Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі.
Қазақ 
халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның 
тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. 
Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, 
тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып 
атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір 
белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған 
емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың 
барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген 
жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын 
бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылын-
да бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен 
асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған.
Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінде «ұят», «намыс», «ар» 
ұғымдары жиi қолданылған. Балаларды кішкентайынан ерсі қы-
лықтары үшін «Ұят-ай» деп біртіндеп тәртіпке шақырады. Балаға 
ұятты әрекеттерге бару тек оның әке-шешесін ғана емес, бүкіл туған-
туыстардың намысын келтіретінін түсіндіріп, адам баласының на-
мысы өте жоғары сезім екендігін санасына сіңіреді. «Өлімнен де 
ұят күшті» деп намысты қолдан бірмей, арын сақтауды насихаттап 


64
отырған. Бұл, әсіресе, қыз балалары үшін өте маңызды. Өйткені
қызға сын көз көп. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның 
садағасы» деген сөздер осыны дәлелдейді.
Ойнап жүрген балаға көңіл аударған үлкен кісі алдымен «Кімнің 
баласысың?» деп сұраған. Бұл сұрауда үлкен мән бар, балаға ой 
салған. Бала дұрыс мінез көрсетсе, өнегелі болса, оның әкесі жақсы 
кісі, дұрыс тәрбие берген, егер баланың мінез-құлқы ұнамаса, 
оның әкесі де солай, дұрыс тәрбиелей алмаған, бетіне қоя берген 
деп тұжырымдаған. Жақсы баланы бүкіл ауыл боп мақтаған, тен-
тек, нашар мінезді баланы ауыл боп сынға алған, бірте-бірте жөнге 
салған. «Есті бала», «Тәртіпті бала», «Жаңғалақ бала», «Тәртіпсіз 
бала» немесе «Құйма құлақ бала» немесе «Ақпа құлақ» деп айту 
да соның белгісі. Бұл да өте ерте заманнан бері, мыңдаған жылдар 
бойы қалыптасқан әдет-ғұрып. Балаларды тәрбиелеуде үлкендер 
айтып отыратын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өнегелі адамдар 
туралы немесе нашар адам деген қандай адам, ол несімен жаман, 
неліктен көпшілік ұнатпайтыны туралы әңгiмелер де балаларды 
тәрбиелеуде қолданылып отырған. Осыларды талдап айтып отыра-
тын әңгімелерді арнайы өзіне айтылмаса да, құйма құлақ бала қағып 
алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай ата-
мыз айтқандай, жақсы болып өсуіне негiз еткен. Одан соң жырлар 
мен өлеңдердегі әділеттік, ерлік, жомарттық туралы келтірілген ой-
лар, толғаулар жастарды адамгершілікке, азаматтыққа баулыған.
Қазақ халқының діни мерекелерінің де бала тәрбиесіндегі 
ықпалы ерекше болған. Бүкіл мұсылман халықтарының негізгі 
мерекесі болып табылатын «Құрбан айт», «Ораза айт» мерекелерінің 
астары мен мазмұны жастарды мейірімділік пен қайырымдылыққа, 
шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. «Ораза» кезінде кешке 
ауылдағы жас балалар жиналып, әрбір отбасын аралап жарапазан 
айтқан.
Тәрбиенің халықтығы қағидасына сай ел ішінде қалыптасқан 
көзқарас немесе пікір бойынша сол отбасы туралы насихат, мақтау 
немесе сын айтылатын болған. Мұндай мереке кезінде негізінен от-
басы мүшелерінің жақсы қасиеттері мадақталып, жырға қосылады. 
Сөйтіп, отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерін көтеріп ынталандырған. 
Тіпті, отбасындағы болып жатқан жаңалықтар мен отбасы 
мүшелерінің мінез-құлқы (сараңдығы немесе қолының ашықтығы), 
өнерлілігі, қол жеткен табыстары немесе арман-тілектері жырға 
қосылып айтылған.


65
Бір жағынан мұндай дәстүрлер халықтың мәдениетінен де 
туындаған. 
Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. 
Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс пе-
дагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір сүрген 
жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті бо-
латын жері ескерілуі керек деді.
Мәдениетке байланыстылық қағидасы К. Д. Ушинский еңбек-
терінде де кеңінен қарастырылады. Ол: «Егер біз білімді әрі жан-
жақты тәрбиелі адамды тәрбиелеп шығарғымыз келсе, оның жазуға, 
оқуға, сенуге, Отанын сүюге, оның табиғатын, тарихын, мәдениетін 
ескере отырып тәрбиелеуіміз керек», – деп көрсетті. Оның идея-
сы тәрбиенің халықтығы идеясынан көрінеді. Ол көптеген елдер 
тәжірибесін тұжырымдай отырып, әр халықтың өз ұлтына тән 
ерекшеліктері болады. Тәрбиеде сол ерекшеліктерді басшылыққа 
алу қажет деп ұсынады. 
Қалыптан ауытқуы бар балалардың мәдениет байлықтарымен 
қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері төмен болады. Сонда да бала-
лар көркемөнерпаздар үйірмелерінде ән орындап, би билеп, спорт-
пен шұғылданады.
Мәдениетпен байланыстылық қағидасын жүзеге асыру үшін 
мына төмендегідей ережелерді ескеру қажет:
– әртүрлі мәдениет түрлерінің қалыптасуы кезінде балалардың
қалыптан ауытқу түрлерiн ескеру.
– ауытқуы бар балалар дамуының шығармашылығын дамытуға 
көңiл бөлу.
Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр 
индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойын-
ша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан 
оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң
мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған 
сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары 
мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет