Эгоорталықты.
Бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ
қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары
болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болады. Ата-ана-
сы барлық уақытта оның айтқанын істеп келген, үнемі көңіл бөліп
отырғандықтан, бар ықылас пен назарды өзіне аударып үйренген
бала. «Болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді, күтуге шыдамы жоқ,
тез ашуланшақ болады. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық,
тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі бірнеше факторға байла-
нысты:
1.
Биологиялық фактор.
Анасының баласына жүкті кезінде
денсаулығы дұрыс болмағандықтан бала туғаннан жүйке ауруымен
көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылып, ықылас
қою, есте сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр баяу
қозғалады. Сонымен қатар, мұндай жағдай әйелдің жүкті кезінде бір
нәрседен жарақаттануынан, уланғыш заттардың салдарынан және
т.б. әсерлерден де болуы мүмкін. Мұндай кезде бала ұжымдық іс-
шараларға қатысқысы келмейді, сабақтың соңына дейін толық шы-
дап отыра алмайды. Жеке басының жағымды сапалары ашылмай
қалады.
2.
Үйішілік фактор.
Бұған отбасында бала тәрбиесіне ара-
ласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның
жағымсыз ықпалына түсіп, жазықсыз қылмысқа іліккендер жатады.
Баланың мұндай әректінен көп жағдайда ата-анасы бейхабар бо-
лады. Мұндай отбасыларындағы ата-аналар баласының мінез-құлық
ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқай бермейді. «Тамағын
тауып, киіндірсем болды» деген немқұрайлы қарым-қатынас салда-
рынан бір-біріне селқостық сенім пайда болғандар.
Бүгінгі отбасы тәрбиесіне тән ерекшелік отбасы мүшелері
арасындағы қарым-қатынас пен өзара мейірімділіктің жеткіліксіздігі.
Ата-аналар күні бойы үйде болмағандықтан, бала тәрбиесі назар-
дан тыс қалады. Ата-ана мейірімі ақшалай, заттай, материалдық
224
қамтамасыз етумен толықтырылуда. Мұндай отбасыларының
тәрбиелік мүмкіндігі төмен болады.
2008 жылғы көрсеткіш бойынша 7 530 кәмелетке толмаған бала
қаңғыбас атанып, үйінен кетіп қалған. Жасөспірімдер арасын-
да жүйке ауруларына шалдығып, өз-өзіне қол жұмсау фактілері де
жыл санап артып барады. Осы фактілердің барлығы да ата-ана мен
балалар арасындағы байланыс пен мейірімнің жеткіліксіздігінің
дәлелдері.
3.
Географиялық фактор.
Қоршаған географиялық ортасының
жағымды немесе жағымсыз ықпалының болуы бала әлеуметтенуінде
өз нәтижесін көрсетеді. Шет мемлекеттерге өмір сүретін басқа ұлт
өкілдері жергілікті ұлттың ұнамды да ұнамсыз да тұстарын қабылдап,
қалыптасады. Тіпті бала өмір сүретін ортаның экологиялық ықпалын
да бойына сіңіреді.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиын
балалардың әрқайсысына әртүрлі қатынас жасау, әрқайсысына ар-
нап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбиесі қиын
жеткіншектерді тәрбиелеу
–
күрделі де көпқырлы құбылыс. Оны іс
жүзіне асыруда ата-аналарға көмектесу, психологиялық жағынан
бақылау педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне
жүктеледі.
Жоғарыда қарастырылған факторлардың баланың қалыпты
мінез-құлқын сақтай алмауына алып келетіндігін ескеретін болсақ,
оның көріну сипаттарын мынадай жайттармен байланыстырып
түсіндіруге болады:
1. Оқшаулану кикілжіңді жағдайға ұшыраған адамның өздігінен
бұл жағдайдан шыға алмаған кезінде көрінеді. Ол стресстен шығу
үшін өзінің «мен»-інің өзін зақымдаған ортадан байланысын үзуге
талпыныс жасайды. Бірақ кикілжіңді жағдайдан бұлай кету адам
мен оны қоршаған орта арасында күн өткен сайын оқшаулануды,
психологиялық арақашықтықты өршіте түседі. «Қашқын»
индивидті орта «бөтен, қаңғыбас» адам ретінде қабылдайды. Соның
нәтижесінде «Қашқын» индивид жағымды эмоция жетіспеушілігін
басынан кешіреді.
2. Дербестігінен айырылу өзіндік «мен»-інен бөлектене бастаған
кезде көрінеді, яғни өзін-өзі түйсінуді жоғалтады, кез келген іс-
әрекет өзінің маңызын жоғалтады, эмоциясы сөнеді. Егер мұндай
күйзелістер ұзақ болса, психиатрдан кеңес алу керек.
3. Депрессия – бұл жағымсыз эмоциялық белгісі бар аффектілі
225
күй. Депрессия кезінде жан дағдарысы мен үмітсіздік сезімі күшті
қамығумен қатар жүреді. Депрессия кезінде уақыт өтпей, жұмысқа
деген қабілет елеулі түрде төмендейді. Бұл жағдай өзіне-өзі қол
жұмсауға алып келуі мүмкін. Депрессияның өту сипаты әртүрлі фор-
мада көрінеді.
4. Бақылаудың локусы. Адам маңызды жағдайларда басқа
адамдарға деген жауапкершілікті өз мойнына алуға бейім болады.
Ал кей жағдайда адам өзінің өмірін толығымен сыртқы күштерге
тәуелді деп санайды. Осыдан үмітсіздік пен әлсіздік пайда болады.
Мұның өте ауыр формаларында өзін кінәлі сезіну, жақын адамда-
рын жоғалтудан болған стрестік ситуация, беделді тұлғалар жағынан
болған сын суицидті іс-әрекетке әкелуі мүмкін.
5. Дене бітіміндегі кемістігінен күйзелу. Бұл күйзеліс сыртқы
түр-тұрпатымен байланысты, яғни бетке түскен секпілден бас-
тап, толықтық, аяқтың жіңішкелігі, бел және т.б. неше түрлі
дене мүшелерімен байланысты туындайды. Өзінің дене бітіміне
көңілі толмаушылық олардың өзіне деген сенімін азайтып, тіпті
бақытсыздыққа соқтыруы мүмкін.
6. Философиялық синдроммен улану. Балалардың тұрмыс
мәселелеріне деген қызығушылығы, әдетте, қалыпты құбылыс.
Бірақ балалардың кейбірінде бұл қызығушылық басқаша формада
көрініс береді: әлемді құрудың жалпы заңдылықтарын қайта жа-
сау, олардың жоспарын жасау секілді мәселелермен байланысты
туындаған көзқарастарының болуы.
7. Оқу неврозы мектепке, университетке барғысы келмеудің та-
банды түрде қарсылығынан көрінеді. Невроз – оқытушы мен сы-
ныптастардан конфликтілі қарым-қатынастан кейбір жекелеген оқу
пәндеріне немесе барлығына бірдей қатынасқысы келмеуінен туады.
Әсіресе, одан мектеп оқушылары зардап шегеді
Әлеуметтену процесінің шыңы
–
жеке тұлғаның әлеуметтік
пісіп-жетілуінің аяқталғанымен және адамның қоғамдағы орнын
анықтайтын статусқа қол жеткізуімен сипатталады. Әлеуметтену
процесінде көптеген қиындықтар мен сәтсіздіктер болуы мүмкін.
Әлеуметтенудің жетімсіздігінің көрінісіне
–
ауытқыған мінез-
құлықты жатқызады. Тұлғаның әртүрлі формадағы негативті мінез-
құлқына негіз болатын фактордың біріне отбасын жатқызамыз. Егер
бала бақытты, негізі берік отбасында өссе, ол өз-өзіне сенімді бо-
лады және айналадағыларға да сенеді. Жақсы тәрбиеленген тұлға
қоғамның талаптарын қалыпты жағдайда қабылдайды. Бала өзінің
226
болашағына белгілі бір үлгімен бағыт-бағдар алады. Ал отбасылық
өмір дұрыс ұйымдастырылмаса, онда балалар тәрбие ортасында
дұрыс бағдарын анықтауға жиі қабілетсіз болады, соның салдары-
нан әртүрлі қателіктерге бой алдырады.
Осы факторлардың барлығы отбасындағы баланың өсуіне,
тәрбиесіне әсер етеді. Бірақ мұндай көріністер жақсы құрылған от-
басында да байқалады, өйткені отбасы тұлғаның әлеуметтенуіндегі
қоғамда жалғыз ғана институт емес. Бала кезден қабылданған нор-
малар қайта қаралып немесе қоршаған ортамен байланысқа түскенде
өзгерістер болып кетуі де мүмкін. Сондықтан да халқымызда «Жа-
маннан жақсы туар, адам айтса сенгісіз, жақсыдан жаман туар, бір
қасық асқа бергісіз» деп текке айтпаған. Отбасында қаншалықты
дұрыс тәрбие беріліп жатқанымен, ортаның теріс ықпалына еріп
кететін жағдайлар да аз емес.
Отбасының моральдық-адамгершілік бейнесіне қарай ондағы
тәрбиеленіп жатқан баланың әлеуметтенуіне ықпалы да әртүрлі бо-
лады. Олар төмендегідей:
1) Тәрбиелік әсері күшті отбасылары. Оның негізгі белгісі –
отбасының жоғары құлықтылық атмосферасы;
2) Тәрбиелі-тұрақтылық – жақсы тәрбие бере алуға деген
мүмкіндігі бар отбасылары. Мұндай отбасында девиацияның орын
алуы басқа институттар арқылы, көбінесе мектептердегі баланың
жағдайымен байланысты ауытқулардың орын алуы байқалуы
мүмкін;
3) Тәрбиелі-тұрақсыздық – мұнда да толықтай жағымды мүм-
кіндіктер бар. Бірақ бұл жағдайларға ата-ананың педагогикалық по-
зициясы жөніндегі дұрыс емес көзқарастың болуы тән;
4) Тәрбиелі-әлсіз – баланы әлеуметтік қадағалауды жоғалту. Ата-
аналар балаларына дұрыс тәрбие бермегендіктен оларды қадағалай
алмауы;
5) Агрессивті-негативтілік – ылғи текетірестік атмосфера орын
алады;
6) Маргиналдылық отбасылар – ішімдік пен сексуалдылық де-
градация байқалған отбасылар;
7) Құқық бұзушылар отбасы;
227
8) Қылмыстылар отбасы.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта, отбасыларының көбісі өздерінің
әлеуметтенуші рөлдерін толықтай атқармайды. Осы тұста И. А.Се-
машко келесі түрлерді бөліп қарастырған: әлеуметтік-экономикалық
факторлар, медициналық-санитарлық факторлар, әлеуметтік-
демографиялық факторлар, криминалдық факторлар. Осы аталған
себептер мен факторлар баланың девиациялық мінез-құлық
көрсетуіне негіз болады.
Әлеуметтік-экономикалық фактор отбасылардағы әлеуметтік
теңсіздікті сипаттайды. Қоғамның бай және кедей болып бөлінуі,
көпшіліктің тұрмыс жағдайының төмендігі мен табыс көздерінің
адам сұранысын қанағаттандыруға жеткіліксіздігі, қоғамдағы
инфляцияның әсері, содан келіп әлеуметтік қиындық келіп шығады.
Моральдық-этикалық фактор бүгінгі қоғамның моральдық-
адамгершіліктің деңгейінің төмендігімен, яғни адамдық, рухани
құндылықтардың бағаланбауынан, оның орнына материалдық,
заттық
құндылықтардың
жоғары
бағаланып
отыруынан
көрінсе, екінші жағынан, девиантты мінез-құлықты адамдарға
немқұрайдылық қатынас танытуынан көрінеді. Қоғамдық орын-
дарда байқалатын тәртіп бұзушылар мен дөрекіліктерге, ерсі
қылықтарға өзгелер тарапынан ешқандай сын, ескертулердің айтыл-
мауы олардың барған сайын күшейіп кетуін қамтамасыз етеді. Әрбір
отбасында, әрбір қоғамдық орындарда адамдар өз ата-аналық және
азаматтық міндеттері ретінде балалардың бойында байқалған ерсі
қылықтарына бейтарап қарамай, оң ықпал етуге тырысып бақса, де-
виантты мінез-құлықты балалардың теріс ықпалына тосқауыл қоюға
мүмкіндік болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |