Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет46/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Жас отбасы.
Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы 
сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру 
кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір-бірін енді танып біліп, мінез-
құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру сал-
тынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.
Жас отбасыларының үш типі ғылымда айқындалған. 
Бірінші тип – дәстүрлі. Мұндай отбасыларындағы адамдар 
жұбайлық қарым-қатынастарында екі баладан тұратын отбасы 
құндылықтарына негізделеді. Отбасы басшысы формалды болса 
да, міндетті түрде ер адам болып табылады. Әйтсе де, отбасындағы 
лидерлік позициясы оның отбасындағы шаруашылық-тұрмыстық 
жұмыстарға қаншалықты қатысты болатындығымен айқындалады 
(қаржы, үй тұрғызу және т.б.). Отбасылық достарының шеңбері 
мұндай отбасыларында ортақ болады және шектеулі болады. Бос 
уақытын көбінде өз отбасыларында өткізеді.
Екінші тип – мұндай отбасыларындағы жұбайлар негізінен 
жеке бастарының тұлғалық дамуына көп көңіл бөледі, кіші отба-
сы құрамын қамтиды. Мұнда әлеуметтік-рөлдік тенденция басым 
байқалады. Бұл отбасылары араласатын микроортаның ерекшелігіне 
қарай ашық та, тұйық отбасы да бола алады. Отбасындағы билік от-
басы өмірінің тіршілік әрекетінің сферасына қарай демократиялық 
бағытты ұстанатын болады.
Үшінші тип – көңіл көтеруге бағытталған жас отбасы мүшелері. 
Мұндай отбасы иелерінің ері мен әйелі ортақ достарға да, жеке өз


127
достарына да ие. Олар негізінен балалы болуды жоспарламайтындар 
немесе аз бала жоспарлайтындар. Отбасындағы билік авторитарлық 
немесе демократиялық болуы мүмкін. 
Орташа жастағы жұбайлар отбасы.
Қарым-қатынастарына 
қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік 
айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Көптеген жұбайлар бұл 
жас кезеңінде тек сөз ғана емес, отбасындағы іс-әрекет пен ерлі-
зайыптылық өнегесінің тәрбиелік ықпалын қолданатын өздерінің 
жеке тәжірибелеріне сүйенеді. Олар балаларының бойында қандай 
да бір жағымды қасиетті қалыптастыруды мақсат етсе, ең адлды-
мен өздері сол қасиетке ие болуы керектігін жете түсінеді. Мұндай 
отбасыларындағы ең басты мәселе отбасы өмірінің бірқалыптылығы, 
ішпысарлық және үйреншікті тіршіліктің қалыптасуы болып табы-
лады. Мұндай отбасыларындағы өмір тыныш, өйткені отбасылық 
проблемалар өз шешімдерін тапқан, жұбайлар өздерін еркін де 
қауіпсіз сезінеді. Сондықтан да белсенділік төмен. Әйтсе де, 
өмір белсенділігін жұбайлар өздерінің алдарына жаңа да күрделі 
міндеттерді қою арқылы көтере алады. 
Ересек жұбайлар отбасы.
Мұндай отбасыларына өздері жеке 
немесе ересек балаларымен және немерелерімен тұратын жұбайлар 
отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жата-
ды. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға 
көшкенде бейімделудің қиындығы, жұмыс орнын ауыстыруға бай-
ланысты туындаған қиыншылықтар және т.б. жатады. 
Баласыз отбасылары.
Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан 
бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір 
үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де 
ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана 
баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі 
көрсетпейді екен. Олар негізінен мінез-құлқымыздың келіспеуі деп 
көрсетеді. Олай болса, отбасында баланың болмауы ерлі-зайыптылар 
арасын суытып және қарым-қатынастың қолайсыздығына алып 
келеді. 
Баласыз отбасыларындағы жұбайлардың өмір жағдайлары 
олардың тұлғалық қалыптасуын белсенді етуге және өз-өзін көрсете 
білуге жоғары мүмкіндік туғызады. 
Көп балалы отбасы.
Мұндай отбасыларына төрт баласы бар от-
басылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен 
ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен


128
болады. Мұнда едәуір қиын отбасылық проблемалар мен 
шаруашылық қамқорлықтарды өз жауапкершілігіне алатын әртүрлі 
жастағы және балалар ұжымы қалыптасады. Үлкен отбасыларында 
негізінен үлкенге құрмет көрсету басым байқалады. Сонымен қатар, 
билік те ересектер қолында болады. 
Әйтсе де, біздің бүгінгі жағдайымызда статистикалық мәліметтер 
көп балалы отбасыларының дені аз қамтылған, әлеуметтік тұрғыдан 
мұқтаждық көріп отырғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет