15
қажетсіз жҧлмау, ағаштарды есепсіз кеспеу керектігін тҥсіндіреді. Жер бетіндегі жасыл ӛсімдіксіз табиғаттың дамуы, жануарлар
дҥниесінің, адам баласының ӛмір сҥруі мҥмкін емес.Жасыл ӛсімдікті аялау жайындағы халық дәстҥрлерінің мән-мағынасы осы.
Қазақ халқына тумасынан жақын –– жануарлар дҥниесі. Халық оның кейбір тҥрлерін ӛте ертеден қолға ҥйретіп, ӛнімдерін
пайдалана білген. Тӛрт тҥлік мал және оның пайдасы жайлы мақал-мәтелдер туғызған. Халық дәстҥрінде буаз малды бауыздау немесе буаз
аңдарды ату ҥлкен қылмыс болып саналған. Ҥкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шҥпек, бҥркіт сияқты қҧстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке
пайдаланған. Олардың қҧрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Мәселен, адам мен қҧстар арасындағы достық жайлы мына аңызды мысал
ретінде келтіріп кетейік. «Жоңғар жаугершілігі кезінде қазақ елін, жерін тастап, жан-жаққа бас сауғалап кӛшкені белгілі. Сонда атақты
Тӛле би жҧртта жалғыз ҥй қалып қойыпты. Ӛктем жау тепсініп келіп, бидің ордасына ойран салмақ болады. Сонда Тӛле би тҧрып:
- Ей, пенделер, шаңырағыма қарлығаш ҧя салып еді, сол ҧяда қызылшақа балапандары жатыр, әлі ӛз беттерімен ҧша алмайды. Мен
ҥйімді жықсам олардың ҧясы бҧзылады. Сондықтан обалдарына қалмайын деп кӛшпей отырмын. Адам болсаңдар соны аяңдар, онан соң
ойраныңды сала бер!» – дейді.
Бҧны есітіп таң қалған және мҧншама адамгершілікке риза болған қолбасшы, Тӛле бидің ҥйіне соқтықпаған кӛрінеді» . Адамға ең
жақын әрі халықтың ең сҥйікті қҧсы – қарлығаш. Оңың да адамға сенгендігі сонша, кӛпшілігі ҧяларын ҥйге салады. Олардың емін-еркін
кіріп шығуына ҥйдің терезелерін, есігін ашып қою, балапандарын мысық, жылан сияқты қауіптерден қҧтқарып отыру – халықтың ежелден
келе жатқан дәстҥрі.
Республикамыздың оңтҥстік облыстарында наурыз айында ҧшып келетін нәуірзек қҧсының келуін ерекше қарсы алған. Нәурізекті –
жыл басы, қӛқтем хабаршысы, жақсылықтың нышаны деп қҧрметтейді. Оларға жем шашады. Қҧстың келу қҧрметіне арнап бҥкіл ауыл
болып наурыз кӛже істейді. Бҧл мереке қҥні жҧртшылық бір-біріне жаңа жылының жемісті, молшылық, мамыршылық жыл болуына тілек
білдіріседі.
Халық басқа да ҥкі, қаршыға, қырғи, ителгі, шҥпек, бҥркіт сияқты қҧстарды қолда асырап, аңшылық кәсіпке пайдаланған. Олардың
қҧрып кетпеуіне қамқорлық жасаған. Қыс – қҧстар ҥшін қатал сын. Суық кҥн, тамақтық жемнің аз болуы – қҧстарды кӛп шығынға
ҧшыратады.Халық қанатты достарына бҧндай қиын-қыстау кезеңде ӛз жәрдемін аямаған. Тіпті халық біреуге ізгі ниет білдіргенде: ӛркенің
ӛссін, кӛсегең кӛгерсін деуі, немесе ӛз сҥйіспеншілігін білдіргенде: ботам, шынарым, бҧлбҧлым, сҧңқарым, қҧлыным деп табиғатта ӛзі
сҥйетін қҧбылысқа немесе затқа байланыстыра айтуының ӛзі халықтың табиғатқа шексіз сҥйіспеншілігінен шыққан теңеулер.
Халық ӛз жерін қорғай отырып, оны ӛз шаруашылығына тиімді пайдалана білген. Малдың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп,
белгілі тәртіппен белгілеген. Ал, жайылымды және оның шӛбін ҧқыпты пайдалана білмегендерді: «Жайлауды жайлай білмеген, малды
айдай білмейді», «Жаман қойшы жайлауын бір кҥн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың кҥн жейді» деп сынаса, «Қыс қыстауынды, жаз
жайлауында кҥт» деп ақыл айтып, жайлауды кҥтіп ҧстауға баулыған.
Табиғат қорғау – ӛз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат қорғау – Отанды қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен
келешегін қорғау, ӛзімізден кейінгі ҧрпақтардың ӛміріне қамқорлық жасау болып табылады. Табиғат қорғау ісінде ӛз халқымыздың
бойына қалыптасқан озат дәстҥрлерінен ҥлгі ала отырып игі істер істеу, дәстҥрімізді одан ары жалғастыру – біздің асыл борышымыз.
Достарыңызбен бөлісу: