Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет21/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Жүйелілік принципінің
мазмұны төмендегі қағидалар арқылы 
айқындалады:
– тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қам-
тамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану; 
– тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің бар-
лық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен коор-
динациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру;
– жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық техно-
логияларды жасау.
Поляризациялау принципі
әлеуметтендіру процесінің өзін 
(оның формасы, әдіс-тәсіл, даму, өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өзін-
өзі тәрбиелеу аспектілерін, субъект-объект қарым-қатынастарын) 
диа-лектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі 
ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік 
деңгейін түсіндіруді мақсат етеді.
Тәжірибелік принципі тәжірибелік бағдарлану мен әлеуметтік 
педагогиканың өзімен шартты байланысқа ие. Тәжірибелік бағ-
дарлану тұлғаның өзі және оның әлеуметтену, қызмет ету процесі, 
өзін-өзі жүзеге асыру сипаттамасы қоғамды қалыптастырушы 
қоғамдық өмірдің практикалық салалары тұрғысынан жоғары мәнге 
ие.
Қарастырылған әдіснамалық принциптер әлеуметтік педа-
гогиканың алдында тұрған барлық міндеттерді шешуге бағытталған. 
Аталған принциптер аясында шешілетін міндеттерді төмендегідей 
үш топқа бөлуге болады:


62
– педагогикалық мақсат ретінде адам жайлы білімдерді пән 
аралық синтездеуді жүзеге асыру;
– әлеуметтік педагогикалық пікірлеу мен іс-әрекет жүргізудің 
стилін құрастыру;
– неғұрлым дамыған формаларда әлеуметтендірудің біртұтас 
процесін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 
жүйені құру немесе қалыптасқан қолданыстағы бар әлеуметтік, 
педагогикалық жүйелерді жетілдіру.
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы
Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары 
ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалым-
ның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол 
теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай 
дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде 
кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі 
нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірі-
гу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау 
негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде 
жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін 
тигізеді. 
Әлеуметтік педагогиканың бастапқы ұстанымдары және оны-
мен байланысты көзқарастар жүйесі екі фактормен айқындалады. 
Оның біріншісі – әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі мәні 
және әлеуметтік педагогикалық практиканың өзіндік ерекшеліктері. 
Әлеуметтік педагогика әрбір нақты тұлғаның өз табиғи бол-
мысынан алшақ кетпеуін қарастырады. Бұл идеяда әлеуметтік 
педагогиканың ізгіліктілік қызметі толық көрініс тапқан. Ізгілікті 
қызметті тәжірибеде жүзеге асыруда мамандарды дайындау концеп-
циясы да мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері жағынан ізгі болуы тиіс. 
Қазіргі таңда педагогикадағы ізгіліктілік идея тұлғаға бағытталған 
көзқараста көрініс тапқан. 
Ал екінші фактор – кәсіби дайындаудың мазмұнына, тиімді фор-
маларына, стратегиялары мен әдіс-тәсілдеріне тиісті философия-
лық, психологиялық-педагогикалық, акмеологиялық және т.б. қағи-
далардың жиынтығынан құралған. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік 
көмек, әлеуметтік қызмет көрсетулер әлеуметтік педагогтар тарапы-
нан әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері ретінде, олардың 
нақты іс жүзіне асырылуы (технологиялары) түрінде қарастырылады. 
Бұл әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындауды жүзеге асыруда оқу


63
процесін технологиялық тұрғыдан жобалау қажеттілігін көрсетеді. 
Кәсіби дайындықты тиімді жүзеге асыру үшін бірінші кезек-
те студенттің тұлғалық потенциалына бағдарлану қажет. Бұл 
болашақ әлеуметтік педагогтардың тұлғалық және кәсіби өзін-
өзі айқындауын белсендіру арқылы жүзеге асырылады. Осы 
жағдай концепцияны тұлғаға бағдарланған тұжырымдама ретінде 
айқындауға негіз болады. Бұл концепцияның әдіснамалық негізіне
қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, еңбек субъекті ретіндегі адам 
жайлы философиялық ілімдер, қоғам мен тұлға қатынастарының 
заңдылықтары мен механизмдері жайлы идеялар; іс-әрекеттің жал-
пы теориясы, әлеуметтік танымдық жалпы ғылыми әдістері, нақты 
тарихи көзқарас, т.б. психология саласындағы кәсібилік деңгейіне 
жету мен тұлғаны дамыту жайлы көзқарастар жатады.
Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері 
тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы 
тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың 
әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары 
жақын келеді. 
Солардың біразын қарастырып көрейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет