Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет97/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. – М.: Академический Про-
ект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003. –528 с.
2. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. – 366 б.
3. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаева Р. М. Педагогика: Оқу құралы. Алматы, 
2002.
4. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное посо-
бие для студ. высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. – М.:Гуманист. 
Изд.центр ВЛАДОС, 2003. – 416 с.
5. Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких 
вузов /под. ред. В. А. Сластенина – М., 2000
4.3 Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiндегi
әлеуметтiк-педагогикалық қызмет
4.3.1 Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік 
педагогикалық қызметтің қажеттілігі мен сипаты
4.3.2 Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелерінің түрлері мен 
ерекшеліктері және жұмыс мазмұны
4.3.3 Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік 
педагог қызметінің жүйесі
Егер бала асырап алынбаса немесе ешқандай отбасы-
на қамқорлыққа берiлмесе, онда оның бiлiмi мен тәрбиесiмен 
мемлекеттiк мекемелер шұғылданады. Олар балалар үйi мен мектеп-
интернаттарға орналастырылады.
Балалар үйi мен мектеп-интернаттардың айырмашылығы сонда, 
балалар үйiнде тұратын балалар сол жерге жақын аймақтағы мектеп-
те бiлiм алады. Ал мектеп-интернатта балалар өмiр сүредi әрi оқып, 
бiлiм алады.
Балалар үйi: мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн балалар үйi, 
мектеп оқушылары үшiн балалар үйi, әртүрлi жастағы балалар үшiн 
балалар үйi болып бөлiнедi.
Жетiм балалар тәрбиесiмен шұғылданатын балалар үйiнiң 
бүгiнгi жаңа формасы отбасы типтi балалар үйi болып табылады. 
Мұнда ата-аналардың рөлiн әлеуметтiк дайындықтан өткен ата-ана 
тәрбиешi атқарады. Балалар үйiнде атқаратын қызметi қарапайым 
балалар үйiндегiдей болып қала бередi.


260
Балалар үйiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
– баланың қалыпты дамуын қалыптастыратын отбасылық 
жағдайға жақын қолайлы мүмкiндiктер жасау;
– балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
– баланы әлеуметтiк қорғауды, оның дәрiгерлiк-педагогикалық 
және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
– тәрбиеленушiлердiң қызығушылығы мен құқығын қорғау;
– балалардың бiлiм беру бағдарламасын меңгеруiн, тұлғаның 
қызығушылығына сәйкес лайықты бiлiм алуын қадағалау;
– тәрбиешiлердiң жалпы мәдениетiн қалыптастыру, оларды өмiрге 
бейiмдеу;
– балалардың өзiн-өзi дамытуы мен өзiн-өзi таныту сұранысын 
қалыптастыру;
– балалардың кәсiптi таңдауға және кәсiби бiлiм беру 
бағдарламаларын меңгеруiне жағдай жасау.
Жетiм балаларды қамқорлыққа алудың мемлекеттiк жүйесiндегi 
мекемелердiң тағы бiр түрi – қамқорлық үйлері (приют) деп аталады. 
Оның негiзгi қызметi ата-аналарының қамқорлығынан айырылған
балаларды уақытша қабылдап алудан тұрады. Мұндай мекемелердiң 
мiндетi 
– қиын әлеуметтiк жағдайға тап болған балаларды уақытша 
қабылдап алып, кейiннен балаларды мемлекет тәрбиесiне тапсыру 
немесе өз отбасына қайтару. 
Ата-аналарынан айырылған балаларды қамқорлыққа алудың
мемлекеттiк мекемелерiнiң iшiндегi кеңiнен тараған түрi 
– балалар 
үйiндегi әлеуметтiк-педагогикалық қызмет болып табылады.
Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтi қарастыра отырып, оның 
қызметiнiң мақсатын, объектi мен субъектiн айқындаймыз. Қызметтiң 
мақсаты 
– баланы әлеуметтендiруді көздейді. Бұл қызметтегi негiзгi 
субъект тәрбиешiлер ұжымы: әлеуметтiк педагог, еңбек және дене 
тәрбиесi бойынша нұсқаушы болып табылады. Мұндағы әлеуметтiк 
қызметкер 
– тәлiмгер, психолог, балалар үйiнiң әкiмшiлiгi және т.б. 
болады. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметке бағытталған объект 
балалар үйiнде тәрбиеленiп жатқан балалар болып табылады. Өз 
қызметiн балалар үйiнен бастайтын әлеуметтiк педагог қандай ба-
лалар категориясымен жұмыс жүргiзетiндiгiн нақты елестете бiлуi 
керек.
Балалар үйiндегi балалар проблемасын кеңiнен зерттеген 
ғалымдар М. И. Лисина, В. С. Мухина, А. М. Прихожан, Е. О. Смир-
нова және т.б. болды.


261
Балалар үйiнде кездесетiн әртүрлi жастағы балаларға қысқаша 
сипаттама берейiк. Олар: мектепке дейінгі жастағы балалар, кіші 
мектеп жасындағы балалар, жеткіншек, жасөспірімдік жастағы ба-
лалар.
Мектеп жасына дейiнгi балалар 
үшiн ересектермен қарым-
қатынаста болып сұхбаттасу, жүздесіп көрісуге деген ынта, үлкеннің 
қамқорлығы мен мейірімін сезіну аса қажет. Әйтсе де, ересектер та-
рапынан мұндай мейірімнің жеткіліксіздігін ғалымдар зерттеулері 
көрсетуде.
Бұл жастағы балалардың қоғамдағы қарым-қатынасқа деген 
талпынушылығы, ересектерге деген ұмтылысынан болады, бала-
лар ересектер тарапынан болған қарым-қатынасты және ұсынысты 
шын ықыласымен қабылдайды.
Отбасында тәрбие алатын балаларға қарағанда балалар үйiнде 
өскен баланың ересектермен қарым-қатынас жасау дағдысы 
жағынан үлкен айырмашылығы бар. Мектеп жасындағы балаларда 
да бұл айқын көрiнедi. Отбасы бар балалар тез араласып ересек-
термен дұрыс тiл табыса алады. Ал балалар үйiнде өскен балада 
мұндай мүмкiндiктiң жоқтығы көрiнiп тұрады. Ол: балалар үйінде 
мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерсектер тарапынан болатын 
ықылас пен қатынастың аз болуы немесе жеткіліксіздігі; ересектер 
тарапынан болатын тұлғалық қатынастар да жеке-даралық сипат 
алмай топқа арналып айтылады, сонымен қатар балалар үйіндегі 
ересектермен қарым-қатынас ауысып отыратын жағдаймен байла-
нысты болса, отбасында тұрақты ата-анасының болуы да баланың 
нақтылы қарым-қатынасқа дағдылануына тиімді жағдай туғызады. 
Балалар үйінде ересектердің балалармен эмоционалдық қарым-
қатынасының деңгейі анағұрлым төмен. Осындай құбылыстардың 
барлығы дерлік баланың мектеп жасына дейінгі кезеңінен 
әлеуметтік ортада оқшауланып қалуына немесе қалыпты мінез-
құлықты көрсете алмау қаупін жоғарылатады.
Балалар үйіндегі 
кіші мектеп жасындағы балаларға
тән си-
пат балалар үйінің күнделікті тіршілігіндегі әрекет түрткісінің 
айқын байқалуында. Олар балалар үйінде өмір сүру ережелерін 
орындау, мектепте және балалар үйінде мінез-құлық талап-
тарын сақтау секілді әрекеттерді орындаумен ерекшеленеді. 
Сондықтан үйде тәрбиеленген балаларға қарағанда балалар 
үйіндегі тәрбиеленушілердің ересектермен қарым-қатынас жасау 


262
тәжірибесінің жоқтығынан көптеген жағдайда өздерін ересектер ал-
дында қолайсыз сезінеді. Олардың ересектермен қарым-қатынасқа 
мұқтаждығы кикілжіңді жағдайлардың туған кезінде айқын 
байқалады. Мысалы, тыйым салынғанда, ересектер мен балалар 
арасындағы қызығушылықтың түйіскен кезінде, құрдастары та-
рапынан айыптаулар болған жағдайда, ересектер тарапынан бала-
ны түсінбеушілік болғанда және т.б. жағдайларда айқын көрінеді. 
Мұндай жағдайда бала мінезі өзінің агрессиялық ерекшеленуімен, 
өз кінәсін мойындаудан бас тартумен көрінеді. Бала кикілжіңді 
жағдайда қорғанушылық позицияны ұстанады. 
Жасөспiрiмдiк шақта бұл себептер баланың өзiнiң «Менiнiң» 
қалыптасуында нақтылы бiр қиындықтарды туғызады. Балалар 
үйiнде тәрбиеленіп жатқан жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық, 
мiнез-құлықтық сипаттамаларына қосымша олардың денсаулығына 
сәйкес проблема қосылады. Балалар үйiнде денi сау балалар жоқтың 
қасы деп айтуға болады, олар арасында созылмалы ауруы бар ба-
лалар жиi кездеседi, тiптi мүгедектер де көп кездеседi. Балалар 
үйiндегi дәрiгерлiк психологиялық-педагогикалық проблемалармен 
бiрге көптеген әлеуметтiк проблемалар да туындайды. Олар: жеке 
құжаттар алу, материалдық тұрғын үй алу, бiтiрушiлердi жұмысқа 
орналастыру және кәсiби бiлiм беру.
Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагогтың қызметiне тоқталайық. 
Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң мақсаты - балалар үйiндегi 
тәрбиеленушiлердi әлеуметтендiру болып табылады. Ол мақсат 
әртүрлi мiндеттердi жүзеге асыру негiзiнде орындалады.


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет