Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет90/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

3-схема.
Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң әдiс-тәсiлдерi мен 
құралдарының өзара байланысы
Әлеуметтiк педагогикалық 
қызметтiң 
құралдары 
Әлеуметтiк
педагогикалық
әдiстерi 
Әлеуметтiк
педагогикалық
қызметтің
әдiстерi 
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет барысында көзін жеткізу, 
жаттығу әдістері жиі қолданылады. Бұл әдістерді қолданудағы 
әлеуметтік педагогтың ескеретіні, балада қандай себептерге байла-
нысты онда қалыпты мінез-құлық пен іс-әрекет қалыптаспай қалды. 
Соны анықтауы қажет.
Көз жеткізу – бұл баланың ішкі адамгершілік туралы білімдері 
мен іс-әрекеттерінің дұрыс екендігiне сенімінің қалаптасуы. Сондай-
ақ, көз жеткізу – бұл баланың белгілі бір мінез құлқының қажет 
және дұрыс екендігінiң дәлелі мен түсінігі. Көз жеткізу әдісі арқылы 
әлеуметтік педагог баланың санасына, сезіміне және ерік күшіне әсер 
етеді. Көз жеткізу баланың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасын 
реттеудің формасы ретінде де қызмет атқарады. Көз жеткізудің 
тәрбиелік күші баланың қалай қабылдауы арқылы анықталады.
Бұл әдіс өз мақсатына жету үшін баланың психологиялық 
ерекшелігін, оның жеке тәжірибесі мен қызығушылығын, тәрбиелік 
деңгейін ескеруді қажет етеді. А. С. Макаренко өз кезегінде тәрбие 
процесіндегі баланың қайшылықтары туралы айтқан болатын. Онда 
бала «мен өзім білем, маған ақыл айту артық» дейтін болады де-
ген. Сондықтан әлеуметтік педагог өмірде көптеген теріс нәтижелі 
тәжірибелері жинақтаған баламен жұмыс жүргізетінін ұмытпағаны
жөн.
Әлеуметтік 
педагогикалық 
кызметтің құралдары
Әлеуметтік 
педагогикалық 
әдістері
Әлеуметтік 
педагогикалық 
қызметтің әдістері


244
Көз жеткізудің шектелген бөлігі – талап ету. Көз жеткізу әңгіме, 
сұхбат, лекция, диспут, мысалдар келтіру және т.б. әдістер арқылы 
жүзеге асырылады. Әңгіме мен лекция – әлеуметтік педагогтің 
бір адаммен жүргізілетін әдісінің монологиялық формасы. Әңгіме 
кішкентай балалармен жұмыс жүргізуде қолданылады. Ол уақыт 
жағынан шектелген, нақты, жарқын мысалдар мен фактілерге арна-
лады. Ал, лекцияда негізінен күрделі ұғымдар мен құбылыстар сөз 
болады. Сондықтан ол жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін 
жұмыста қолданылады. Сұхбат және пікір таласу - көз жеткізу 
әдісінің диалогтық формасы. Сондықтан бұл әдісті қолданған кезде 
белгілі бір тақырып таңдап алынады. 
Сұхбат – бұл көз жеткізудің сұрақ-жауап әдісі. Әлеуметтік
педагогтың шеберлігі ол қандай сұрақтарды таңдап алуы ке-
рек екендігін білуі мен қолдану тәсілін игеруімен айқындалады.
Жасөспірімдер мен жастар үшін көбінде пікір таластыру 
әдісі қолданылады. Адамгершілік дағдылары мен әдістерін 
қалыптастыруда жаттығу әдісін қолдану өте тиімді. Баладағы 
әрекеттер нәтижесінің жиынтығы оның іс-әрекетінде көрініс тауып
мінез-құлқын қалыптастырады. Әрекет, қылығы, мінезі қоғамда 
қабылданған мораль нормалары бойынша бағаланады. Мораль нор-
малары балада көз жеткізу әдісі арқылы қалыптастырылады. Олар: 
іс-әрекет, іс-әрекетпен байланысты болған жағымды қылықтары мен 
мінез-құлқы. Оны мынадай схема түрінде көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет