250
на бала тәрбиесiмен айналыспайтын отбасындағы балалар. Ондай
жағдайда бала тәрбиесi мен қамқорлығын мемлекет өз мiндетiне
алады.
Сонымен, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:
– ата-анасы қайтыс болған;
– ата-анасы бала
тәрбиелеу құқығынан айрылған;
– ата-аналық құқығы шектелген;
– түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың бала-
лары;
– қылмысына байланысты тәртiп сақтау органдары бақылауында
жүрген ата-аналардың балалары;
– балаларын емханалардан, әлеуметтiк мекемелерден алып кету-
ден бас тартып жүрген ата-аналардың балалары жатады.
Отбасы
– адамдықтың алғашқы әліппесінің негізін қалайтын
баланың алтын бесігі. Сондықтан да салауатты отбасында ғана са-
лауатты ұрпақ қалыптаспақ. Қоғамның
болашағын құрайтын жас-
тар тәрбиесінде бәсекелестікке қабілеттілікті отбасынан бастаған
маңызды. Ол үшін рухы мықты жастарды қалыптастыру, ал олардың
ынтымағы жарасқан ата-ана тәрбиесінен өнеге алған ортадан шығуы
қажеттілік.
Өкінішке орай, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық
мәлімет бойынша Қазақстан Республикасы көлемінде жетім бала
мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың саны 38
386-ға жетіп, соның ішінде 14 052-сі ертең отбасы ұйтқысы болар
қыз балалары екен. Солардың арасында 11612-сі
ата-анасының
қамқорлығынан айрылған балалар, яғни тірі жетімдер. 1999-
2010 жылдар аралығында 8675 бала шетел азаматтарына асырап
алуға берілген. Сондықтан бүгінгі отбасы тәрбиесінің мазмұны
мен технологиясын жетілдірудің
жолдарын қарастыру қоғамның
өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылуда. Мұның барлығы
бүгінгі қоғамдық жағдайдағы тәрбиенің олқылықтары мен отбасы
тәрбиесіндегі ата-аналардың немқұрайлылығының салдары деп
білу керек.
Бiздiң заманымызда ата-аналарының қамқорлығынан айырылған
балалардың саны жыл сайын өсiп отыр.
Балалардың аналардан
бөлек тұруы олардың тәрбиесiне ерекше әсер етедi. Балалардың
әлеуметтiк жетiм болуы, бiрiншiден, аналардың балаларынан саналы
түрде бас тартуынан, екiншiден, өздерi iшiмдiк пен нашақорлыққа
251
әуестенетiндiктен, балаларының болашағы үшiн
алаңдаушылық
білдіріп, саналы түрде бас тартатындықтан, үшiншiден, ата-
аналарының қайтыс болуынан болады.
Жетiм қалған балаларды қамқорлыққа алу екi жолмен жүзеге
асырылады.
1. Асырап алу;
2. Мемлекет қамқорлығына беру.
Достарыңызбен бөлісу: