Алеуметтик педагогика indd


Отбасындағы бала тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет56/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2.4 Отбасындағы бала тәрбиесі
2.4.1 Отбасы сипаттамасы және оның негізгі белгілері
2.4.2 Бүгінгі отбасындағы тәрбие дамуының негізгі тенденция-
лары
2.4.3 Отбасыларына ықпал етуші факторлар
2.4.4 Отбасының негізгі функциялары және олардың ұрпақ
тәрбиесіндегі рөлі
Салауатты отбасы – өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасын-
да ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып 
келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек сала-
уатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала 
отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі 
қаланады.
Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан, 
отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және 
педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымы-
на мынадай анықтамалар берілген. Мәселен, Р. Н. Нұрғалиевтің 
1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: «Отбасы-
әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық 
байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардьң, аға 
інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық 
жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға 
негізделген жеке тұрмысы» десе, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық 
еңбегінде: «Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген неме-
се қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы» деп анықтама берілген. 
Ғалым-педагог өзінің зерттеуінде отбасы баланың «Өмір жолын 
бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең 
әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-
құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп 
көрсетеді.
Сонымен жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, 
отбасыньң мынадай белгілерін айқындап көрсетуге болады:
1) Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және 
әртүрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым;
2) Оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық, балаларға ата-аналық 
жасау міндеттері байланыстырып тұрады;


151
3) Ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, 
екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;
4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, 
шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, 
эстетикалық) үрдістермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік 
рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен 
анықталады.
Ұлы ғұлама әл-Фараби мемлекеттi басқару үшiн, ең алды-
мен кiшi мемлекет болып табылатын отбасын басқару шеберлiгiн 
меңгеру маңызды деп ой түйiндейдi. Отбасын басқару және ондағы 
адамдардың міндеттері туралы ғұлама ғалым үйдің белгілі бір 
бөлшектерден құралатынын, оларды ері мен әйелі; қожайыны мен 
қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі деп 
көрсетіп, отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп 
көрсетеді. Бірақ ұлы ғұлама сол отбасының немесе үйдің әкімі ер 
азамат па немесе әйел баласы болады ма, оны атап көрсетпейді. 
Себебі оны басқару кімде-кім сол төрт бөлікті біріктіріп, ынтымағын 
жарастырып отырса, сол әкім болады дегенді меңзейді. Осы пайым-
даулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, 
оның құрылымы мен мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын 
болжағандай
Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және 
қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы 
қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ қоғамның мәдени 
даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне 
ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің 
әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз 
мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік-эстетикалық 
жағынан дамуына әсерін тигізу.
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан 
өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекке, 
білімге құштар болып өсуі, туған халқы мен Отанына адал, өнегелі 
азамат болып өсуі – ең жоғары тілек, ең биік мақсат болып келген. 
Оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Сондықтан адамзат 
ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш 
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол секілді балаға ата-
ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие»
категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып 


152
табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен 
қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.
Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екіжақты әсер 
етеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет