Сабақтың тақырыбы: Цитологияға кіріспе



бет1/9
Дата03.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#167284
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Цито

  • Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
  • С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Арыстанбай Аяулым Әділғазықызы
  • «Биология ғылымдары» кафедарасының ассистенті,
  • жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Сабақтың жоспары:
  • 1. Жасушалардың қазіргі кездегі зерттеу әдістері.
  • 2. Микроскоптың құрылысымен танысу.
  • 3. Әр түрлі микроскоптармен жұмыс істеу ережелері.
  • 4. Гистологиялық техника негіздері.
  • 5. Жануарлар жасушасы.
  • 6. Бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синтиций).
  • 7. Жасушааралық зат.
  • Цитология жасушалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім. Грекше сytos — жасуша, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
  • Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп, цитология бүгінгі таңда жасушаның құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.
  • Морфология ілімінен өрбіген цитология анатомия, гистология, физиология, эмбриология, генетика, биохимия т.б. ілімдерімен тығыз байланыса келіп, жасуша физиологиясы, цитохимия, цитогенетика, цитоэкология, салыстырмалы цитология сияқты өзінің төл тармақтарын туындатты.
  • XIX ғасырдың басында жүргізілген микроскопиялық зерттеулер жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің жасушадан құрылатынын дəлелдеп қана қоймады, органикалық дүниенің даму заңдылықтарын ашып берді. Я.Э. Пуркине жəне И.П. Мюллер ұйымдастырған ғылыми мектептер өмірге жасуша теориясы жөнінде көп жаңалықтарды əкелді. Жалаң физиологиямен жəне фармакологиямен айналысқан Пуркине енді өзінің ғылыми бағыт-бағдарын өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын зерттеуге қарай бұрды.
  • Жасуша теориясы ашылғанға дейін биология саласында оптикалық құралдармен жабдықтау, оны жетілдіру сияқты күрделі жұмыстар жүргізілді. Сөйтіп, өсімдіктер мен жануарларды зерттеуде алғашқы мағлұматтар алына бастады. 1665 жылы

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет