсіктің арқасында орнатылатын дәуір; 2) әлсіреген, тек 
кейбір таңдаулыларда көрініс табатын бұл түйсік соңғы аталғандармен басқалар үшін 
мәжбүрленген сыртқы беделге айналдырылатын дәуір; 3) осы беделмен бірге осы уақытқа 
дейін көрініс тауып келген жалғыз нышандағы ақылдан бас тартылатын дәуір; 4) адамзат 
арасында ғылым түріндегі ақылдың жаппай таралу дәуірі; 5) өмірді ғылымға сай өзгерту 
мақсатында өнердің ғылымға қосылу дәуірі... Кейін адамзат басқа әлемнің жоғары 
аяларына аяқ басады». 
Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып 
келгендігін айта кету керек. Дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі деп айтуға болмайды
сірә, бұл экзистенциализм өкілдерінің қазіргі философияға қосқан үлесі болса керек. 
К.Ясперстің өзі тарих - бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы 
тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды. 
Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс 
бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)» үғымын енгізеді (б.д. 
дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие 
болады. Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас 
тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мөселен, қазіргі адам түрі қалыптаса 
бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Ғарсыда, Палестина мен 
Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп 
атайды. 
Ясперс үшін элем сол себепті уақыт аралығында берілген нақгы болмыс жоне әрбір 
тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленетіні сол себепті. Тарихи нақтылық 
та біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами 
болмыс өзін уақыт аралығында - тарих арқылы танытады. 
Дүниежүзілік тарих барысын қарастыра келе, Ясперс О.Шпенглер мен А.Тойнбиден 
ерекше, бөлек қоғамдардың арасында бар болып көрінетін айырмашылықтарға қарамастан, 
адамзаггың шығу тегі мен даму жолы бір деп санайды. Бұл қағиданы философ еш айғақсыз 
қабылдайды, себебі оны (оның антитезисін де) қатал айғақтау мүмкін емес. Бірақ ол 
тарихты марксизммен қалыптастырылған материалистік түсіндірілуімен келіспейді. Онда 
тарихтағы негізгі рөлді экономикалық факгорлар атқарады: Ясперстің пікірі бойынша, 
тарих адами нақтылық регінде рухани табиғат факторларымен анықталады; ал 
экономикалық факторлар, өздерінің қаншалықты маңызды болғанына қарамастан, 
бағынышты рөлді атқарады. Ясперстің пікіріне сүйенсек, осылайша әлемдік тарихи процесс 
айқын бірлікке ие және рухани бастау басымдылығына негізделеді. Ол мәселені көтере 
отырып, тарих философиясының ескі христиандық дәстүріне қайта оралады, бұл дәстүр 
тарихты басы мен аяғы бар, бір бағыттағы желілік процесс ретінде қарастырады, ал тарих 
кульминациясы (Гегель бойынша - «дүниежүзілік тарих ордасы») ретінде Христостың келуі 
саналады. 
Қазіргі кезде тарихи процесті ұғынудың формациялық және өркениеттік төсілдері 
неғүрлым көп таралған. Тарихты формациялар мен өркениеттер бойынша кезеңдерге болу 
мәселесі өдебиеттерде талқыланып келгеніне жүз жылдан астам уақыт өтті. Біз де 
ғалымдардың «формация» мен «өркениет» категорияларына кіргізгендерімен танысып 
өтейік. 


Қоғамдық-экономикалық формациялар теориясының авторлығы К.Маркстің 
еншісінде. «Формация» термині ге- ологиядан алынған, онда бұл терминмен белгілі 
кезеңдегі геологиялық шөгінділердің қабатталуы аталады. Формациялар туралы 
философиялық ілімнің басы 1845-1846 жылдары аралығында Ф.Энгельспен бірлесе 
жазылған, иарксизмнің қалыптасу кезеңіне жататын аса елеулі шығарма болып та- былатын 
«Неміс идеологиясында» бастау алады. «Неміс идеологиясының» авторлары өндірістік 
күштер - өндірістік қатынастар - саяси қүрылым - қоғамдық сана формаларын қамтитын 
қоғамдық қүрылымды беліп көрсетеді. Сондай- ақ, бұл жүмыста тарихи процестің 
кезеқделуі де беріледі. Адамдар қоғамының тарихи дамуаның негізгі кезеңдері - бұл жеке 
меншіктің кезекпен бірін-бірі ауыстырып түратын басым формалары: 1) тайгалық, 2) 
антикалық, 3) феодалдық, 4) буржуазиялық, 5) жашыға ортақ меншіктің болашақ 
коммунистік формасы. 
Осы жердің өзінде-ақ қоғамдық тарихтың болашақ формациялық кезеңденуінің 
негіздері көріне бастайды, ал толық түрінде әлеуметтік-экономикалық формациялар туралы 
ілім XIX ғасырдың 50-жылдарының аяғына карай қалыптастьфылып, «Саяси экономияға 
сын» жұмысында берілді. Толық «қоғамдық экономикалық формация» термині мен осы 
ұғымның анықтамасы бірге алғаш рет К.Маркстің «Саяси экономияға сын» (1859 жыл) 
жұмысына жазылған алғы сөзінде кездеседі. 
К.Маркс теориясы қоғам құрылымын жүйе және оның кезеңдері ретінде көруге көмек 
берді, бұлар, бір жағынан, кез келген халық үшін міндетті болса, екінші жағынан - әрбір 
қоғамның құрылымы орбір нақты кезеңде үқсас болады. 
Бүгінде философтардың көпшілігі қоғамдық-эконо- микалық формациялар теориясы 
- қазіргі жағдайда көптеген реалияларды түсіндіре алмайтын, сондықтан эвристикалық 
функцияларды орындамайтын батыс еуропалық феномен екендігін мойындап отыр. 
Формация теориясының негізіне салынған аталмыш негізгі теориялық тармақтардың 
ешбіреуі бүгінде талассыз бола алмайды. Қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы 
XIX ғ. ортасындағы теориялық тұжырымдарға негізделіп қана қоймайды, осының 
салдарынан көптеген қалыптасып отырған қайшылықтарды түсіндіре алмайды: 
прогрессивті (ілгері) даму аймақтарымен қатар артта қалушылық, стагнация және 
тығырыққа тірелу аймақтарының болуын; мемлекеттің қандай да бір түрде қоғамдық 
өндірістік қатынастардың маңызды факторына айналуын; кластардың түр сипатының 
өзгеруі мен жетілдірілуін; жалпы адами құндылықтарды кластық құндылықтардан басым 
санайтын жаңа құндылықтар иерархиясының пайда болуын. XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында 
тарих барысын ұғынуға қатысты жаңа өркениеттік тәсіл пайда болады. Ол О.Шпенглер, 
кейінірек А.Тойнбқдің және т.б. еңбектерінде қалыптастырылады. 
2. К.Ясперс философиясы философия тарихында тарих философиясына ерекше мән 
беріп және батыс философияға еліктемеген орыс ойшылдарын атап кету жөн. Ресей 
патшалығының тарихының өзі көптеген қарама қайшылықтарға толы әрі оның Еуропа мен 
Шығыстың арасында орналасқандығы өзіндік тарихи философиялық сана сезімдерін 
қалыптастырған. Орыс философиясының негізгі мәселесін Ресейдің тарихи тағдыры 
болған. Әрине, орыс ойшылдары батыс философиямен ертеден таныс болып, атақты 
еуропалық ойшылдарымен тығыз байланыста болған. Сонымен қатар олар философияда өз 
ізін қалдыруға тырысқан. Тарихи философиялық ізденістерге әлеуметтік тұрғыдан ойтүрткі 
болған Петр І патшаның реформалары болған. Оның реформаларының арқасында ресей 
дворяндары Еуропада білім алып, ағартушылардың философиялық ойларымен таныс 
болған. ХІХ ғ. басында алғашқы «Общество любомудров» атты орыс философиялық үйым 
құрастырылған. Оған тікелей В.Ф. Одоевский қатысқан. өз еңбектерінде Одоевский батыс 
философиясының біржақтылығын сынаған. Ресей сол бір жақтылығынан бас тартып 
келешекте өз рухани бастамасын жоғалтпай дамыса екен деген ой оның басты үмітіне 
айналған. 
Тарихи философиялық бағыт батыстар мен славянофилдердің еңбектерінде жалғасын 
тапқан. Славянофилдер мен батыстықтар деп ХІХ ғасырдың бірінші жартысында атақты 


ресей тарихи жайлы болған пікірталастардың арқасында пайда болған бағыттарды айтады. 
Славянофилдерге А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, ағайынды К.С. және И.С. Аксаковтар, 
Ю.В. Самарин жатады. Славянофилдердің басты ерекшеліктері олардың рационалдық 
философияның негіздерін сынауда жатыр. Мысалы, А.С. Хомяков өзінің «Записки о 
всемирной истории», «О старом иновом» еңбектерінде Гегельдің рационалдық тарих 
философиясына альтернативтік ойларын келтірген. Оның ойынша тарихтың мәдени, 
географиялық әрі этникалық орталығы болу мүмкін емес. Тарихи қозғалыстың екі 
«бастамасы» болған: ирандық және кушиттік. Барлық елдер өз мәдениеттерін ирандық 
немесе кушиттік бағытта дамытқан. Сондықтан тарихта «таза» ұлттар әрі «таза» діндер 
болуы мүмкін емес, олардың барлығы бір бірімен араласып кеткен. Хомяковтың ойларында 
Шеллинг философиясының ықпалы байқалады. Славянофилдер Ресейдің өзіндік ерекше 
тарихи жолы бар деген ойға келген болса, батыстықтар Ресейдің басты мақсаты Батыс 
Еуропаны қайтседе қуып жету қажет деп есептеген. Олардың қосылған жері Ресей 
патшалығын және ресейлік қоғамның кемшіліктерін сынауында болған. Батыстықтар мен 
славянофилдердің арасында орын алатын П.Я. Чаадаевтың (1794-1856) шығармашылығын 
ерекше атап кету қажет. П.Я. Чаадаевтың аты шулы еңбегі ”Философические письма” деп 
аталады. Чаадаев үшін мәдени-тарихи процесстің сакралдық мәні бар. Тарихи процесс шын 
мәнінде рухани процесс. Сондықтан, ресей тарихын сынаған кезде, П.Я. Чаадаев 
батысеуропалық елдердің дамығандығын католицизммен ұштастырған. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында орыс историософияда славянофилдер мен батыстықтардың жалғасы 
ретінде Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлер туралыілім пайда болған. Оның “Россия и 
Европа” (1869) деген еңбегі жалпы историософиялық ілімге көптеген әсерін тигізген. Бұл 
шығарма атақты Шпенглердің ”Закат Европы” атты кітабінде көтерілген мәселелермен 
сабақтасады. Бұл еңбекте Данилевский европацентризмді, орыс дәстүрін жалғастыра 
отырып сынаған. Ол тарихи процесті бірғалыпта қарастыруға болмайды. Адамзат 
тарихының әр түрлі ошақтары болған. Олар ұлы өзеңдердің бойында қалыптасқан: Нил, 
Тигр және Ефрат, Янцзы, т.б. Данилевский жаратылыстану яғни ботаника мен 
айналысқандығы оның географиялық детерминистік әдістемесі арқылы байқалады. 
Данилевскийдің шәкірті К.Н. Леонтьев. Орыс философиясының ең ірі ойшылы Владимир 
Соловьев. Соловьевтің көзқарасына әсер еткен алғашқы славянофилдер мен Григорий 
Сковорода ілімдері. Соловьевтың ойынша адамзаттық тарихта үш тарихи әлем бар: 
мүсылмандық шығыс, батыс өркениет және славяндық әлем. Тарихтың өзі рухани 
процесске жатады. Славяндық әлемнің тарихтағы орны ерекше. Оның атқаратын міндеті 
бір-біріне қарамақарсы келетін батыс және мүсылман әлемдерін үштастыру. Жалпы 
Соловьевтің тарихи-философиялық ойлары оның соңғы кезеңде жазылған “Три разговора” 
атты еңбегінде айтылған. Ұлы орыс ойшылдарының ізін басып тарихты ерекше ілімге 
айналдырған Лев Николаевич Гумилевті атапкету жөн көрдік. Гумилевтің негізгі 
шығармасы “Этногенез и биосфера Земли” деп аталады. Ондағы басты идеяны бір сөзбен 
айтқанда, адамзат тарихын жер бетіндегі әрі барлық ғарыштың, табиғаттың тарихынан 
бөліп қарастырудың нәтижесі аз. Гумилевтің ілімінде Чижевский, Вернадский атты 
ойшылдардың ғылымда ашып кеткен жаңалықтар мен тарихи, қоғамтану ғылымдарымен 
байланысты тапқан сияқты. Кезінде Дж. Виконы қызықтырған ұлттар тарихы Гумилевтің 
ілімінде “этногенез” теориясына айналған. Этногенез - этностардың (ұлттардың) пайда 
болуы пассионарлық жарылысқа байланысты. Пассионарлық жарылыс күн бетінен жерге 
түскен радиациялық энергияға тәуелді. Бұл заңдылықты алғашқыда “Земное эхо солнечных 
бурь” атты еңбегінде А. Чижевский жазып кеткен. Бұл заңдылық бойынша тарихи, 
әлеуметттік төнкерістер күн бетіндегі процестерге тікелей қатысы бар. Гумилевтің іліміде 
қызықтыратын оның тарихты ерекше бейнелеу және түсіндіру мәнінде. 
Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.) өзінің атақты танымалдығымен өзінің бірінші 
дүниежүзілік соғыс кезінде жазылған «Еуропаның құлдырауы» еңбегінің бірінші томына 
қарыздар. Дәл осы еңбектен тарихты дискретті ұғыну дәстүрі бастау алады. Ол 
дүниежүзілік тарихты тұтас, шексіз ағымды процесс ретінде санамағанын былай қойғанда, 


оны өздігінен белгісіз процесс деп санаған. Ол көршілес әрі кезектес болып келетін түрлі 
жергілікті мәдениеттердің жиынтығы ретінде ұғынылады. Бұл модениеттер өз дамуында 
қатал, дегенмен ұғылатын заңдылықтарға бағынып, қалыптасу, даму, өркендеу және 
құлдырау кезеңдерінен өтеді, бұл тарихи циклдердің тұжырымдамасын құрайды. Сонымен 
қатар, Шпенглер әрбір мәдениетті тірі ағза ретінде қарастырады, ал мәдениеттердің 
әрқайсысы жеке «рухқа» ие. Мұндай тұжырымдама тарихтың биологиялық философиясы 
деп аталып кеткен. 
Мәдениеттің өмір сұру уақытын Шпенглер 1000 жыл деп бағалайды, себебі оны 
мәдениет биологиясының әмбебап константасы ретінде қарастырады. Дүниежүзілік тарих 
небары 8 ұлы мәдениетті біледі. Олардың барлығы жеке өркендеу дәуірінен өтті, өтуде 
немесе болашақта өтеді, және олардың барлығы да өркениет, тоқырау, сүйектену (око-
стенение) дәуірлеріне, сондай-ақ, қандай да болмасын ұлы рух туындыларын тудыру (өнер, 
ғылым, дін, философия) мүмкін болмайтын дәуірге тұрақтамай кетпейді. Өркениет 
кезеңінде мәдениет тек техника менұйымдастыруды ғана іске асыруға қабілетті болады, бұл 
оган өзінікін арттыруға мүмкіндік береді. 
Шпенглер өзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді дәл 
болатындығына, өткеннен келген тарихи материалды таңдау үшін ғана емес, еуропалық 
мәдениеттің бүгінгі жағдайын талдау үшін де, тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам 
жасау үшін де қолданылатындығына сенген. Осыған сүйене отырып, Шпенглер өзін 
қапаландыратын еуропалық мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді. 
Жаңа жөне тың жаңа дәуірдің техникалық дамуының барлық жетістіктері оған еуропалык 
мәдениеттің өркениет фазасына өткендігі туралы ой салады. Ал бұл - құлдырау фазасы, 
одан кейін ыдырау басталады, кітаптың атауы да осыдан алынған болса керек - «Еуропаның 
құлдырауы». 
А. Тойнби XX ғасыр тарихында болған ірі философтардың бірі, ол мәдениеттер мен 
өркениеттердің генезисіне, дамуы мен құлдырауына арналған он екі томдық іргелі «А 
studyofHistory» еңбегінің авторы. Ол өзіне дүниежүзілік тарихтың өркениетті тудыруға да, 
оны ыдыратуға да қабілетті ықпал етуші күштерін ұғыну міндетін қояды. Өркениеттердің 
мәңгілік еместігі XX ғасырдың басында-ақ күмән тудырған жоқ. Тойнби өз зерттеуін 
тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның түсінуіне тұрарлық) тақырыптық өрісін 
анықтау әрекеттерінен бастайды, содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана 
алмайтындығы туралы тұжырымға келеді. Англияның тарихи жолын қарастыра келе, 
Тойнби мемлекеттің ұлттык тарихының көптеген оқиғалары Англияның мыңдаған 
әлеуметтік-мәдени байланыстары бар елдердің тарихынан бөлек ұғынуға келмейтіндігін 
көрсетеді. Бұл тарихшы үшін талдаудың қарапайым бірлігі ретінде Англия мен оны 
қоршаған елдер біртүтастың құрылымдық бірліктері ретінде кіре алатындай неғұрлым 
жоғары дөрежелі жалпылық мән болуы керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби 
«өркениет» ретінде, ал нақтырақ айтқанда - «христиандық Батыс өркениеті» немесе жай 
«батыс өркениеті» деп анықтайды. 
Тойнбиге сүйенсек, өркениеттер генезисінің үш негізгі құраушылары ретінде әмбебап 
мемлекет, ғаламдық шіркеу және тайпалардың козғалысы болып табылады. Бұл 
құраушылардың болуы өркениеттің болғандығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, 
өркениеттер өздігінен пайда бола алмайды; оның дамуы, басталуы үшін, ерекше тарихи 
жағдай қажет етіледі. Осы тәрізді жағдайды Тойнби «Үндеу-және-Жауап» жағдайы түрінде 
белгілейді. Ал өркениет генезисінің барлық үш негізгі құраушысы бола тұра, Үндеу 
болмаған жағдайда, Жауап та болмайды. Бұл өркениеттің де болмайтынын білдіреді. 
Тарихи процестің барысын қарастыра келе, П.Сорокин тарихи процесті талдау шын 
мәнісінде сол қоғамның әлеуметтік өмірін талдау екендігіне баса назар аударады. Тарих - 
статистикалық деректерді бөлек жинастыру емес, бұл динамикалық процесс. Климат, 
географиялық жағдай және т. б. тұрақты физикалық жағдайлардың мәліметтері шегінде
тарихи өзгерісгердің барысына ықпал ете алатын аса маңызды, тіпті жалғыз деуге тұрарлық 


бір фактор ретінде қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарының басым қырларын анықтайтын 
мәдени жүйенің тұрақтылығы немесе, керісінше, оның құлдырауы саналады. 
Тарихтағы прогресс теориясының авторы атақта француз ойшылы Кондорсе (1743-
1794). Оның еңбектерінің бірі «Эскиз исторической картины прогресса человеческого 
разума» деп аталған. Кондорсенің пікірінше тарихи процесс төмен сатыдан бастап жоғарғы 
сатыларға көтеріліді. Бұл прогрессивтік жоғарлаудың белгісі ақыл-ойдың дамуы. Неміс 
ағартушылардың арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде 
Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және 
адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Ал жеке индивдтермен қатар олардың 
арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы «Идеи к философии 
истории человечества». Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен 
байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші 
жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы. Адмның амбиваленттігі яғни 
оның табиғатының екіжақтылығы оның қарама қайшылық табиғатын түсіндіруге жол 
ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де 
қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына «өзгеріс» — изменение атты ұғым 
еңгізілген. Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы 
айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің 
пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек 
алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін. Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи 
философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. гегельдің ілімінде логика мен тарих 
«бірігіп» кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп 
қарастырудық қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух 
болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих 
философиясының негізі жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста 
бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық бірінсаранда, ал 
германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта. 
Гегельдің атақты шәкіртінің бірі Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы 
шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған. Тарихты 
қарастырған кезде ол бес тарихи әрі экономикалық формацияларды ұсынған болатын. Яғни 
маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға 
негізделген таптық қарама қайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған 
материяның дамуы. Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат 
қойған. Маркс пен Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген. 
Тарихи процестің домиианттары туралы мәселе, сарп еткенде, адам мінез-құлығының 
архетиптерін белгілейтін детерминанттар туралы мәселеге келіп тіреледі. Сорокиннің 
ойынша, табиғаты түрлі факторлар кешенінің ықпалымен өзара әлеуметтік қатынастар 
жүйесіне аяқ басқан адамдар баршаға бірдей нормалар мен құндылықтарға негізделген 
қоғаммен қабылдана алатын мінез-қүлық стереотиптерін қалыптастыруға қабілетті болған 
кезде ғана, қоғам бола ала- ды. Бейнебір әлеуметтік «өзімшілдікті» конституциялайтын 
қоғам қалыптасатын тәрізді - бірақ әрбір қоғамды тек оған ғана төн «мағына, норма, 
құндылық» тұрғысынан ұғынып, сипаттауға болады. Осы элементтер біржолғы мәдени сапа 
ретіндегі жүйенің негізін құрайды. 
Осылайша, «құндылық» ұғымы Питирим Сорокиннің тарих философиясының 
орталық ұғымына айналады. Міне, осы нәрселер қоғам келбетін, оның мүшелеріне тон 
мінез- құлықты, нәтижесінде, оның тағдырын да белгілейді. 
Бұл тұжырымдамалардың барлығына келесі ерекшеліктер тән: қоғам ілгерілеуінің 
европацентристік, біржелілі сызбасынан бас тарту; жергіліктілік пен алуан түрлі сапалылық 
тән келетін көптеген мөдениеттер мен өркениеттердің бар болуы туралы тұжырым; тарихи 
процестегі барлық мәдениеттердің бірдей мәні туралы пайымдау. 


Қазіргі философиялық ой бөлініп көрсетілетін кезеңдердің іріленуі жағына қарай аяқ 
басты. Мәселен, батыс оқулықтарында көбірек қолданылатын тәсіл бойынша келесілер 
бөлініп көрсетіледі: 
дәстүрлі қоғам (капиталистікке дейінгі); 
капиталистік қоғам (XVII-XVIII ғасырларда Батыс Еуропада қалыптасқан 
индустриялық қоғамның ерте, өтпелі формасын, сондай-ақ XIX ғасырдың ортасынан бастап 
индустриялық қоғамды қамтиды); 
постиндустриялық қоғам (XX ғасырдың ортасынан бастап). 
Осылайша, адамзат өркениеттің үш «толқынынан» өткендей болады. Дәстүрлі 
қоғамда ауыл шаруашылық ба- сым болса, постиндустриалықта– қызмет корсету саласы 
басым болған, соңғы аталған салада негізгі рөлді ақпарат атқарады. Қазіргі қоғамдағы 
ақпарат оның дамуына эсер ететін факторға айналып отыр. 
«Индустриялық қоғам» термині философиялық әдебиеттерде әлеуметтанудың негізін 
қалаушы - О.Конт пен Г.Спенсердің арқасында пайда болды. «Постиндустриялық қоғам» 
үғымы ғылыми айналымға қазіргі кездің американдық ғалымы Д.Беллмен енгізілді. 
Д.Беллдің пікірі бойынша, индустриялық және постиндустриялық қоғамдардың 
айырмашылығы индустриялық қоғамның «өзекті институты» жеке меншік, ал 
постиндустриялық қоғамдікі - шығармашылық білім болып табылуында. 
Міне, ғасырдың үштен бірінен астам уақыттан бері Кембридж университетінің 
(Үлыбритания) ғалымы У.Ростоудың «экономикалық даму кезеңдерінің теориясы» деп 
аталатын тұжырымдамасы кеңінен танымал болып, өзінің көптеген жақтаушыларын тапты. 
Ол қоғамның дамуында бес «кезеңді» бөліп көрсетеді: 
дәстүрлі қоғам; 
өрлеу үшін алғышарттар қалыптастыру кезеңі; 
ілгерілеу кезеңі; 
даму кезеңі; 
жоғары деңгейде жаппай тұтыну кезеңі. 
Нәтижесінде, У.Ростоу дәстүрлі және қазіргі қоғамның арасындағы айырмашылық, 
оның ойынша, қаражат салу деңгейі халықтың өсіміне қатысты төмен болу-болмауынан 
құралады деп түсіндіреді. Қоғам тарихының алдыңғы кезеңденуін басшылыққа ала отырып, 
дәстүрлі қоғам дегеніміз не екендігін түсінуге болады, бірақ У.Ростоумен көрсетілген басқа 
кезеңдер нақтылауды талап етеді. «Ауысу барысындағы қоғам» - бұл «ілгерілеу» үшін 
жағдай жасала- тын, яғни индустриялық өркениетке өтуге қажет жағдайлар жинақталатын 
кезең. Ілгерілеу кезеңі (сатысы) - бұл өндіріс әдістерінің өзгеруіне байланысты өнеркәсіптік 
революция кезеңі. Даму кезеңі - «бұл экономиканың өзі қалаған нәрселерінің бәрін болмаса 
да, бәрін дерлік өндіруге техникалық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері бар екендігін 
көрсететін кезең». 
«Экономикалық даму кезеңдерінің теориясы» дүниежүзілік тарихтың дәстүрлі, 
индустриялық және постин- дустриялық қоғамдарға бөлуге өте жақын. 
Постиндустриялық қоғам тұжырымдамасы американ әлеуметтанушысы Даниэл 
Беллдің 1973 жылы жарық көрген «Болашақ постиндустриялық қоғам» кітабында берілді. 
Ол аталған қоғамның негізгі белгілерін қалыптастырады: қызмет көрсету экономикасын 
құру, ғылыми-техникалық мамандар қабатының басымдылығы, қоғамдағы жаңалықтар мен 
саяси шешімдердің көзі ретіндегі теориялық ғылыми біліммен атқарылатын орталық рөл, 
өзін-өзі қолдап тұратын технологиялық дамудың мүмкіндігі, жаңа «зиятты» техниканың 
шығарылуы. Экономикадағы жаңа қырларды талдай келе, Белл қоғамда дамудың 
индустриялық кезеңінен постиндустриялық кезеңіне ауысу басталғандығы және 
экономикада өндірістік емес, қызмет көрсету секторының басымдылығы туралы тұжырым 
жасаған. Бұл тұжырымдамаға Элвин Тоффлердің позициясы жақын. 
Тоффлер «бірінші толқын» деп «ауыл шаруашылық өркениетті» атайды. Қытайдан 
Үндістанға дейін, Бениннен Мексикаға дейін, Грециядан Римге дейін өркениеттер 
қалыптасып, бір-бірімен қақтығысу нәтижесінде құлдырауға ұшырап жатты. Дегенмен, бұл 


айырмашылықтардың артын-да іргелі ортақ тұстар да жасырын қалады. Қайда болмасын, 
жер экономиканың, тіршіліктің, мәдениеттің, отбасылық ұйымдастыру мен саясаттың негізі 
болды. Барлық жерде қарапайым еңбек бөлінісі басым болып, бірнеше анық бөлінетін 
касталар мен кластар болды: ақсүйектер, дін басылар, сарбаздар, құлдар немесе 
крепостнойлар. Барлық жерде де билік тым өктем болды. Қай жерде де адамның шыққан 
тегі оның өмірдегі орнын белгілейтін. Барлық жерде экономика орталықсыздандырылған 
болғандықтан, әрбір қауым мұқтаждық сезінген нәрселердің басым бөлігін өзі жасап 
шығарумен айналысты. Үш жүз жыл бұрын - жарты ғасыр әрі-бері болуы мүмкін, бүкіл 
жерді айналып шыққан соққы толқындары ежелгі қоғамдарды қиратып, мүлдем жаңа 
өркениетті қалыптастырған жарылыс болған. Мұндай жарылыс ретінде, әрине, өнеркәсіптік 
революция саналады. Оның еркіндікке шығарылып, бүкіл әлемді басып алған алапат күші 
- «екінші толқын» - өткен кезеңнің институттары- мен қатынасқа түсіп, миллиондаған 
адамдардың өмір сүру салтын өзгертті. 
XX ғасырдың ортасына қарай, «бірінші толқын» күштері қиратылып, жер бетіндё 
«индустриялық өркениет» қалыптасты. Дегенмен, оның жаппай билігі ұзаққа созылған жоқ, 
себебі оның жеңісімен бір уақытта әлемді үшінші «толқын» (постиндустриялык) басып 
алды, ол өзімен бірге жаңа институттар, қатынастар, құндылықтар ала келді. 
Тоффлер шамамен 50-жылдардың орта тұсынан бастап, өнеркәсіптік өндіріс жаңа 
сипатқа ие бола бастайды деп көрсетеді. Көптеген технология салаларында техника 
түрлерінің, тауар үлгілерінің, қызмет түрлерінің саны өсті. Еңбектің мамандандырылуы 
бұдан бетер бөлшектене бастайды. Басқарудың ұйымдастырушылық нысандары кеңейеді. 
Басылымдардың көлемі ұлғая түседі. Тоффлердің пікірі бойынша, осының барлығы 
көрсеткіштердің тым бөлшектенуіне альш келіп, информатиканың пайда болуын шарттады. 
Ол болашақ қоғамды индустриялық өркениетке дейінгі кезеңге жаңа технологиялық база 
негізінде қайта оралу ретінде суреттегісі келеді. Тарихты үздіксіз толқынды қозғалыс 
ретінде қарастыра келе, Тоффлер болашақ әлемнің ерекшеліктерін талдайды. Оның 
ойынша, оның экономикалық тірегі ретінде электроника мен ЭЕМ, ғарыштық өндіріс, 
мұхит түңғиығын пайдалану және биоиндустрия болады. Міне, аграрлық (Бірінші толқын) 
және өнеркәсіптік (Екінші толқын) революцияларды аяқтайтын Үшінші толқын осы. 
Тоффлер қоғамдық өзгерістерді техникалық ілгерілеудің тікелей рефлексі ретінде 
зерттейді. Ол қоғамдық өмірдің түрлі тұстарын талдайды, бірақ басты басымдылық ретінде 
технологиялық саладағы өзгерістерді қарастырды (бұған энергетикалық базаны, өндіріс пен 
бөліністі жатқызады). Бірақ бұл Тоффлердің қоғамның техника дамуында атқаратын рөлін 
зерттеуден көңілін басқа нәрселерге бөліп отырғандығын білдірмейді. 
Ол демократияның бұдан әрі дамуы керектігін көрсетеді. Оның пайымдауына 
сүйенсек, феодализм барысында бір ғана ресурс - жердің меншік иелері үстемдік еткендігі 
туралы айтуға болады. Ал капитализм барысында - өндірістің барлық құралдарының 
меншік иелері. Социализм барысында бюрократия тұтас құрылым ретінде бүкіл 
экономиканың ұжымдық меншік иесіне айналды. Тоффлердің ойынша, постиндустриялық 
қоғамда да бюрократия үстемдік етуін жалғастыруда. Бірақ оның билігі шектеулі. 
Біріншіден, экономиканың өзінде - жеке және ұжымдық секторлармен. Екіншіден, 
бюрократияның өзі тұтас құрылым ретінде емес, бөлек-бөлек көрініс табады. Үшіншіден, 
бюрократия топтары жеке меншікпен түрлі дәрежеде бірігіп, бітіседі.
Өркениеттік тұжырымдаманың аты шулы өкілдерінін бірі болып Мануэль Кастельс 
саналады. Оның «Information Аgе: Есоnоmу, Sосіеtу аnd Сultuге» монографиясы ақпараттық 
технологиялардың дамуымен тудырылған өркениеттік процестерді талдауға арналған. Ол 
адамзат XX ғасырда негізінен өндірістің үстемдік еткен екі тәсілі: капитализм мен этатизм 
барысында тіршілік еткендігін айтады. Кастельс бойынша, капитализм өзінің форма 
құраушы ерекшеліктерін сақтайды - жалдамалы еңбек пен капитал жинақтаудағы 
бәсекелестік. Оның ойынша, капитализмнің қазіргі түрі өз мақсатында неғұрлым 
қаталдырақ, дегенмен кейнсиандық пен қоғамның жалпы әл-ауқаттылығы идеологиясының 
әсерінен 1930-1940 жылдары калыптасқанға қарағанда, өз құралдарында анағұрлым 


иілімдірек. Оның айтуынша: «Дамудың жаңа, ақпараттық тэсілінде өндірімділік көзі білімді 
қалыптастыру, ақпаратты өңдеу және символикалық коммуникация технологиясында 
қамтылады. Әрине, білім мен ақпарат дамудың барлық тәсілдерінде ең маңызды элементтер 
болып саналады, себебі өндіру процесі әркез белгілі бір білім деңгейіне және ақпараттың 
өңделуіне негізделеді. Дегенмен, дамудың ақпараттық тәсілі үшін өндірімділіктің негізгі 
көзі ретіндегі білімге дәл сол білімнің өзінің ықпал етуі өзіндік ерекшелік болып 
табылады». 
Кастельс ақпараттық-технологиялық революцияның оның тарихи ізашарларымен 
салыстырғандағы түбегейлі ерекшелігі келесіде деп санайды: егер бұрынғы технологиялық 
революциялар шектелген аумақта ұзақ уақыт бойына қалған болса, жаңа ақпараттық 
технологиялар бүкіл ғаламшар кеңістігін лезде қамтып алады. 
М.Кастельс ақпараттық-технологиялық революцияда өнертапқыштар, кәсіпкерлер, 
қаржылық корпорациялар мен мемлекет арасындағы байланысты талдайды. Ол (АҚШ-тан 
бастап Қытай мен Үндістанға дейін мысалдар негізінде) бүкіл әлемде мемлекет 
(өнертапқыш емес) осы революцияның бастамашысы әрі негізгі ынталандырушысы, 
әлеуметтік және мәдени күштерді білдіріп ұйымдастырушы, үлкен және қорғалған 
нарықтардың 
дамуына 
септігін 
тигізетін, 
макрозерттеу 
бағдарламаларын 
қаржыландырушы фактор болып саналғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, 
орталықсыздандырылған инновациялар технологиялық белсенділік мәдениетімен және 
жедел жеке табыс үлгілерінің рөлімен ынталандырылады. 
Кастельс бойынша, Ақпараттық қоғамның басқа бір негізгі түсы оның базалық 
қүрылымының желілік логикасы болып табылады. Ол ақпараттық дәуірдің әлеуметтік 
қүрылымын желілік қоғам деп атайды. Себебі ол уақыт пен кеңістікті кесіп өтетін ғаламдық 
ағындағы виртуалдық мәдениетті қалыптастыратын өндірістің, билік пен тәжірибенің 
желілерімен құрастырылған. Оның пікірі бойынша, жаңа ақпараттық қоғам өндірістік 
қатынастарда, билік пен тәжірибе қатынастарында құрылымдық қайта қүрылу байқалған 
кезде (және байқалатын болса) пайда болады. 
Философияның жеке бағыты ретінде тарих философиясы ХХ ғасырда толығымен 
қалыптасты. Оған себеп болған ХХ ғасырдың тарихи өзгерістер мен дағдарыстар деп айтуға 
болады. ХХ ғасырдың ең маңызды ілімідердің авторлары К. Ясперс (1883-1969) пен А. 
Тойнби (1889-1975). Ясперс ұсынған тарихи концепцияның негізгі ұғымы “осевой время” 
деп аталады. Осевое время деп Ясперс тарихтың белгілі кезеңді атаған. Бұл кезең біздің 
дәуірімізден бұрын жетінші ғасырда басталып Христос дәүірінде аяқталады. Оның белгісі 
ретінде барлық рухани, діні, ғылыми, философиялық ілімдірдің пайда болуын келтіреді. 
Мәдениеттің белгілі ошақтары Көне Үнді, Қытай және Грек елдері саналады. Ясперс үшін 
тарихтың өзі тұлғалардың шығармашылық қабылетінің нәтижесі. Тарихи тұлғалар алға 
ұмтылып, соңынын көпшілікті ерте жүреді. Тарихи тұлғалардың қатарына Ясперстің 
ойынша Христосты, Будданы, Конфуцийді, Пифагорды қосуға болады. Сондықтан тарихи 
процессті Ясперс адамның рухани өмірімен теңістірген. Ұқсас пікірді А. Тойнбидің ілімінде 
көруге болады. Табиғи өзгерістерге қарағанда тарихи өзгерістердің негізінде рухани 
процестер жатыр. Жекпе-жекке шақырғандай, әлемнің өзі адамдардың алдына мақсат 
қояды. Әрбір өркениет сол мақсатты орындауға талпынады. Бұл талпынысқа ілікпеген 
халықтар тарихтың тасасында қалыпқояды. Жалпы ХХ ғасырдың тарих философиясының 
қойған негізгі мәселесі тарихтың және тіршіліктің коммуникативтік мәні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет