148
логиялық-адамгершіліктік атмосфера өзінше қалыптасады.
Күрделі құрылымдағы отбасына жаңа өзінің өмірлік талғамы
мен психологиялық мінезі тұрғысында өзгеше жаңа отбасы келіп
қосылғанда отбасы қарым-қатынасы да күрделі бола бастай-
ды. Ондағы қарым-қатынастарда бірқатар қиыншылықтар мен
түсінбеушіліктер орын алуы мүмкін. Әйтсе де, ондағы мүшелердің
әлеуметтендірушілік ықпалы біртіндеп жаңа отбасы мүшелерін
ретке келтіреді. Себебі көпшіліктің көзқарасы маңызды рөлді
атқаратындықтан және дәстүрлі қалыптасқан отбасыларындағы
қалыпты қарым-қатынас талабы екінші тарапқа тәрбиелік ықпал
етеді.
Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа
жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен
қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасы-
лар және т.б. да енеді. Отбасының қолайлығы тек қана материалдық
тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тұрмыстың әлеуметтік-
психологиялық компоненттерін де қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан
келгенде қолайлы отбасына ондағы ерлі-зайыптылар мен басқа да
мүшелерінің бір-бірін жоғары бағалауы, отбасындағы отағасының
беделін жоғары бағалаған отбасылары жатады. Отбасында кикілжің
орын алмайды, кездескен қайшы көзқарастар керіссіз оң шешімін
тауып отырады, ерлі-зайыптылар отбасында туындаған мәселелерді
өзара келісе отырып шешеді. Қолайлы отбасыларындағы мүшелер
бір-біріне үнемі көмектесетіндігін және көмекке қандай жағдайда да
дайын екендігіне сенімді болады.
Қолайлы отбасыларына психологиялық салауаттылық, отбасылық
құндылықтардың жақындығы, отбасы мүшелерінің әлеуметтік-
рөлдік бейімделуі мен отбасында әлеуметтік-қанағаттанушылық,
ұзақ отбасылық өмірге талпыныс пен микроәлеуметтік қарым-
қатынастағы бейімділік тән.
Достарыңызбен бөлісу: