239
және басқа да білім берудің ғылыми концепциялары енген нақтылы
технологияларға сүйену арқылы әлеуметтік педагогикалық қызметті
ұйымдастыруды көздейді.
2.
Жүйелілік технологиясы,
бұл, процестің логикасы,
әлеуметтік
педагогикалық процестің барлық бөліктерінің өзара байланысы,
кешенділігі секілді жүйенің барлық көрсеткіштерін игеру арқылы
көрініс табады.
3.
Үнемділік технологиясы,
яғни
бұл технологияны пайда-
лану жұмыс уақытының резервтерін жасау есебінен әлеуметтік
педагогтың қызметін оптималдандыруға мүмкіндік туғызады.
4.
Салыстырмалы түрдегі алгоритмделу технологиясы.
Негі-
зінде әлеуметтік педагогикалық технологияда қызметтің жалпы
процесін бөліп қарастыру шектелген. Негізгі нысан адам болып
табылатындықтан, әрекет процесін бірізді
бірқатар операцияларға
бөліп қарастыру мүмкін емес. Соған қарамастан, көп жағдайда
әрекетті іске асырудың әдістері мен негізгі кезеңдерінің бірізділігін
бөлу көңілге қонымды.
5.
Іс-әрекеттің коррекциялануы технологиясы,
бұл әлеуметтік
педагогикалық процесті іске асыруда үнемі тұрақты кері байланыстың
орын алу мүмкіндігінің болуымен айқындалады.
6.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның қайта жаң-
ғыртылуы
тікелей алгоритмделу дәрежесіне байланысты болады,
яғни технологияның қаншалықты дәрежеде қайта жаңғыртылуы
мүмкіндігімен,
сонымен қатар, басқа да ғылым салаларындағы
әрекеттердің әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкіндігі
арқылы сипатталады. Әлеуметтік педагогикалық технологиялардың
мақсатқа жету кепілділігін біржақты бағалауға болмайды, оны
салыстырмалы түрде бағалаймыз. Әлеуметтік педагогикалық
технологиялардың ерекшеліктері түбегейлі кепілдік бере алмайды.
Ол проблеманың шешілу қиындығына, күрделілігіне де байланыс-
ты болады. Әйтсе де, қоғамның әрбір кезеңінде бұл технологиялар
қайта жаңғыртылып қолданылады.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның
екі негізгі формасы
ғылымда ұсынылады:
Біріншіден, әлеуметтік педагогикалық қызметтің нақтылы опера-
циялары мен процедураларын қамтитын бағдарламалар түрінде;
Екіншіден, осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған қызметтің
өзі түрінде. Әлеуметтік педагогикалық технологиялар бірнеше
деңгейде көрінеді. Олар:
240
1.
Индивидуалдық немесе авторлық деңгей.
Мұнда әлеуметтік
педагогикалық қызмет әлеуметтік педагогикалық міндеттерді шешу
бойынша бірізді, нақтылы әрекеттерді өзіндік ерекшелікпен іске
асырумен байланысты айқындалады.
Әрбір әлеуметтік педагог
өзінің кәсіби қызметін орындау барысында қалыптасқан қызмет
технологиясына маманның дара ерекшелігіне, кәсібилік деңгейіне,
қызметтік тәжірибесіне және т.б. сапаларына байланысты өзіндік
үлес қосады.
2.
Топтық немесе профильдік деңгей.
Мұнда әлеуметтік педа-
гогикалық міндеттерді іске асыру нақтылы әлеуметтік институт-
тар саласында аталмыш институттар типіне тән технологияларды
таңдау арқылы атқарылады. Мұндағы әлеуметтік педагогикалық
технологиялар өзінің құрылымы, ұзақтығы және мазмұны жағынан
ерекшеленеді.
3.
Басқарушылық немесе территориялық деңгей.
Мұнда нақ-
тылы бір әлеуметтік педагогикалық
міндет нақтылы бір террито-
рия шеңберінде әлеуметтік институттар қызметі мен байланысын
қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған технологиялар әрекетінің деңгейлеріне сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: