Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі. Объектив металл қорапқа орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы (фронтальды) линза, оның фокустық қашықтығы объективтің үлкейткіштігіне байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы қорабында жазылады. Микроскоптардың көру аймағында тірі микроағзаларды бақылау үшін 10× және 40× есе ұлғайтатын «құрғақ» объективтері және микроағзалардың пішіндері мен құрылысын нақты зерттеуге мүмкіндік беретін 100× есе ұлғайтатын иммерсиялық объективі болады. Сондықтан объектив күші 100× болғанда иммерсиялы май қолданады. Ол үшін объектив пен заттық шыны арасына самырсын майын тамызады. Сонда препарат пен объектив арасында бос жер болмайды, соның арқасында барлық сәуле сынбай объективке бірден бағытталады да, ұсақ нысандардың көрінуі анағұрлым жақсарады.
Микроскоппен жұмыс істеген кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
3. Әр түрлі микроскоптармен жұмыс істеу ережелері.
1. Микроскоппен отырып жұмыс істеу керек;
2. Микроскоппен жұмыс істер алдында объективтерді, окулярды, айнаны немесе электрмен жарық бергіш қондырғыларын жұмсақ сүрткішпен шаң – тозаңнан тазартып алу керек;
3. Микроскопты негізінен сол жаққа жақын, үстел шетінен 2 см етіп алдыңа қойған абзал және жұмыс істеу барысында оны орнынан қозғалтпау керек;
8. Микропрепаратты заттық үстелдің үстіне қойғанда зерттелетін нысананы объективтің астында болуын ескеру қажет. Макрометрлік бұранда арқылы заттық үстелді объектив пен препарат арасында қашықтық 4-5 мм болғанша көтеру керек;
9. Бір көзбен окулярға қарай отырып, макрометрлік бұранданы ақырын нысананың айқын бейнесі көрінгенге дейін айналдыру қажет. Бірақ окулярға қарап отырып, объективпен препаратты қатты жаншып басуға болмайды. Себебі фронталды линза жабын шыныны сындырып, препаратты жарамсыз етуі мүмкін;
10. Егер препараттағы нысана көрінбесе, онда препаратты қолмен ары-бері жылжыта отырып іздеу қажет, нысананы тапқан соң, препаратты қысқыштармен бекітіп қояды;
11. Егер бейне табылмаса, онда 6, 7, 8, 9 пункттерде көрсетілген операцияларды қайталау қажет;
12. Микроскоптың көру аймағында препаратты дұрыс орналастыру қажет, сонан соң оны алдымен кіші ұлғайтқышпен қарайды. Нысананы тапқан соң револьверді айналдыра отырып, объективті 40× ауыстырады. Ал объективті 100× ауыстырғанда иммерсиялық майды тамызады. Микрометрлік бұранда арқылы нысананың бейнесін айқындап алу қажет. Микрометрлік бұранданың сыртында екі қауіп белгісі болады, ал бұранданың өзінде нүкте бар, ол үнемі екі қауіп белгісінің арасында болуы қажет. Егер ол шектен шығып кеткен болса, қалыпты жағдайына қайта қою керек. Осы ережелерді сақтамаған жағдайда микрометрлік бұранда істен шығады;
13. Үлкен ұлғайтқышпен жұмысты аяқтаған соң револьверді айналдырып, кіші ұлғайтқышқа қояды, заттық үстелді төмен түсіріп, препаратты алып тастайды. Микроскопты таза шүберекпен сүртіп, полиэтилен қапшығын жауып, шкафқа қояды.