Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет94/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

5-схема. 
Жетiм балаларды қамқорлыққа алу жолдары
Жетiм балаларды 
қ
ам
қ
орлы
ққ
а алу
Асырап алу
Мемлекет қамқорлығы
Асырап алған отбасы
Қамқорлыққа
алған отбасы
Асыранды отбасы
Уақытша қамқорлыққа 
алған отбасы
Қамқорлық
үйі (Приют)
Балалар үйi
Сәбилер үйi
Мектеп
-
интернат
Асырап алу 
– баланы қорғаудың арнайы шарасы. Онда ерлi-
зайыптылардың баламен туыстық байланысы заң жүзiнде тiркеледi.
Мемлекеттiк қамқорлыққа алу - арнайы мекемелерге орналасты-
ру жолымен асырап алынбаған балалардың тәрбиесi мен дамуы-
на қалыпты жағдай туғызу. Мұндай жағдайда бала балалар үйiне, 
уақытша қамқорлыққа алатын отбасыларына, мектеп-интернаттарға 
орналастырылуы мүмкiн. 


252
Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-
педагогикалық қызметтің мазмұны көп қырлы. Солардың бірізді 
жүйесіне сипаттама беріп өтейік.
Асырап алынған бала әртүрлi типтi отбасыларына түсуi мүмкiн. 
Олар қамқорлыққа алған отбасы немесе асырап алушы отбасы деп 
аталады. Бұл екеуiнiң айырмашылығы:
– қамқорлыққа алған отбасының баламен туыстық байланысы бо-
лады;
– асырап алушы отбасының баламен ешқандай туыстық байланы-
сы болмайды.
Асырап алуды сот шешiмiнiң негiзiнде қамқорлыққа алу орган-
дары анықтайды. Қамқорлыққа алған адамның мiндетiне баланы 
тәрбиелеу мен дамыту, оның құқықтарын қорғау кiредi. Баланы 
қамқорлыққа алған адам кәмелетке толмаған баланың мүлкiн сақтау 
мен оны дұрыс жұмсауды бақылауға алады, бiрақ өзi осы мүлiктi 
пайдалануға құқылы емес.
Ал, асырап алушының отбасы бала үшiн жаңа заңды түрдегі өз 
отбасы болып табылады. Бала осы отбасының тегін (фамилиясын), 
тiптi жаңа ат алуы мүмкiн. Асырап алынған баланың құқығы мен 
мiндеттерi осы отбасында тәрбиеленiп жатқан балалармен тең бо-
лады. Бала асырап алу бiрнеше этаптардан тұрады: алдымен ба-
ланы асырап алушыларды сол аймақтардан қарастырады, егер ол 
мәселе шешiлмесе, онда асырап алушыны Республика, ел көлемiнде 
қарастырады. Ол да шешiмiн таппаса, онда халықаралық деңгейде 
қарастырылады. Кейде уақытша асырап алушы отбасы да кездеседi. 
Бұл бiздiң қоғамымыздағы жаңа құбылыс. Бұл балалар өз отба-
сыларынан тез кетуге мәжбүр болғанда, мысалы, өз отбасында 
дағдарыстық жағдай болғанда, ата-аналары тарапынан жұқпалы ау-
рулар пайда болғанда және т.б. жағдайларда орындалады.
Уақытша бала асырап алушы отбасылары дамыған елдердегi ба-
лаларды қорғаудың негiзгi формасы ретiнде кеңiнен қолданылып 
келедi. Кейде бала уақытша қабылдаған отбасыларында ұзақ 
мерзiмде қалып қояды. Әртүрлi бала асырап алатын отбасылары 
мен олардың қызметтерiне қарамай олармен жұмыс жүргiзудi, яғни 
әлеуметтiк-педагогикалық қызметтi мынадай етiп бөлiп көрсетуге 
болады:
– отбасыларын iрiктеу;
– ата-аналарды анықтау;


253
– балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерi бойынша олардың 
әрекеттерiн жаттықтыру.
Әлеуметтiк педагогтың қызметi қашан да осы іске қатысы бар 
басқа да мамандар қызметiмен байланыста жүзеге асырылады. Олар 
әлеуметтiк қызметкерлер, дәрiгерлер, психологтар, дефектологтар 
және т.б.
Асырап алушы отбасыларын iрiктеуде әлеуметтiк педагог басқа 
мамандармен бiрге олардың бала асырап алудағы мотивтерiн бiлуге, 
баланы тәрбиелеп жетiлдiруге мүмкiндiктерiн, отбасындағы өмiр 
сүру жағдайы қандай екендiгiн бiлiп, анықтайды.
Бала асырап алуға өз балалары бар отбасылық жұптар да, бала-
лары жоқ отбасылық жұптар не жұбайлар, толық емес отбасылары, 
жалғыз басты адамдар құқылы. Ондағы басты себеп мынадай болуы 
мүмкін:
– бала табуға мүмкiндiгi болмағандықтан, бала асырап алуға 
ниетiнiң болуы;
– өз баласының қайтыс болуы;
– өз балаларының ересек болып кеткендiгiне байланысты балалы 
болуға деген ықыласы;
– көмекке мұқтаж балаларға деген жанашырлық;
– жалғыздық сезiм;
– дiни мотивтер, яғни сауабын алу, жетімді есіркеу және т.б.
Негiзiнен бала асырап алатын ата-аналарда бiр емес, бiрнеше 
мотивтер болуы да мүмкiн. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет 
кез келген әрекеттер секiлдi мақсатпен, әрекеттiң объектiсi 
мен субъектiсiнен, оның функцияларынан, әдiс-тәсiлдерiмен 
анықталады. Әлеуметтiк педагогтың бала асырап алған отбасыла-
рымен жүргiзетiн жұмысының негiзгi мақсаты 
– баланы отбасында 
дұрыс тәрбиелеу мен дамытуды қамтамасыз етуге көмектесу болып 
табылады. Әрекеттiң субъектiсi ретiнде әлеуметтiк педагог және 
басқа да мамандар алынады. Қызметтiң объектiсi отбасы болып та-
былады. Әлеуметтiк педагогтың бала асырап алушы отбасыларымен 
жүргiзетiн жұмысын төмендегi кестеден көруге болады.


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет